- Учителю
- Туған топырақтың тума таланты атты поэзиялық кеш
Туған топырақтың тума таланты атты поэзиялық кеш
Өткізілу уақыты: 20.02.2016жыл
Өткізілу орны: Акт залы
Тақырыбы:«Туған топырақтың тума таланты »
атты жас ақын Ерболат Лашынның поэзиялық кешінің сценарийі
Кештің мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.Оқушыларды өнерпаздылыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Армысыздар, жыр сүйер, ән сүйер қауым!
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған жерімізді, атамекенімізді,тілімізді, төл өнерімізді сақтап және аялап қана қоймай, түрлі іс-шаралар арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдыру біздің үлкен парызымыз!
Олай болса,елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген азат елдің айбынды ұрпақтарын, яғни болашағынан зор үміт күттіретін , тіл қамын ойлайтын жас ақынымызды шыңдау,оларға қол ұшын беру де үлкен міндет деп білемін! Осындай мақсатпен бүгін біз «Туған топырақтың тума таланты» деген атаумен жас ақын Ерболат Лашынның поэзиялық кешін өткізгелі отырмыз. Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
"Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең..."
"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар..."
деп Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз айтқандай, поэзия
әлемінде өз ойын өрнектеп бере білген, мазмұнды да мағыналы
өлеңдерімен жүрекке жеткізе білген өз мектебіміздің жас ақыны
Ерболат Лашынды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Жақсының жақсысын айт нұры тасысын демекші Лашын 10-шы сынып оқушысы. Лашын мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс-шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жанқты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді.
2-Жүргізуші:
Мектебіміздің әрбір іс-шараларында көзге түсіп, кештерді өз дауыстарымен салмақты мінездерімен ерекшеленіп жүрген әншілеріміз, әрі сықақшы, әрі бишілеріміз бар. Олар 10- сынып оқушылары.
Олай болса бүгінгі кешімізді 10 - сынып оқушыларының қазақ биімен ашуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Сол баяғы өз аспаным, өз елім
Өз елімде келді сөйлер кезегім
Сол кішкентай Беріктастан басталған,
Кеңейді ғой сенің өмір-өзенің, - деп бүгінгі Лашынның «Туған жерім Беріктас» туған жеріне деген өзінің ойын жеткізуге тырысқан жас ақынның өлеңдерімен бастасақ.
2- жүргізуші:
Ұлықтаймыз ұстаз деп нар ақынды,
Жарқыратқан жан нұры қара түнді.
Ең бірінші халқым деп қандай айтқан,
Мен де жайдым өлең деп қанатымды, - дей отырып «Биік тұлға» атты өлең жолын қабыл алыңыздар.
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Дуанаев Жақан Ноғайбайұлына береміз.
Келесі сөз кезегін ақ жаулықты анамыз, алтын алқа иегері, ауылымыздың жанашыры Бүбісара апамызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Бабаларым күй шерткен сыйласына,
Күй шығарған сүйікті қимасына.
Қай қазақтың үйіне кірме мейлі,
Бір домбыра тұрады үй басына.
Деме, достым, осы ағаш не біледі,
Ол да адамдай күледі,егіледі.
Кей сәттерде тылсымдай тына қалып,
Кей сәттерде нөсерше төгіледі - дей келе ортаға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бигашева Альбина Абайханқызының жетекшілігімен «Әсем қоңыр» домбырашылар тобын шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата-баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы, дей келіп жас ақын Ерболат Лашынның «ӨМІР» жайлы өлең жолдарын тыңдасақ.
1-жүргізуші: «Ән - көңілдің ажары» деп асыл бата берген екен. Әнді сүймейтін, әнді салмайтын әнші жоқ шығар, сірә, соның ішінде біздің қазақ халқы әнге құмар-ақ. Ақын өлеңдері бір күндері әнге айналып жатты, әлде де бізді сиқырлы әндерімен тербетпек. «Әу» демейтін қазақ жоқ демекші ендігі кезегімізді әнге берейік.
Ән: «Қос бәйтерк» орындайтындар Найманбаева Наргиза, Жұмағұл Ақжан
2-жүргізуші:
Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?- дей отырып «Соқыр ана» монолыгын оқитын Жұмағұл Ақжан. Қабыл алыңыздар.
Келесі құттықтау сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақсыбаева асель Болатқызына береміз.
Көрініс: «Жажда мести немесе крокодил жеп қойған қыз» Рөлдерде: Ерболат Лашын, Қожаков Аслан, Ербатыров Аман, Жұмабек Ерасыл, Мұрал Бәнуә, Найманмабаева Наргиза, Жұмағұл Ақжан.
1-жүргізуші: Өнердің кілті бастау бұлағын ұлық тұту-әрбір саналы азаматтың борышы деп түсінсек, бұл поэзияға деген шынайы ықыластың нышаны болмақ. Биік адамгершілік пен сұлу сезім жан дүние тазалығын таптатпас тәкаппарлыққа тұнып тұрған поэзияға ғасырлар жүрегіне уақытпен бірге жол шегетін қилы тағдырлар жатыр. Бұл поэзияда ақын көкірегінен бұрқыраған бұла шумақтардан тұратын жаһұт жырлар жатыр. Бұл поэзияда көк мұхиттың толқынындай бір-бірімен жалғасып жататын өмір өткелдері жатыр. Бұл поэзияда қараңғы тұнғиыққа малына батқан жігіт сезімінің аласұрған тағдырына мойыған тұстары жатыр- дей отырып әр тақырыптағы өлең жолдарымен ортамызға жас ақын Ерболат Лашынды шақырайық.
Ән: «Құтты болсын тойларың» орындайтындар Найманбаева Наргиза, Жұмағұл Ақжан
2-Жүргізуші: Жыр керуені алға жылжыған сайын Лашынның өшпес мұрасы жас ақын поэзия көгінде жарқырай бермек. Өйткені, ол тұтас поэзия үшін жаралған жан. Лашындай перзенті бар әке -шешесі шынымен де бақытты! Олай болса ортаға Ерболат Лашынның әкесі Ерболат ағаны, анасы Нұргүл апайды, інісі Сұңқарды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Ән: ««Ана» орындайтын Ерболат Лашын.
2-жүргізуші:
Поэзия осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама ұлы сезім, толғаныс, сүйіспеншілік жатыр десеңші, шіркін! Қадірменді көрермен, сіздер адам дүниесін нұрландырып алып екі тамырына қан жүгіртетін,сезімнің тоқсан тарау жырын қозғайтын ғажайып поэзия деп аталатын рухани әлемнен жаныңызға азық алдыңыз. Ендеше жылағанда жұбататын, қуанғанда қоштайтын, ғашық болғанда шабыт беретін поэзиямен етене жақын болайық, ағайын!- деп жас ақынның өлең жолдарында, шынымен де қазақтың қара өлеңіне «таласы бар», азат ойлы жас ұрпақ, еркін рухты жаңа толқын дүниеге келді! Олай болса кешімізді Лашынның өлең жолдарымен аяқтасақ.
«Жаса Қазағым» әні орындайтын Ерболат Лашын.
Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
«Туған топырақтың тума таланты »
атты жас ақын Ерболат Лашынның поэзиялық кешінің сценарийі
Физика және информатика пәнінің мұғалімі:
А.К.Кунафина