7


  • Учителю
  • План урока на тему Сөнбейді жеңіс алауы

План урока на тему Сөнбейді жеңіс алауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөнбейді жеңіс алауы.

Мақсаты: Ел үшін жанын пида еткен ерлерге тағзым, өшпес ерлігіне бас июу, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ата апаларымыздың еңбек тері жайлы мағлұмат беру, құрмет көрсетуге, үлгі өнеге алуға үйрету.

Сабақтың түрі: кездесу (әңгіме сабақ)

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, слайд, тірек сызбалар, үлестірмелі карталар т.б

Ән: «Жойылсын соғыс»

  1. жүргізүші:

Қайырлы күн ардақты ағайын.

Алпыс жеті жыл бейбіт күннің таңы атқалы,

Алпыс жеті жыл бойы шуақты таратты әнін

Алпыс жеті жыл бойы зеңбірекен оқ жаудыртпай

Алпыс жеті жыл бойы бұлбұл құсты сайратқалы.

2-жүргізуші:

1941 жылы 22 маусым күні таңғы са, 4-те фашистік Германия біздің Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасады.

  1. Дүние жүзінде барлығы 14 мың 512 рет соғыс болған. Онда 3,4 млрд адам құрбан болған

  2. Аяулы ауыл аймағы

Аманат атқан артында

Алдындағы-ерлік майданы

Азамат бол деп, нар тұлға.

  1. Қаршадай боп қалың тауды бастаған

Отан үшін омырауды ашып тастаған

Ар намысын ақ сауытын киіп ап,

Жауған оқтан жасқанбаған, саспаған

  1. «Соғыс!» -деп айтқан суық сөз,

Сіресіп қатқан мұз-қандай.

Тыныштық сүйген қауымды,

Тітіркендірді ызғардай .

  1. Астан-кестен қирап жатты мол қала

Бомба жауды өзен -көлге жолға да.

Кеудесінде кек қайнаған ер халық,

Берілмеді жеңілмеді сонда да.

6. Соғыстың қалың өртін жарып өтті,

Ар жүгін тұмар қылып тағып өтті

Шайқаста ұран тастап,алға бастап,

Бөлімді Днепрден алып өтті.



1945 жылдың көктемінде айбынды Қызыл Армия фашистік Германияның күлін көкке ұшырды. Рейхстагтың төбесінде Жеңіс туы желбіреді.

Балалар, бүгін бізге тылда көп жылдар бойы еңбек еткен апамыз кездесуге келіп отыр. ( Шаяхметова Жаңылсын апа) олай болса апамыздың әңгімесіне құлақ түре отырайық . Қандай сұрақтарың бар?

Сұрақтар:

1.Неше жаста еңбекке араластыңыз?

2. Қай жерде еңбек еттіңіз?

3.Қанша немере, шөбереңіз бар?

4.Соғыс кезіндеқуанған кездеріңіз болды ма?

5.Бүгінгі күні бақыттысыз ба?

6.Ендігі арманыңыз не?

7.Бүгінгі жастарға тілегіңіз?

Апа, балаларыңыздың дайындаған шағын консертін тамашалаңыз!

Концерттік бағдарлама:

  1. Ән . «Әлия»

  2. Би «Теңізшілер»

  3. Көрініс «Соғысқа шығарып салу»

  4. Би «Сарбаздар»

  5. Көрініс «Соғыстан үзінді





Ескерткішке гүл шоқтарын қою.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал