- Учителю
- Тәрбие сағаты Бағдаршам белгілері мад
Тәрбие сағаты Бағдаршам белгілері мад
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Бағдаршам белгілері
Дайындаған: Наурызбаева.Д
2012-2013
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Бағдаршам белгілері
Дайындаған: Досниязова.Н
2012-2013
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Бағдаршам белгілері
Дайындаған: Нұрғалиева.А
2012-2013
Тақырыбы:Бағдаршам белгідері
Мақсаты: Оқушыларды бағдаршам белгілерімен таныстыру.Оларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгерту.
Көрнекілігі:Бағдаршам суреті,жол белгілері.
Жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
1.Көшеде жүру тәртібі.
2.Үш көзді бағдаршам.
3.Тақпақтар.
4.Жұмбақтар.
5.Көрініс: Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
ІІІ.Қорытынды бөлім
Жүру барысы
Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгін біз көше тәртібі туралы дайындық топтарымен ұйымдастырылған «Бағдаршам белгілері »атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Бағдаршам көше тәртібін сақтайтын құрал болғандықтан бүгін көше,бағдаршам туралы өлеңдер,тақпақтар,жұмбақтар айтамыз.
1-оқушы:
Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің тұруына кедергі келтіреді,жұмысшылар жұмысқа,оқушылар мектепке жетпеуі мүмкін.
2-оқушы:
Көшенің шетінен өту үшін,арнайы өткелдермен жүру керек.
3-оқушы:
Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.
4-оқушы:
Жиек жол бар ғой,
Жандар үшін жаяу,
Деп оны сен тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
5-оқушы:
Бағдаршам аты,
Көп көзі бар батыр,
Тоқ болған заты,
Өзінде көп ақыл.
-Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдар арқылы реттейді.Онда үши түрлі жарық сигналы қолданылады.
Қызыл түс-қозғалысқа тыйым салады,өйткені ол қауіп ұғымын білдіреді.
Бұл түс күндіз де,түн де тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді.
Жасыл түс-қозғалысқа рұқсат береді.Сондай-ақ бұл түс қызыл түстен айқын ажыратылады.
Сары түс-негізі қызыл және жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
Бұлда жақсы көрінетін түс.
Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әмәндә,
Ашса кезек үш көзін-тоқта!Сақтан!Жол ашық!
(Үш оқушы шығады,үш көзді бағдаршам)
6-оқушы:
Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
7-оқушы:
Сары көзі жанса
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
8-оқушы:
Жанса көзі жасыл,
жолың айдай,ашық.
Жүре берген батыл,
керегі жоқ сасып.
(Тақпақтар)
1.Сөйлегенді білмейді,Бірақ тоқта,жүр дейді.Менің үш козім бар;бір козім «кідір»-дейді,Бір көзім «абайла»-дейді,«қарап ал маңайға»-дейді.
2.Әйгілеп үш сөзді,бір дәу тұр үш көзді,Оған жас-кәріміз,Бағынамыз бәріміз.
3.Есіңде ылғи сақта,Бағдаршам жоқта,асықпаған текке.Ондай жерде тоқта,Жолды қиып өтпе.
4.Жаяу үшін белгі,Қойылады арнайы.Тауып сондай жерді,Өткен еппен аңдай.
5. Көлік жүрер жолда,Ойнау тіптен шатақ.Әйтеуір бір онда, Кезігеді апат.
Көрініс;(Тоқта!Сақтан!Жол ашық!)
Жолда ағыл-тегіл жүріп жатқан көліктер,екі оқушы мектепте қатты асығып бара жатыр.Бұл екі оқушы жолға тоқтап,бағдаршам жарықтарын көрді,жолдан өтейін десе жол ережесін білмейді.-Ал біз балалар бұл екі оқушыға жолдан өтуге көмек бере аламызба?
Иә.Ендеше;
-Қызыл жанса-тоқта
-сары жанса-дайындал
-Жасыл жанса-жүре бер.
-Балалар,екі оқушы жолдан өтіп,мектептеріне жетті.
Екі оқушы:Балалар рахмет,біз аман-есен мектепке жеттік.
-Балалар рахмет сендерге.
Бағдаршам:
Тоқта!
Дайындал!
Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Енді бағдаршам жолдан өтетін балаларға алдымен тапсырмасын орындатып содан кейін барып өткізетінін айтады.
Тапсырмалары :
1.2+2 қосқанда неше болады?
2.2+1 қосқанда неше болады?
3. «жол»сөзін жазып бер.
4. «тоқта»сөзін жазып бер.
5. «сары»сөзін жазып бер.
6. «қызыл»сөзін жазып бер.
7. «жасыл»сөзін жазып бер.
Ән:(хормен)Күшікті басуға болмайды машина.
Сіздердің тамашалағандарыңыз дайындық топтарының «Бағдаршам белгілері »атты тәрбие сағаты көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Ендігі сөз кезегін бастауыш сынып меңгерушісі Бақтыгүл апайға,тәлімгер Марина апайға беріледі.
2+2= Қосқанда неше болады?
2+1= Қосқанда неше болады?
«жол»сөзін жазып бер.
«тоқта» сөзін жазып бер.
«сары» сөзін жазып бер.
«қызыл» сөзін жазып бер.
«жасыл» сөзін жазып бер.