7


  • Учителю
  • Ана өмірдің гүлі тәрбие сағаты

Ана өмірдің гүлі тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Аналар өмірдің гүлі»

</ Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!



Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар, арулар, асыл жандар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да

8-наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Аналар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.



Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың,

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…



Құрметті аналар, қыздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, әйел бақытын, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Оңғаров Алматай Ерметайұлына беріледі.





Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді. «Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген екен атақты жазушы Максим Горький.



Сахна төріне мектебіміздің оқушыларын шақырамыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал