7


  • Учителю
  • «Жасай бер Мәнгілік ел» атты әдеби-сазды бағдарлама

«Жасай бер Мәнгілік ел» атты әдеби-сазды бағдарлама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дер
предварительный просмотр материала



Әдеби-сазды бағдарлама

Өткізу мерзімі: 21 ақпан 2014 жыл

Өтетін орны: Жаңақала ЖОББМ-нің мәжіліс залы



Мақсаты: : Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

1 жүргізуші:

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Жасай бер Мәнгілік ел» атты әдеби-сазды бағдарламаға қош келдіңіздер!



2 жүргізуші:

Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 17 қаңтар күні бүкіл қазақстандықтарға «Қазақстан 2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» Жолдауын жариялады.Елбасымыз айтқандай : байлығымыз да , бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан -2050» -Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы ,ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық,қадірлі халқым!

1 жүргізуші:

Елімнің атын айтсам- Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!

Қойнауы қазынағы толған мекен,

Байлығымды айтсам-Қазақстан!

2 жүргізуші:

Қазақстан -бабамнан қалған мұра,

Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем болар күнә.

Сазды номер --------------------------------------------------------------------------------------------

1 жүргізуші:



Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.



  1. жүргізуші:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай акстында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің, белгісі.



Сазды номер--------------------------------------------------------------------------------------

1 жүргізуші: Өзіңдікі- елің де,

Өзіңдікі - жерің де.

Өзіңдікі- өзің еккен бақ,

Тәуелсіздік төрінде!

  1. жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.

Сазды номер--------------------------------------------------------------------------------------------



1 жүргізуші: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

1 оқушы: Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.



2 оқушы:

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.



3 оқушы: Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

4 оқушы: Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

5 оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

6 оқушы: Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!



7 оқушы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы Тәуелсіздіке қол жеткізді.


8 оқушы: Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.

9 оқушы: Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

10 оқушы: Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

11 оқушы: Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

12 оқушы: «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!

13 оқушы: Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!



1 жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Сазды номер-----------------------------------------------------------------------


1-жүргізуші: Отан дейміз -от жаққан жерімізді,

Отан дейміз- өсірген елімізді.

Отан дейміз - туған жер, атамекен-

Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз- кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

2-жүргізуші: Осыменен «Жасай бер, Мәңгілік Ел» атты әдеби- сазды бағдарламамыз аяқталды. Көңіл қойып тындағандарынызға рахмет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал