7


  • Учителю
  • Доклад 'Функционалдық сауаттылық-өмір талабы' (9 класс)

Доклад 'Функционалдық сауаттылық-өмір талабы' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Функционалдық сауаттылық - өмір талабы

Амралина Қ.А, Куанышева С.Ш


«№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ


Қарағанды қаласы



Елбасының Жолдауында еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Нақтылы бағыттар айқындалды. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы, тұрақты дамуы, еліміздегі индустрияландыру бағытының жүзеге асырылуына тікелей байланысты. Қазіргі отандық индустрияландыру инновация негізінде жүргізілуі тиіс екені баса айтылған. Ал, инновация - ғылым мен білімнің жетістігі, жеңісі болғандықтан, еліміздегі білім беру жүйесі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес болуы қажет. Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі - білім саласы.

Елбасы Жолдауында «Білім және кәсіби машық заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімі білім беру мәселесіне баса көңіл бөлінген. «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыттылығы мен басымдылықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» деген ұсыныстарды көрсеткен. Заман талабына сай Қазақстанның білім беру жүйесін «санға ғана емес, сапаға да негіздеу».

Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңі, ел ертеңін қалыптастыру - білім беруді жаңғыртудан басталады. «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті. Өскелең жас ұрпақты болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті және азаматтық парызы. «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс.

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі - педагог мәртебесін арттыру. Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде, мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде. Қазіргі заман мұғалімдері қоғамдық даму деңгейіндегі, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.

«№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ деңгейлік мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандырудың және дамытудың негізі», «Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы дарынды және талантты балалардың қабілетін анықтау» коучинг-сессиясы өткізіліп, мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауға машықтанды. Деңгейлік курстардан өтпеген мұғалімдер коучинг-сессиясынан кейін сынып оқушылырын топқа бөлу кезінде оқушылар тең бөлінбей, жақсы оқитын оқушылар бір топқа жиналып, орташа оқитындары белсенділік танытпай отыруы жұмысты ұйымдастыруда қиындықтар туғызды. Сыныпта топтық жұмысты жоспарлаған сәтте оқушылардың әр түрлі қырларынан танып, біліп отырғызу қажет екен. Шығармашылық топ: «оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы бағалаудың маңыздылығы» атты коучинг-сессиясының мақсаты:

• оқытуда оқушылардың жетістігін бағалау түрлерін енгізу;

• мұғалімдер әр сабақты жаңаша жоспарлау, білім беру мен білім алу бағалау және оқуды бағалау туралы жаңа тәсілдермен мәлімет алу;

• оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

• сынып ахуалын қалыптастырып, ынтымақтастық орнату;

• оқушылардың сабақтарда тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерін енгізу;

• мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана білу мен рефликсия жазуға дағдылану;

• тәлімгерлік жұмысын жандандыру;

• оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын қалыптастыру «Lesson-Study».

Күтілетін нәтиже:

• мұғалімдер сабақтарында оқушы жетістіктерін бағалауды үйренеді;

• оқушыларды оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы мағлұмат алады, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатылады;

• мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуда ынтымақтастығы құрылады;

• әңгіменің түрлерін енгізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілдері, ойлары артады;

• топта бірлесе жұмыс атқаруды үйренеді;

• тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы барлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

• мұғалімдер топтаса, бірлесе отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастайды.

Біз мүмкіндігімізше оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаланамыз. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалады. Әрбір сабақ соңында алынған кері байланыс келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізеді. Қазіргі таңда қазақ тілі сабақтарына жаңа форматтағы сабақ үлгілері енгізіле бастады. Бұл бағдарлама 7 модульге бөлінген: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқытуды бағалау (бағалаудың критерилері, баға қою тәжірибесі); оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; АКТ -ны қолдану; талантты және дарынды балаларды оқыту; жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; оқытуды басқару және көшбасшылық.

Нәтижесінде, оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: ынтымақтастыққа үйренді; жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді; өз ойларын еркін жеткізуге үйренді; өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді; бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді. Бұл үлгідегі сабақ жоспарының дәстүрлі жоспардан елеулі ерекшеліктері: сабаққа қойылған мақсат оқушыға бағытталады және мұғалім өзіне бағытталған бірнеше мақсат қояды, сабақтан күтілетін нәтиже жазылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында көркем шығарманы талдауда Америка психологі Бенджамин Блумның сұрақ қою өлшемдерін, сын тұрғысынaн oйлaу технoлoгиясының «Білемін, білгім келеді, үйрендім», тoптық, жұптық жұмыстaры қолданылады. Мұндaй тәсілмен өткізілген сaбaқтaр oқушы қызығушылығын oятып белсенділіктерін aрттырады. Алдағы уақытта да мектебімізде дамытушылық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Қорыта келе, орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби дамуының, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру.

Ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайды жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:


Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. - Алматы, 2007 жыл

Қазбекова Н.Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану. - №1-ші 12 жылдық білім журналы, 2006 жыл

Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. - Алматы, 2007 жыл

№12-ші «Қазақстан мектебі» журналы, 2010 жыл

Айдосова З. «Дамыта оқыту технологиясының мәселелері», 2004 жыл

orley-kost.kz/index.php/.../1100-pedagogty-z

sc0018.kokshetau.akmoedu.kz/.../852c5b16d4891dade67d212ea99c22b



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал