7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Бата мен тыйым сөздер

Ашық тәрбие сағаты Бата мен тыйым сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бата мен тыйым сөздер».

Мақсаты: Оқушылардың рухани байлығын дамыту,атадан қалған асыл сөздерді естерінде сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

Жүру жоспары: Мұғалімнің «Бата мен тыйым сөздер» туралы кіріспе сөзі.

1.І-ші бөлім: «Тапқырлық» сайысы.

2.ІІ-ші бөлім: «Тыйым сөзді жалғастыр» сайысы.

3.ІІІ-ші бөлім: «Кім жылдам ?» сайысы.

4. ІV-ші бөлім: «Біліктілік» сайысы.

5. V-ші бөлім: «Бата беру» сайысы.

Ойын шарты: Әр бөлім бойынша сайысқа түсушілер дұрыс жауап үшін жұлдызшалар алады. Ең көп жұлдызша жинаған топ «Бата мен тыйым сөздер» ойынының жеңімпазы болады.

Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі 3- «В» сыныбыныңоқушылары дайындаған «Бата мен тыйым сөздер» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Бата, бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда - қуат, қиналғанда-медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. "Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді" деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш</ пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою- ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған.



Жүру барысы: Ән «Домбыра»

Жүргізушілер: Қош келдіңіздер ,құрметті қонақтар! Бүгінгі 3- «В» сынып оқушылары дайындаған «Бата мен тыйым сөздер» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымызды тамашалауға келген қонақтарымыздың арасынан әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Сіздерді ойынымызды тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Білген-түйгендерін ортаға салуға келген ойыншыларымызды, яғни бугінгі сайысқа келіп отырған «Ай», «Күн» және «Жұлдыз» топтарын ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар сұрақтары қиын болсын.

2-жүргізуші: Ойынымыздың 1-ші бөлімі «Тапқырлық» деп аталады. Шарты : Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға 1-минут уақыт беріледі.

Тақтадағы 4 жауаптың біреуі қате,сол жауапты тауып «уақыттарыңыз бітті» деген кезде қате жауаптың номерін (көрсет) көтересіздер.Дұрыс жауап берген топтар бір-бірден жұлдызшалар ұтып алады.





1-жүргізуші: 1-сұрақ. «Батамен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер» - дейді атам қазақ. Бірінші сұрағымыз батаға байланысты. Бата қай кездерде беріледі?

Жауаптар:1-Үйлену тойында, 2-алыс сапарға шығарда, 3- жігіт әскерге аттанғанда, 4-оқушы тақтаға шыққанда.

2-жүргізуші: 2-сұрақ. Шәкәрім: «Үш анық» деп айтарлық үш нәрсе бар,- деген екен олар қайсылар?

Дұрыс жауап: Мінсіз сөз,Кірсіз ақыл,Адал еңбек

1-жүргізуші: Ойынымыздың 2-бөлімін бастаймыз. Ойынымыздың 2-бөлімі «Тыйым сөзді жалғастыр»:

Бас киімді кез-келген жерге тастама,.................................... басың ауыратын болады.

Жұма күні кір жума,............................................. әруақтар ренжиді.

Балаға ортан жіліктің майын беруге болмайды, ...................ата-анаға мейірімсіз болады.

Бас киіміңді біреуге берме,...............................................басыңнан бағың кашар.

Шашыңды кез-келген жерге тастама,..............................құстар іліп кетсе, ауруға шалдығасың.

Аяқ киімді сол аяқтан бастап киме, ..................................жолың болмайды.





2-жүргізуші: 3-бөлім «Кім жылдам?» деп аталады.Сұрақтарға кім жылдам белгісін көтерсе, сол жауап береді.

1. Үш байлық (ден саулық,ақ жаулық,он саулық).

2. Үш қуат (ақыл,жүрек,тіл).

3. Жеті жұт (құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

4. Жеті жоқ (жерде өлшеуіш, аспанда тіреу,таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт жоқ).

5. Жеті ата (ата,әке,бала,немере,шөбере,немене,шөпшек).

6. Жеті қазына(ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы). 1-жүргізуші: Ойынымыздың 4-бөлімі «Біліктілік» сайысы деп аталады.

2-жүргізуші: Келесі сайысымыздың шарты стол үстіндегі қима-кеспелерден қойылған сұраққа дұрысын іріктеп алу.

1-сұрақ: «Үш көз» (су анасы-бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы -құлақ).

2-сұрақ: «Үш тоқтам» (ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық).

3-сұрақ: «Үш мұрат» (сауда мұраты-ұту,жол мұраты-жету,дау мұраты-біту).





1-жүргізуші: Келісейік айтыспай,

Бірігейік ренжіспей

Бөлінгенмен жан-жаққа

Мақсатымыз бір жақта,-деп ойынымыздың 5-бөлімін, «Бата беру» сайысын бастаймыз.





2-жүргізуші: Жүлде үшін жарыстың

Көрініп тұр әне мәресі

Сөйлемнен сөз тудырып

Байқайық кім зерделі

Әр түрлі баталарды кезек-кезек айтып, кімде бата болмай қалса, сол жеңіледі.





1-жүргізуші: Бас қатырып бәріміз

Еңбектеніп терледік

Аяқтайық осымен

Сайысты біз зерделі

2-жүргізуші: Енді бізде айтарлықтай ешбір күмән қалмады.

Аталардың асыл сөзі сақталсын деп жадыңда

Осы айтқан біліміңді өз бойыңда жинақта

Дәріс берген ұстаздарды әрқашан да ардақта, - деп бүгінгі ойынымыздың, жеңімпаздарын жариялау үшін. сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал