- Учителю
- №9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Сарина Торғын Тақырыбы:«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
№9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Сарина Торғын Тақырыбы:«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
№9 орта мектеп
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
(IІ-кіші «Еркетай» тобының ертеңгілігі)
Тәрбиеші: Сарина Т
2016-2017ж.
«Құтты болсын, Жаңа жыл! »
Балалар жаңа жылдық әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Балалар, біз әсем безендірілген шыршаның жанында жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық.
Құрметті қонақтар, балалар жаңа жылдарың құтты болсын! Бүгін сендердің балабақшадағы алғашқы Жаңа жыл мерекелерің сендерге тек жақсы көңіл-күй әкелсін!
-Балалар қараңдаршы әдемі шыршамыздың жанында бізді біреу күтіп отырған сияқты. Бұл кім өзі?
- Бұл қоян.
-Дұрыс айтасыңдар. Қане, бәріміз қоянмен амандасайықшы.
-Сәлеметсіз бе!
Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Қане, бәріміз қоянша секірейікші! ( бәрі қоянша секіреді).
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай тамаша!
Қоян: ия шыршамыз тамаша бирақ шамдары жанбаған екен. Олай болса бәріміз: Шырша шамын жағайық,
Қуанып бір қалайық!
Қуант бізді таңырқат,
Жасыл шырша,
Шамдарыңды жарқырат!
( шыршаның шамдары жанады,балалар қол шапалақтайды)
Жүргізуші: Би: «Қандай қызық ойын бар»
Жүргізуші: Қоян біздің балаларымыздың әдемі шыршаға арнаған тақпақтары бар екен соны тамашалаңыздар! Ортаға: Мерей, Надия, Адия, Маликаны шақырамыз.
Айзере: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Акырыс: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Самғат: Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтар тізілген,
Шыршаны да көрдік.
Максат: Шырша,шырша,
Қуаныш жалпыға.
Сүйікті шыршамыз,
Жарқыра, жарқыра.
Жүргізуші: Кел, балалар, келіңдер,
Шыршаға ән салып беріңдер.
Ән: «Көңілді шыршамыз!»
( Әуенмен залға Ақшақар кіреді.)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қонақтар!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Балалар, бұл Аяз атаның немересі Ақшақар. Қане, бәріміз қайталайықшы Ак-ша-қар! Ақшақар, Аяз ата қайда? Бірге келмеді ме?
Ақшақар: Аяз атам кештеу келеді. Балаларға сыйлық әкелемін деп орманға кетті. Балаларды күттірмей ертерек бара бер деп мені ертерек жіберді. Қане, кімнің қандай өнері бар екен?
Жүргізуші: Олай болса ортаға өздерінің тақпақтарымен Айсезім,Ұлболсын.
Шапағат: Аппақ, аппақ қар аппақ,
Аппақ,аппақ дала аппақ.
Қырау,қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Қайсар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Жолдар мұз боп қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Сұлтан: Өзеніме, көліме,
Әсем ою ойыпты.
Ағаштардың бәріне,
Алқа тағып қойыпты.
Нұрислам : Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып- жылтыр боп жатады.
Жұпар Қол ұстасып, құшақтасып,
Үйренейік жаңа жыр.
Құтты болсын,құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Қоян: өте жақсы, балалар! Тақпақтарың керемет! Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймызба?
Ойын: « Қар жинау»
Жүргізуші: Балалар тыңдайықшы бизге Аяз ата келе жатқан сияқты. Қане бәріміз Аяз ата, Аяз ата деп шақырайықшы.
Аяз ата: Құтты болсын,балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп ұл-қыздарым.
Жүргізуші: Аяз ата алыс жолдан келдіңіз, төрлетіңіз! Балалардың сізге дайындаған әнін қабыл алыңыз.
Ән « Бала, бала, баламыз».
Қоян: Әнді өте жақсы айтады екенсіңдер. Енді мен өз бишілерімді «Аңдар» биімен ортаға шақырайын./ ұлдар билейді/.
Жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Ортаға: Зере, Дамир, Димаш, Ерасыл,Арай,Анжела, Алимжанды шақырайық.
Айзере: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны!
Ақниет: Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Сұлтан: Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, банан,өрікті.
Самғат: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айназ: Аяз ата келеді,
Тамашаны көреді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық береді.
Інжу: Сыйлығы толы дорбада,
Аяз ата ортада.
Өнері асқан балаға,
Қалдырады қолтаңба.
Алихан : О, алақай, аяз атай,
Келе жатыр алыста.
Қане достым әнге қосыл,
Әнге қосыл қалыспа.
Жүргізуші: менің кішкене бүлдіршіндерім тақпақ айтып қана коймайды сонымен бірге биде билейді. Би «Ақша қарлар».
Жүргізуші: Аяз атаны, Ақшарды, қоянды ортаға алып
</<font face="Times New Roman, serif">«Кел жаңа жыл» атты ән шырқайық.
Аяз ата: Бәрекелді қарақтарым, өркендерің өссін! Балалар біздің немерем Ақшақар екеуіміздің кететін уақытымыз болды.Басқада балалар күтіп отыр сау болыңдар!
Қоян: балалар сендермен ән айтып, би билеген, ойын ойнаған маған қатты ұнады. Бирақ меніңде кететін уақытым болды сау болыңдар!
Жүргізуші: құрметті қонақтар осымен «Қызғалдақ» тобының дайындаған шағын ертеңгілігі аяқталды. Жаңа жылдан жаңа жылға амандықпен жетейік. Сау болыңыздар!