7


Адамның сұлулығы неде?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Адамның сұлулығы неде?

Мақсаты : Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін - бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б.

</<font color="#002060">Өту барысы:

І Кіріспе.

Бүгін «Адамның сұлулығы неде?» атты әңгіме сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз.

Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз - елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер - білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. « Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі - қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.

Қыз бала тәрбиесіне ата -ана ғана емес, көрші - қолаң, туған - туыс, ауыл -аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатса керек.

Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді.Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер - тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын - тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.

Ән:« Арман жырым аруларым »

Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік қулық - сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», « Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.

Ы: Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», « Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.

Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті - қыз баланы сыйлап, қастерледі. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған. Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық заңдылыққа сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толып қуанышқа бөленесің.

Оқушы: Табиғаттың өзі қыздардың ішкі және сыртқы жан дүниесін сұлулыққа, нәзіктікке, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа бай етіп жаратқан. Жас қыздардың өздері - ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой.

ХІ ғ. Жазба ескерткіштерінің ішіндегі қыздар тәрбиесіне байланысты деректердің таңдаулыларының бірі , әрі ұлы мұрасы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құтты білік) деген еңбегі бар. Бұл - әдептілік, ақыл - ой , мінез - құлық, адамгершілік озық үлгілері көркем тілмен баяндалған дидактикалық ереже мен толғаулар.

Аймаңдайлы ұл - қыз туса алдыңда,

Үйіңде өсір, бөтен жерге қалдырма.

Тәрбиешісі ал ізгілікті, көшелі.

Ұл - қыз жақсы, таза болып өседі.

Ұл -қызыңа әдеп үйрет, білім бер

Қос жалғанды, бірдей көріп, күлімдер.

Қандай әнді, өлеңді алсаң да бұрымға таңданған. Ақындар жалпы әйел халқының көркін, өрілген қос бұрым арқылы толықтырған, онсыз әсемдікке нұсқан келді деген. Өлеңдерде «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қарақат көзді, сүмбіл шаш», «Қара көзің, қара шашың төгілген», « Төсектен сүмбіл шашың салбырасын, шашыңа таққан шолпың сылдырасын» деп бір сөзбен болсын шашқа мақтау айтылады.

1-оқушы

Ашуланып қайттың неге, ерке гүл,

Мектебіңе кетіп едің ерке бір.

Тортаңдайсың ата жауың сияқты.

Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.

Қыз баланың бұрым деген сәні еді

Балалықтың ойыны бар әдемі

Қыз бұрымға маза бермей жүретін

Балалықтың ойыны бар әдемі

Бұрым - бұлақ таудан аққан құлатқан

Бұрым - арман, қол жетпеген ұнатқан

Момақан боп жүрген бүгін әкең де

Талай қызды шаштан тартып жылатқан.

Ашуланба, ол бір ойын талайғы

Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.

Ақылды бол, сол бұрымның бір талы

Тентектерді құрықтауға жарайды.

Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде әр түрлі қалыптасқан. Әйел тәнінің сұлулығын айтқанда, бірден мына сипаттама ойға оралады: оймақ ауыз, қарақат көз, қиғаш қас, сұңғақ бой, аршын төс, қыпша бел, қолаң шаш... Қыз бала бойжеткен шағынан бастап, осы сипаттамаға сай болуға талпынады. Ықылым заманнан бері әр халықтың нәзік жандары сұлу болып көріну үшін, қастарын қиғаштап бояған, қысқа белдік тартып, қыпша белді болуға ұмтылған, қолаң шаштарына көрік беру мақсатында небір емдік майларды пайдаланған.

Жаңа заманда сырғалалылардың әдемі болып көрінуіне мүмкіндік көп. Бояу мен иісмайдың, әшекей мен сәнді киімдердің түр-түріне оңай қол жеткізуге болады. Бірақ, әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?! Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мен өз сұлулығымның құпияларын жария еткім келіп тұр.

Шаш - адамның ажары

Шаш күтіміне ерекше мән беру керектігін анам кішкентайымнан айтып келеді. Шашты аптасына үш рет жуған дұрыс. Күнде жууды әдетке айналдыру - шаштың құрғауына әкеп соқтырады. Ошаған майын (репейное масло) шаш түбіне жағып, бірнеше сағат ұстаса, шаш әдемі әрі тез өседі. Бұл майды үздіксіз пайдаланып келе жатқаныма үш жыл болды. Нәтиже көңілімнен шығады. Көп қыздарға, оның ішінде қазақ қыздарына шашты өрген жарасады. Бұрым - қыз баланың бойына нәзіктік пен жинақылық береді. Сондықтан, күнделікті өмірде шашты жайғаннан гөрі, өріп қойып жүргенді ұнатамын. Фен мен үтік деген дүниелерді өте сирек пайдаланамын. Олардың зияны айтпаса да, түсінікті.

Табиғи сұлулық

Ерте жастан бояуға әуестік теріні ерте қартайтып жібереді. Сондықтан, мерекелік кештерге болмаса, қарапайым күндері бояуды аз пайдалануға тырысамын. Күнделікті қолданатын бояуларым көзге арналған сүрме (тушь) мен еңліктен (румяна) ғана тұрады.

Тырнақ бас назарда

Тырнақ күтіміне көп жандар мән бере бермейді. Ол да қыздың айнасы. Тырнақтарды ұзын етіп өсіру сәнге айналғанымен, менің таңдауым - қысқа тырнақтар. Тырнақтарым міндетті түрде ашық түске боялады. Жаз айларында аяқ тырнақтарына да үлкен мән беремін.

Киімімізге қарап қарсы алады...

Адам алыстан келе жатқанда, бірінші көзге түсетіні оның тырнақтары емес, шашы да емес - киімі. Киімнің соңғы үлгіде болуы шарт емес. Бастысы бойға қонымдылығы мен таза болуы. Киімді үтіктемей кию - қыз баланың ажарын қашырып қана қоймай, беделін де түсіреді. Киімді үтіктеп барып қана киюге тырысамын."Қыз сырт келбетін түрлендіріп, өзгертіп отыруы тиіс" деген екен әйгілі Ресей әншісі Людмила Гурченко. Сондықтан, күнде бір образда жүргенді қаламаймын. Ал киім таңдауда, бағасы мен үлгісі емес, жайлылығы мен жарасымдылығы маңызды.

Ал сіз сұлу болып көрінудің қандай жолдарын білесіз?

Қорытынды: Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі әңгіме сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін - бірі жақсы түсінуіне, бірін - бірі сыйлауына, бір -біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды -қылықты, ұлдарымызды - ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал