- Учителю
- Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық санамен қалыптасады. 9 сынып
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық санамен қалыптасады. 9 сынып
</ Бекітемін:
Күні: 29.09.2016ж
Тәрбие сағаттың тақырыбы:Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық санамен қалыптасады.
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірліке, ынтымаққа тәрбиелеу және естерінен шығармауға баулу. Осынау тарихи жаңа белестерді қазақстандық патриотизмді ұрпақ жанына сіңіру. Қазақ халқының қилы тарихын мәңгі жадында сақтау.
Көрнекіліктер: Плакаттар, қанатты сөздер, суреттер, портреттер, шарлар.
Тәрбиелік шараның барысы:
Қ.Р. Әнұраны орындалады (Хор)
Кіріспе (мұғалім): Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл-ұлттық тарихымыздағы ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы Қазақ хандыңының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблиясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлне ие», депатап көрсетті. Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық жаңа шежіресінде өркениетті даму үрдісімен төрткүл дүниені таңдандырған Қазақстанның мемлекеттегі кейбіреулер айтқандай кеше ғана басталмаған. Оған мемлекет басшысының 2014 жылғы 22 қазанда Астана қаласы активімен кездесуіндегі «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алды» деген сөзі дәлел. Осыған орай төл тарихын білгісі келетін қалың елге Қазақ хандығының төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен сыр шерткен қысқаша танымдық шолуды ұсынып отырмыз.
1 жүргізуші: Қазақ халқы-тарихын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауыдармен алысып, тағдырмен қарсып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халақ.
2 жүргізуші: Осыдан бес ғасыр бұрын Көк Орда билеушісі Орыс билеушісі Орыс ханының ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартып Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтереді.Батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек жаңа бір тарихта тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрады. Бұл 1465 жыл болатын.
1 жүргізуші: Алғашында сұлтандардың Керей мен Жәнібектің соңынан ерген қазақтар саны екі жүз мың адам болды.Шу бойына бой тікен жаңа хандық Көк Орда жерін түгел қайтару жолында жорыққа шықты.
2 жүргізуші: Қазақ хандығының ұлттық ұраны «Алаш», мемлекеттік Елтаңбасы «Төре таңба», байрағы төре таңбалы қызыл ту, Астанасы -қасиетті Түркістан қаласы болды.
1 жүргізуші: Керей мен Жәнібек тіккен ту жығылған жоқ.Ол Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге аспан астында қалықтаған қырандай шырқау биікке көреріле түсті.Сондықтан біз тәуелсіздіктің көк байрағын берік ұстап, егемендігімізді көзіміздің қарашығындай қорғауға тиіспіз.
2 жүргізуші: Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады.Қазақ халқының тарихындағы сондай киелі тұлғалардың бірі ғана емес, бірегейі-Абылай хан.
1 жүргізуші: Абылай- Қазақ хандығын күшейткен талантты қолбасшы.Біздің жерімізге жау қанша көп келсе де, елімізді, халқымызды қорғап қалды.Ол өзі де соғысқа қатысып ерлігі үшін қазақ халқы Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлаған.
2 жүргізуші: Шудың бойы береке,
Берен туған, Қазағым.
Жәнібек пен Керейді
Кемел туған, Қазағым.
Жерін жаудан қорғаған,
Қас батырым, Қазағым.
Алашты Алла қолдаған,
Асты ақылың, Қазағым.
1 жүргізуші: Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілтемін табасың.
2 жүргізуші: Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрнісі.
1 оқушы: Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады.
2 оқушы: Дешті Қыпшақты билеп тұрған Шәйбан тұқымымен ат құйрығын ұлыстарын Шу бойына алып келіп, Қазақ деген ел еткен Керей мен Жәнібектің орны бөлек.
1 оқушы: Қазақстан тәуелсіздігі- ең алдымен халқымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі.
1 жүргізуші: Өз тарихын сыйламаған, өзін де сыйламайды.
2 жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары-Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Оқушы:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
1 жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрніс. «Сұлтандар кеңесі»
(Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді)
-Ассалаумағалейкум, ағалар.
-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз.Елді бей-берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп,салықты көбейтті.Әскери дайындықсыз, батырларлы құрдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім.
Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар ме қарапайым халық та ілігіп отыр.Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: -Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек: - Елімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отрды.Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда.Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде.Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия. Көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз.Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарының тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияңы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар,жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқан
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Отбасымен аман-есен табысқынү.
Әумин.
1 жүргізуші: Аумлы-төкпелі, замандарды бастан кешкен халқымыздың өзіндік басқару жүйесі де болған, әділдіктің ақ туын түсірмеген білімпаз билер, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би -қазақтың ұлы билері.Олар Тәуке ханның заманында «Жеті жарғы» деген заң дайыдаған.
2 жүргізуші: Қазбек бидің Жоңғар ханына елшілікке барғанда айтқаны :
Сен темір де мен көмір
Еріткелі келгенім
Екі елдің баласын, теліткелі келгенім.
Егесетін ел шықса, иілткелі келгенім.
Тұтқыр сары желіммен, жабысқалы келгенім.
Жаңа үйреткен жас тұлпар шабысқалы келгенім.
Танымайтын, жаттарға, танысқалы келгенім.
Қазақ-қалмақ баласы, табысқалы келгенім.
Сен қабан да, мен арыстан,
Алысқалы келгенім.
1 жүргізуші: Ел басшылары сол заманда билер арқылы барлық түйінді шешіп хан-сұлтандардың кеңесшісі болған.
2 жүргізуші: 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібек Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруды ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.
1 жүргізуші: Екіншіден суы мол топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Оқушы: Жерұйықты іздеген Асанқайғы бабамызда Жетісуда болған кезде «Жетісудың ағашының басы жеміс екен»десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу атыңды теріс қойып. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Барлығы: Тарихи сенімділік-біздің ұлы тірегіміз.
1 жүргізуші: Өткенге тағзым етіп, бабаларымызды еске алып, екі білегімізді сыбанып, алға қадам бастап, жастарымызды тәрбиелеп, еңбекқор,елді сүйетін, жерді сүйетін патриот халық болып өсе берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!