7


  • Учителю
  • Утренник Мен ғарышкер боламын

Утренник Мен ғарышкер боламын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КМҚК «Айналайын» бөбекжайы













Утренник Мен ғарышкер боламын





Дайындаған : ІІ-сәбилер «Жұлдыз» тобының

тәрбиешілері: Алинбаева Р.Т.

Хизирова Д.М.





















Приозерск қаласы: 2016ж

І-жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме құрметті балалар,әріптестер.Бүгінгі ғарышкерлер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.55 жыл алдын елімізде 12-сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталды.1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта ,жерді бір айналып шыққан тұңғыш ғарышкер Юрий Алексейевич Гагарин ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.

ІІ-жүргізуші:Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты.Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар.Олар қасиетті қазақ жері "Байқоңырдан" ғарышқа аттанған Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.Биыл ғарышкер Тоқтар ағаларыңның ұшқанына 25жыл толып отыр.

І-Жүргізуші:

Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған,

Тоқтар аға Гагарин салған жолды жалғаған,

Тоқтар ағам - жан ағам бұрыннан да ер еді,

Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді.-деп біздің бүлдіршіндеріміздің құттықтауларын қабыл алыңыздар



Ануар

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиіқараймын.

Сенікөзбеншаламын,

Мен ғарышкерболамын!

Ескендір

Таңдай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлаймын,

Мен ғарышкер боламын!

Жания

Сапарға енді ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы Қазақтың,

Тұнғыш ұшты ғарышқа!

Алинұр

Бет түзеймін алысқа,

Бағытымнан аумаймын!

Шетсіз- шексіз ғарышқа,

Зымыранмен ұшамын!



Балнұр

Түнгі аспанға қараймын,

Жұлдыздарды санаймын.

Ешбіреуі солардың,

Сөнбегенін қалаймын

Елсияр

Айсыз түн,

Қараңғы тым.

Жымыңдап жұлдыз,

Құбылар мың.

ІІ-жүргізуші:Ғарышкер болу үшін денсаулығымыз мықты,алғыр,күшті болуымыз керек.Ғарышкер болу да,ол бір мамандық иесі.

-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме? Олай болса, біз ғарышкер болу үшін, ғарышкерлер дайындығынан өтейік.

І-тапсырма «Доғаның арасынан өту»,

ІІ-тапсырма «Тақтайшадан тепе-теңдік сақтап жүру».

ІІІ-тапсырма «Шығыршықпен ғарышкерді жинау»



І-жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер болашақта ғарышкер боласыңдар.

Жүргізуші:

Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер

Талғат Мұсабаевқа :

Ғарыштың кеңістігін бағындырған,

Үш жүзден артық онда тәулік болған.

Бір емес үш қайтара сапар шеккен,

Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!

Ел мерейін өсірген ерлігімен,

Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.

Туған жерге оралған ел батырын,

Ұмытпаймыз біздерде ғарыштаймыз.



Ән: Айға аттанам апа!



Жүргізуші:

Алтын бесік тербеткен,

"Байқоңырдан "аттандың.

Ең алғашқы қазақтың,

Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,

Бүгінгінің баласы.

Мүмкін олар ертең-ақ,

Ізбасарың болады.



Сезім:

Туған жерді сүю -парыз,

Сүю үшін білу -парыз.

Қасиетін ұғу -парыз,

Күзетінде тұру-парыз.

(Мұзафар Әлімбаев)



Ару

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.





6-Жансерік

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Райхан

Өлең жазды ақыңдар

Екеуіне арнап.

7-Вероника

Көк пен жерді жалғаған,

Космодром - Байқоңыр.

Кораблынен самғаған,

Космодром - Байқоңыр.

8-Сұлтанбек

Қанаттылар мекені,

Қазақ жері, Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім, Байқоңыр!

Гүлімай

Тоқтар - тұнғыш ғарышкер,

Арман қуып жасынан.

Көктен көзін алмаған,

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.





Би:Байқоңыр



Тоқтар ұшты ғарышқа

Талғат болды ғарышта

Таңқалдырып қазағым

Тағы ұшса ғой Марсқа.





10-Даниял

Қорықпаймын қиыннан,

Бойлап ғарыш сырына.

Көз жіберсем қиырдан,

Туған өлке қырына!

11-Ерасыл

Сырын ашып ғарыштың,

Туған елдің бағына.

Қуаныш

Құшағына даламның,

Ораламын тағы да!

Нұрали

Ілесіп бір танысқа

Барсам деймін Марсқа

Марс деген атамның,

Ауылынан алыспа

Жерден алыс Көкте Марс

Батырхан

Жерден алыс,

Көкте Марс

Меркури бізге таныс.

Бекарыс

Аспанда айда,

Жылжиды қайда

Асықпай ақырын

Қозғалар Сатурн

Мұратбек

Осындай ғажап,

Қызыққа қарап,

Қағамыз таңдай,

Түнгі аспан қандай.



Жүргізуші:Құрметті қонақтар,әріптестер бүгінгі «Жұлдыз» тобы бүлдіршіндерінің «Мен ғарышкер боламын» атты ертеңгілігіміз аяқталды,келесі жылы кездескенше

күн нұрлы болсын!Сау болыңыздар!













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал