- Учителю
- (Бесікке салу!, (Ашық сабақ)
(Бесікке салу!, (Ашық сабақ)
Л.Н. Раимжанова «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.
Тақырыбы: «Бесікке салу»
Мақсаты: Бүлдіршіндерге қазақтың бесікке салу дәстүрін көрсету, балалалардың тілін, сөйлеу қабілетін жетілдіру. Қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, балалардың тілін, ойын- сұрақ арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекіліктер: бесік, қуыршақ, суреттер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Мотивациялық-қозғаушы.
Іздену-ұйымдастыру. Бөлмеге қолында қуыршағы бар Әже баламен бірге кіреді. -Балалар, қарандаршы бізге қонаққа кім келіп отыр екен? -Әже. -Кәне әжемізбен және қонақтармен амандасайық. Шаттық шеңбер жасайды. «Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз, Құрметпеннен сіздерге, Бас иеміз біз.»
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Балалар Әже қолындағы бөпе жылап кетті, ұстай тұрындаршы, бесігін әкелейін. Бесігін әкеліп ортаға қояды. -Балалар мына ортада тұрған не? -Бесік. -Дұрыс. Ал мына сыртындағысын не деп атайды екен? -Ол жабуы-жабқышы. -Ал енді, балалар қазір ішіндегі заттарын көріп ,танысайық. -Мынау не балалар? -Тартпа. -Дұрыс, баланы бөлгенде құлап қалмасын деп жасаған. -Ал мынау ше? -Жайлық. Дұрыс, жайлық екеу. Біреуі-бас жайлық, екіншісі аяқ жайлық. -Мынау не? Мынау жастық, көрпеше, түбек, шүмек. Жастықты жұмсақ оны бөпенін басына саламыз, көрпешені үстіне жабамыз тонып қалмасын деп.
-Ал енді баланы бесікке салайық, бала бесікте жылы, таза жатса тыпыршып оянып кетпей тыныш ұйықтайды.
Бесікке салу ата-бабалардан келе жатқан қазақтың салт-дәстүрі. -Балалар қазір әже бізге Айгөлек атты бөпемізді бесікке бөлуді көрсетеді. Ал, енді жол өзініздікі, біздің бөпемізді бесікке бөліп көрсетіңіз. - Әже бесікті аластайды.
«Алас, алас пәледен алас, Тілі жаманның тілінен алас. Көз тілдең сақтасың, алас, алас.»
-Әже баланы бесікке бөледі де, әлдилеп бесік жырын айтады.
«Әлди әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама бөпем, жылама, Тәтті ұйқыға батағой. Әлди, әлди, әлди әй»
Тәрбиеші: Ал енді балалар әжемен бірге бесік жырын қайталайық. Балалар біздің Айгөлек бөпеміз жәйлі, жылы бесікте әң ырғағымен тербеліп тәтті ұйқтап қалды.Тыныш отырайық, оянып кетпесін.
Тәрбиеші: Әже сіз мына бөпемізге қарай отырыңыз, оянып кетпесін.
-Әже жарайды айналайын, қарай отырайын. -Ал балалар біз қазір кішкене сергіп алайық.
Сергіту сәті: « Керегені жасайық, Шанырақты құрайық, Уық болып иіліп, Киіз үйдей болайық.»
Қорытынды: Балалар біздің Айгөлек бөпеміз қайда ұйықтап жатыр екен? -Бесікте. - Ал енді айтындаршы сендерге Айгөлек бөпемізді ұйықтатқан «Бесік жыры» әні ұнады ма? Балалар , міне бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі бесікке салу рәсімімен таныстық.
Бүгінгі «Бесікке салу» салт дәстүріміз сендерге ұнадыма?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар бесікке салу рәсімімен танысты.
Игереді: Бесік жырын айтады.
Меңгерді: балалар бесікке салу ретін меңгерді.
КМҚК «Ақсу ауылындағы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы»
«Бесікке салу»
Ертеңгілік
1-ші сәбилер тобы
Тәрбиешілер: А.Ж. Кудербаева Л.Н.Раимжанова
2015-2016 оқу жылы