- Учителю
- Разработка мероприятия посвящение в гимназисты 'День гимназиста'
Разработка мероприятия посвящение в гимназисты 'День гимназиста'
«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1ГИМНАЗИЯСЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКТТІК МЕКЕМЕСІ
Мектепішілік іс-шара
Гимназист қатарына қабылдау рәсімі
«Гимназист күні»
1 сынып
ТІ жөніндегі директор орынбасары:
Барлыбаева Айша Есетбековна
Тараз қаласы
Гимназист қатарына қабылдау рәсімі
2015-2016 оқу жылы
Қатысатындар: 1 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар
Мақсаты: Әр оқушының іс -әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Оқушыларды мектебін сүюге тәрбиелеу.
Өткізу орны: Мәжіліс залы.
Мәжіліс залын көркемдеу, жарықтар, суреттер, шарлар арқылы көрнекілеу
БАРЫСЫ:
1. Жүргізуші: Құрметті ата -аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерге гимназияның бірінші сыныбына қабылдау рәсіміне арналған іс -шарамызға қош келдіңіздер дейміз.
Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар!
Аттаған алғаш қадамың,
Құтты болсын, балдарған!
2. Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Залдар отырған үлкен -кіші баршаңа,
Берекелі алтын ұя мектебімнен мың сәлем!
-
Жүргізуші:Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар!
Аттаған алғаш қадамың,
Құтты болсын, балдырған!
-
Жүргізуші: Сары алтын күздің жаймашуақ күнінде жыл сайын дәстүр бойынша біздің мектепте 1 сынып оқушыларын гимназист қатарына қабылдау меркесі аталып өтеді. Осыдан 2 ай бұрын балалар сіздер біздің гимназияның табалдырығын аттадыңыздар: Осы уақыт аралағында сіздер тек қана білім әліппесімен сусындар қоймай, сондай -ақ ұжымдық бірлікке, достық қарым -қатынасқа, жолдастыққа көмектесуге үйренді.
Сырттан дауыс есітіледі.
Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Естімедік деп айтпаңыздар!
2015 жылдың 14 қарашасында №1 гимназияның салиқалы әкімшілігі бірінші сынып оқушыларының білімдері мен шығармашылқ қабілеттерін арттыру мақсатында оларды гимназист қатарына қаблдау туралы қаулы қабылдады!
Музыка ырғағы есітіліп тұрады.
Сырттағы дауыс:
Ертегілер елінде бәрі түстей, қиялдай,
Болады тек шындығы оның мысқалдай!
Ертегі ол ғажайып,
Көзіңді аз ғана жұмып ап,
Елестетіп көрейік,
Білім Ханшайымы келді деп, Мақта қыз бен Еріншекті ерітіп!
Білім Ханшайымы, Мақта қыз мен Еріншек билеп шығады.
Мақта қыз:
Аса мәртебелі, Білім Ханшайымы,
Өтінемін, маған айтыңызшы!
Осыншама керемет сұлу қыздар мен ұлдарды
Кім және қандай меркеге жинады?
Білім Ханшайымы:
О, керемет, керемет! Жаңалықтар сан түрлі,
Біледі олар мектепте ғылым мен білім әр түрлі.
Оқиды сабақ әрқашан қиындықтарға мойымай,
Себебі, оқу, айтайын, инемен құдық қазғандай!
Білім Ханшайымы: Ал, балалар, сендер гимназист болуға дайынсыңдар ма? Онда соны тексеріп көрейік: Сендердің қаншалықты зейінді екендеріңді, ең бастысы достықтарыңның берік екендігін тексереміз. Ойын «Бұл -мен, бұл -мен» деп аталады.
Еріншек: Ой, қандай жақсы болды! Ойнағанды мен жақсы көремін. Қанеки, балалар, ойнаймыз ба?
Білім Ханшайымы: Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап берулерің керек. Әрине, сұрақтар күрделі болады. Егер сендер қойылған сұрақпен келіссеңдер, онда «Бұл -мен, бұл -мен» деп жауап берулерің керек, ал егер келіспесеңдер, онда үндемеулерің керек. Ал, бастайық.
- Күнделікт сабаққа кім келеді қуана? (Бұл -мен, бұл -мен)
- Күнделікті сабаққа кім келеді кешігіп бір сағатқа? (үндемейді)
- Кітаптарын, қаламсап пен дәптерін кім ұстайды ретпен? ( Бұл -мен, бұл -мен)
- Кім отырған сабақта, үсті -басы қожалақ, киімі алқа -салқа? (үндемейді)
- Күнде -күнде ұмытпай, үй жұмысын орындайды жалықпай (Бұл -мен, бұл -мен)
- Отырып ап сабақта, өлтіреді шыбынды шапалақтап? (үндемейді)
- Әрқашанда жүреді ол көңілді, сүйеді спорт пенен өмірді? (Бұл -мен, бұл -мен)
Слайд 1 «А» сыныбы
1А- МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР:
№1. - Хор «Оқуда озат боламын»
№2. - Тақпақ
№3.- Би (гимнастика)
№ 4. Ән
Білім Ханшайымы мақтайды.
Мақта қыз:
Балалар, айтсам сендерге, мектепті жақсы көріңдер,
Өмірдегі жақсылық мектепте деп біліңдер!
Мектепбіңе лайық боп жүру үшін әрқашан,
Дайын бол, сен өтеуге күрделі, қиын сынақтан!
Еріншек:
Қиын сынақтан өтудің не қажеті бар? Одан да мен - Еріншек сияқты түске дейін ұйықтап, ішіңді қасып қойып, кешке дейін теледидар көріп жүре берген дұрыс емес пе? Ал сабақты ертең оқыса да болар еді.
Білім Ханшайымы:
Қанеки, балалар, Еріншекке ұқсамай, еш ерінбей жаттығу жасайық!
Кәне, Еріншекпен, балалармен бірігіп,
Сергіп біраз алайық,
Бойды жазып, қол созып,
Біз жаттығу жасайық!
Видео арқылы «Көңілді жаттығулар» жасау.
Еріншек: Өте жақсы балалар, бойымызды біраз серігіп алдық! Енді 1Ә сыныбының өнерін тамашалайық!
Слайд 1 «Ә» сыныбы
1Ә- МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР:
№1. - Хор «Оқуда озат боламын»
№2. - Тақпақ
№3.- Би «Гномдар»
Білім Ханшайымы: Сендер нағыз гимназистер болғыларың келеді ме? -Иә.
Еріншек: Балалар, болғым келмейді деңдер! Болмаймын, болмаймын.
Білім Ханшайымы: Сендер нағыз гимназистер болғыларың келеді ме? -Иә.
Еріншек: Балалар, жарайсыңдар. Сендер, «гимназист» атына лайық екендеріңді дәлелдедіңдер.
Енді салтанатты кезең келді. Барлықтарың орындарыңнан тұрыңдар. Ант қабылдауға дайындалыңдар. Дайынсыңдар ма?
Білім Ханшайымы:
Гимназистер, тік тұрыңдар,
Бәрің маған қараңдар!
Дайындалып, қайтала,
Мәңгілік антты қабылда!
(Балалар білім Ханшайымының соңынан қайталайды).
Ант етемін, денсаулықты сақтауға,
Мектептен еш қалмауға -Ант етемін!
Ант етемін, сабақты жақсы оқуға,
Сабақта тек «4» пен «5» -ті алуға - Ант етемін!
Ант етеімн, тәрбиелі, тәртіпті бала болуға,
Төбелеспей достармен, әрқашан дос боп қалуға - Ант етемін!
Ант етемін, ұстаздардың барлығын құрметтеуге,
Шуылдамай, жүгірмей, мектепте тыныш жүруге -Ант етемін!
Ант етемін, мектептің абыройын сақтауға,
Мектебімнің мақтанышы, қуанышы болуға -Ант етемін!
Ант етемін, мейірімді, мінсіз бала болуға,
Бүгін берген антымды мәңгілік есте сақтауға - Ант етемін! - Ант етемін! -Ант етемін!
Мақта қыз:
Ал, енді, ата -аналардың маған көңіл бөлуін өтінем. Сіздер балаларыңыздың тәрбиесі мен білім алу секілді күрделі де қиын жұмыста мектептің ең белсенді де, маңызды көмекшісісіздер. Сондықтар сіздер де Ант қабылдайсыздар!
Еріншек: Оның не қажеті бар? Ал мен ешкімге көмектеспеймін!
Мақта қыз: Жоқ, Еріншек, балалардың бірінші көмекшілері, әрине, ата -аналары.
Еріншек: Әрқашан көмек көрсетемін балама оқуға! Иә ма?
Ата -аналар: Иә!
Мақта қыз: Қорқытпайды есептің қиындығы да! Иә ма? Ата -аналар: Иә!
Мақта қыз: Түкке тұрмайды небір қиын формула! Иә ма? Ата -аналар: Иә!
Мақта қыз: Ант етемін ұрыспауға балаға! Иә ма? Ата -аналар. Иә!
Мақта қыз: Жайлап, аздап зекіп алуға! Иә ма? Ата -аналар: Иә!
Мақта қыз: Тұнық судай сабырлы болуға! Иә ма? Ата -аналар: Иә!
Мақта қыз: Биік шыңдай ақылды дана болуға! Иә ма? Ата -аналар: Иә!
Білім Ханшайымы: Ал, енді сендерге гимназист қатарына қабылданғандықтарыңның белгісі - төс белгіні 10-11 сынып оқушылары тағады.
ТӨС БЕЛГІНІ ТАҒАДЫ
Еріншек: Қандай әдемі төс белгі! Менде гимназист болғым келеді.
Білім ханшайымы: Сен осы балалар сияқты ерінбей, жақсы оқың керек.
Еріншек: Иә, менде жақсы бала боламын. Енді 1 «Б» сыныбының өнерін тамашалайық.
Слайд 1 «Б» сыныбы
1Б- МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР:
№1. - Хор «Балдырған»
№2. - Би «Флэшмоб»
Құттықтау сөз №1 гимназия директоры Қызылғұлова Лаззат Әбілдақызына беріледі.
Білім Ханшайымы: Қандай өнерлі балалар екен! Келесі 1Ғ сынып оқушыларын тамашалайық.
Слайд 1 «Ғ» сыныбы
1Ғ- МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР:
№1. - Хор «Мектебім»
№2. - Тақпақ
№3- Би «Флэшмоб»
БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІРГЕ ӘН АЙТАДЫ Хор «Біз үлгілі оқушымыз»
Барлық қатысушылар бірге: Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды, сау болып тұрыңыздар!