7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие для 5-11 классов Мұқағали -мәңгілік өмір

Внеклассное мероприятие для 5-11 классов Мұқағали -мәңгілік өмір

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Ырғыз № 2 орта мектебі

Ыбраева Ләззат Күнтуқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақиық ақын, тұнық жырдың иесі, М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш



Ашылуы. «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.

Менің анкетам. Үнтаспадан орындалады.

1 - жүргізуші:

Аузын ашса жүрегі көрінетін,

Көмейінен отты жыр төгілетін.

Қайран Мұқа, аруақыты ақынсың ғой

Қос тұлпардай жер тарпып тебінетін. - Иә, өткен ғасыр елімізге қазақ жырының айбынын асырып, мерейін аспандатар таланттарды аз бермеді. Солардың бірі, әрі бірегейі, қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанаты қатайып, қысқа ғұмырында өшпестей із, мәңгілікке мұра қалдырған ақиық ақын М.Мақатаев. Ендеше, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!



2 - жүргізуші: - Алдымен ақынның өміріне сәл шегініс жасайық. М.Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты - Мұқанбетғали. Атасының аты - Мақатай. Әжесінің аты - Тиын.Мұқағалидің өр мінезділігі, бірбеткейлігі әжесіне ұқсаған дейді. Әкесі - Сүлеймен, анасы - Нағиман, жары - Лашын және алты баласы бар.

Ақын өлеңді 10 жасынан бастап жаза бастайды. Әкесі соғысқа кетіп, әкесіне деген сағыныштан өлең жырлары туады. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, Қызыл отаудың меңгерушісі комсомол қызметінде болады. 1954 1967 жылдар аралығында Қазақ радиосының дикторы болса, 1962 - 1972 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972 - 1973 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі болды. Мұқағалидің есімі көпшілікке «Аппосионата» поэмасы бойынша танылды.



1 - жүргізуші:- Бүгінгі ақынға арналған кеште не айтсақ та, не арнасақ та артық болмас еді. Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали «өшеді өлең, немесе көшеді өлең» деп анық пайымдағандай, әміршілдік әпербақаны поэзияға да қатты тиген заманда «ақиқаттың ауылын іздеп шарқ айналған» шыншыл ағаның ақиық туындылары өзі жарық дүниемен қоштасқалы қанша жылдар жылжып өтсе де, бүгінгі егемен елдің еркін аспан, азат дала, асқар тауларында қырандай самғап, ХХІ ғасырда рухани керуеннің көш басында келеді. Мұндай бақыт «мыңнан тұлпар» дарабозға ғана бұйырған ғой. Осының өзі - ақ өлмес өмір иесінің аз тірлікте нағыз алыптарша еңбек тудырып, жан жүрегіңдегі жыр - жанартауы ақтық демі сөнгенше лапылдап, жанып өткендігі емес пе?



2 - жүргізуші: - Ал көл - көсір мұраға бас - көз болып, сары майдай сақтаулы сарғайған дәптерлерден саф алтын шумақтарды теріп алып, шып - шырғасын шығармай оқырман қауымға ұсынып, әдебиет қазынасын байытқан ақынның жары - Л.Әзімжанқызы.



1 - жүргізуші: - Мұқағали шығармалары негізінен Отанға, елге, туған халқына деген құштарлығын жырлауға арналған. Ақынның осы сезімін ендігі тыңдалатын өлеңдерден көруімізге болады. 1966 жылы жазылған ақынның «Үш бақытым» өлеңін Дарья Преснякова оқып береді.



2 - жүргізуші: - Ақиық ақын Мұқағали тек өлең поэмалар ғана жазып қоймай, прозаға да батыл қалам сілтеп, көркем аудармалар жасаған. Сонымен бірге аз да болса өмір күнделігін де түзеген. Ендігі кезекті Мұқағали естеліктеріне берейік.

Сананы сары уайым сарылтқанмен,

Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен.

Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,

Үзбеймін күдерімді халықтан мен.

«Халыққа хат» - Ә.Шынтаева

Ән: «Күрең күз»



1 - жүргізуші: - М.Мақатаев - қазақ әдебиетіне 70 жылдары келіп, қазақ жырының құдыретіне айналған кемел тұлға. Ол қазақ тілінің нәрі мен мәніне Абай, Қасымдардан кейін түсінік жазып түсіндіріп өткен ақын. «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деп өзінің ұлы ақынның өлең өміріндегі шәкірті, Абай жаққан өнер сәулесін маздата беретін мұрагері екенін түсінікті тілмен анық жеткізді. «Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін» оқитын - Құндыз Жаралхан.



2 - жүргізуші: - Ақын шығармаларының үлкен бір саласы - оның поэмалары. «Аққулар, аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды». Ақын поэмасының ішіндегі ең асылы, ең биігі - «Аққулар ұйықтағанда». Келесі кезекте Айдана Жеңісқызы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқып береді.

«Аягөз ару» - Ақбота Серікқалиқызы.



1 - жүргізуші: - Не деген керемет күн, керемет күн,

Жаныңа бәрі дайын не керектің.

Көрінер гүлдердің де бүр жарғаны,

Естілер ұшқаны да көбелектің. Самалдай желпіп маңдайдан сипайтын, жанға ләззат құятын, көкірек көзіңді майдай ашатын ән - әуез әрқашан өмірге серік, жанға қуат, рухани азық. Адамдар жүрегінен жансаяіздеген Мұқағали жырына ән жазған композитор Н. Тілендиев. Оның «Саржайлау», «Сөнбейді әже шырағың», «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен», «Көгершіндер маршы» сынды әндері халық аузынан түскен емес. Олайболса, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек береміз.

Ән: «Саржайлау». Орындайтын: 4 - 5 класс оқушылары.



2 - жүргізуші: - Поэзияға ақын 39 жасында бет бұрады. Күнделігінде ол туралы былай дейді: «Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуға тиісті. Дүниеге жаңа келгендеймін, ой - санам, жүріс - тұрысымда сұмдық өзгеріс бар».Әрі қарай күнделікке түскен асыл - маржан сөздерді және «Поэзия» өлеңін Сәдуақас Дарын оқып береді.

Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!». Сөзі: М.Мақатаевтікі, әні: Н.Тілендиевтікі.

«Ақ кимешек астында» - Аружан Тельман



</ 1 - жүргізуші: - Ақынға бір кездері ақ қанат құс арманын қуып келген ару Алматының төрінен көшенің аты берілген болатын. Қарауытқан таулардан, алаужаққан таңдардан түйсік алатын асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан аспантаудың ақиық ақынына аспанмен таласқан биік ескерткіш те қойылды. Бұл Мұқағали - мәңгілік ғұмырдың айғағы.

Мұқағали!

Сен жырлаған бұл қазақтың,

Өкініші, азабы, мың қабат тұр.

Келеңсіз ісін көрсем шартараптың

Кісі іздеймін өзіңдей мұң шағатын, - деп Ырғыз аудандық кітапханасының әдіскері Б.Омарбекова ақынмен осылай сырласады. Ақынға арналған естеліктерге берейік.

Әкеге арнау - А.Садуақас



**Ораз Қауғабай. - Мен ақынмын, бірақ құдай маған ақыл бермеген, - деп жиі айтады екен Мұқағали. Өйткені жырдың тылысым құдыреті «оны ақылдан адастырып, мінез - құлқын асқақтатып, кейде өзін - өзі ұстай алмайтын ұрыншақтыққа әкелетін көрінеді». Ақын да арқасы бар пері - бақсының бір түрі ғой. Мұқағалидің атақ - даңқын көре алмайтындар орынсыз кінәлады.

Әкесі соғыста қайтыс болып, жартылай жетім өскен Мұқағали бала кезінен қиындықты, қорлауды, мұқатуды көп көріп өскен. Жағынып - жағымпаздануды жаны сүймейтін. Ол құдай берген талантына сенді. Мұқағали нағыз шығармашылықтың шырқау биігіне шыққан жетпісінші жылдардың басында ақынды мен партиядан, содан соң КСРО Жазушылар Одағы мүшелігінен шығарылды. Себебі, айтпаса да түсінікті. Мұқағали шын ақын ғой. Өзіне тағылған кейбір айыптауларды мойындап, соңында араша сұрап, сол кездегі Қазақстан Комунмистік портиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атына хат жазды.

Ақын хатын «Аса құзырлы, Димаш Ахметұлы!» деп бастайды. Содан соң хат жазуға себеп болған жағдайларды айтады. Өмірбаянын баяндай отырып, шығармашылық еңбегі туралы құлаққағыс қылады.

Қонаевты кінәлаушы Хрущевтың тұсында өзі туып өскен аудандағы астаң - кестең болған жағдайларға ашынады ақын. Барар жер, басар тауы қалмаған ақын алдымен партиядан шығып қалғанына өкінеді. Тағылған айып, кінәдан құтылу үшін шығармашылыққа қатты ден қойғандығын айтады. «Қалай дегенде де өз кінәмнан арылу үшін шығармашылықта шарқ ұрып, ойландым, толғандым, іздендім» деп жіберген қателігін сездщіреді. Қазақстан Жазушылар Одағы мені КСРО Жазушылар Одағы мүшелігінен шығарып тынды, өзіме сол керек. Ол үшін өзімді кінәлаймын» деп бар қателіктері мен ағаттықтарын мойындап, кемеңгерден көмек сұрайды. Хаттың соңында «Ардақты, Димаш аға!» деп ақырында «Ажал аузында тұрғандаймын, құтқара көріңіз, сіз қалай шешсеңіз солай болады» деп өтініш - тілегіне соңғы нүктесін қояды. Хатты 1974 жылдың 17 мамырында жазады. Өкініштісі хат ұлы адамның қолына тимейді. Мүмкін хат Димекеңнің қолына тигенде адамға көп жақсылық жасаған Қонаев Мұқағалиға да көмектесіп, араша түсіп, қорғап, ақынның ерте дүние салмауына жол бермес пе еді? - деп дерек келтіреді «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Ораз Қауғабай.



2 - жүргізуші: - Мұқағали екеуміз мұңдас едік, армандас едік. Шәмші, сен бақыттысың. Сенің әндерің халыққа тарап кетті. Сен өлсең де халқың сені ұмтпайды, - дейтін ол.

  • Неге?

  • «Ақын еркін құс, ойындағысын бүкпелей айта алады. Айтылған сөз атылған оқ, қайтып орнына келмейді, қорамсағында неше оғы болса, қалаған кезінде атып жібереді. Ақынның ақындығы осында», - деп еске алады Шәмші ағамыз. Олай болса, Мұқағалидің сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін тыңдап көрейік.

«Қара өлең» - Гаухар Ықыласова



1 - жүргізуші: - Қай жырына көңіл аударып, көз жүгіртсең де бей - жай оқи алмайсың, көңіл қобалжып, жүрек сыздайды. Үміт ұшқыны тек қос ішекпен дірілдеп, ауаны кезеді. Ақын көкірегінің күрсінісі көз алдыңа келеді.

Туған жер сағындырды, келді есіме,

Өзім кепіл енді оны көрмесіме.

Тағыдай тауда өскен тарлан едім

Таңылдым емхананың бөлмесіне. Маңдайы кере қарыс кең тұлғалы тарланбоздың тағдыр торына қамалып, бейшара күй кешуі қандай өкінішті десеңізші, қазақтың алып ұлы бір - ақ уыс болып төсек тартып жатыр дегенге кім сенеді? Қақтың қара өлеңін күзетіп, оның әрбір жолынан нәр алып, солардың сыңсыған тоғайға, ну орманға айналуына үлес қосып жүрген ең қайратты, ең қуатты шағында пұшайман халге түсуі әрине, өкінішті.

Ақынның жары Лашын апамыздың естелік күнделігінде «Төс болмағанда төзіп бақ, балға болмағанда да соғып бақ» деп француз жазушысы Р.Роллан айтқандай М.Мақатаев 45 жылдың ішінде еңбегіне тиісті бағасын ала алмай, балға болып соға алмай, төс болумен 1976 жылы 27 наурызда ақиық ақын өмірден өтті.

Ақын туралы кітабында композитор Н.Тілендиевтің мынандай сөздері бар. «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім, жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым». Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты.

Мұқағали жазуы: «Аға, мен ғой, дертім қозып барады. Не боларын білмеймін, мынаған назар аударып көріңіз», - депті. Емханада жатқанда жіберген өлеңі «Есіңе мені алғайсың» екен. Келесі орындалатын ән: «Есіңе мені алғайсың».



**Өткен ғасырдың 70 - інші жылдарының басында М.Мақатаев есімі ортадан қаншалықты алшақтай түссе де, жастарға, соның ішінде студенттерге соншалықты жақындай түсіп еді. Әлі есімде, ҚАЗГУ - дің бас корпусынан сабақтан шыққан журналистика факультетінің жыр құмар студенттері Баспочтамт маңында Мұқағалиді төңіректейміз. Артқа қайырған қайратты шаштарын тарамдап жіберіп, көріктей кеудесі көтеріле түсіп Мұқағали жыр оқиды. Жалпы, Мұқағалидің өз бойында түсініксіздік көп еді. Сол түсініксіз, жұмбақ қалпында о дүниеге кетіп қалды. Мұқағали туралы ойласам, ең алдымен есіме тағы бір толассыз талант Жарасқан Әбдіраштың

Ақын кетіп барады көшеменен,

Екпінінен бір дауыл еседі ерен, - деген жыр жолдары оралады. Кім білсін, осы дүниедегідей ана жақта да Мұқағали - дауылдатып жыр оқып жүр ме екен?... деп Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Аудан әкімі аппаратынРақымжан ағамыз осылай ақын туралы еске алады.



2 - жүргізуші: - Иә, өмірге ғашық, ақиық ақын «Менің мәңгілік ұстанатын қағидам - адалдыққа, ғибраттыққа, адамгершілікке лайықтайтын игілікті істер деп кетті. Рақымжан ағамыз айтқандай Мұхаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп жыр дүлділі өлең оқып жүрген болар.

1976 жылы жазылған «Арыз жазып кетейін» өлеңін тыңдап көрейік.

Т.Молдағалиев«Бәрің де кешірім сұраңдар» оқитын НұрданаНұрболатқызы.



1 - жүргізуші: - Бүгінгі ақынға арналған кешімізді Рақымжан ағамыздың «Мұқағалиға арнау» өлеңімен аяқтағым келеді.

2 - жүргізуші: - Қазақта Абай жалғыз, Мұқағали жалғыз. Осындай өр үнмен өлең оқыған мынандай кемел ұрпақтары тұрғанда, Мұқағали мұралары өлмек емес. / хормен/ Мұқағали - Мәңгілік ғұмыр!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал