7


  • Учителю
  • Техногиялық карта Үй жануары

Техногиялық карта Үй жануары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Сүйікті үй жануарларым.»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.

Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: Компьютер, проектор, электронды оқулық,

үй жануарларының суреттерімен, маскалары. Доп, жіп.

Әдіс- тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, үйрету

Билингвизм: жануар -животное. Сиыр-корова- , лошадь-жылқы- , қой-овец, ешкі-козел, түйе-верблюд,ит-собака, мысық-кошка



- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ ең алдымен нені көреміз.

- Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.

- Олай болса, бүгін бізге келген қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.

Саламатсыздар ма!

- Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрып болсаң шеңберге,

Алақанды соғайық.

Оң жақтағы балаға,

Алақанды соғайық.

Сол жақтағы балаға

Алақанды соғайық

Амандасып алайық.

Достарменен бірге біз,

Күлімдейік күлейік.

Қолды созып күнге біз,

Шат көңілмен жүрейік.



Ұйымдастыру-шы- ізденуші кезең

-Балалар менің ендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Электронды оқулықтан жұмбақ жасыру.

Балалар мына суреттегінің барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

-Дұрыс жанарлар. Ал енді сендермен кішкене ойын ойнасақ. В.Воскобовичтің «Коврограф ларчик» кілемшесіне жақындаймыз осы жануарлардың ішіндегі үй жануарларын өз мекеніне орналастырайық.

Д.О «Өз мекеніне орналастыр»

Ал жануарлардың ішінде сүйікті жануарларың ды атаңдаршы, олар туралы тақпақ білемізбе?

-Өте жақсы балалар, ал осы үй жануарлар туралы мағлұмат білгілерің келеме?

Олай болса экранға назар аударыңдар «Сауат ашу» видеодан үй жануарлары туралы тыңдалады.Үй жануарларына сипаттама беру.

Түйе-верблюд,Сиыр-корова, Жылқы-лощадь, Қой-баран, Ешкі-овец, Ит-собака, Мысық- кошка

Балалар менің сендерге жануарлардың айтысын айтып берсем. Өте жақсы олай болса қазір біз «Төлдер айтысы» ертегісін тамашалайық. Экранға назар аударайық.

( музыка ырғағы ойналады және әр кейіпкер сөйлеген сайын үнтаспадан дыбыс шығарылып, әуенмен сүйемелденеді) Слайд көрсетіледі.

Ерте заманда үй жануарлары түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, жылқы бәрі бас қосыпты. Үй жануарлары слайдпен көрсетіледі.

Түйе тұрып: - Менің Адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін, сүтімнен шұбат ішеді, жүнімнен неше түрлі киім киеді - дейді. Слайдпен түйе көрсетіледі.

Сонда ешкі тұрып: Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар,

Сойса саны қалақтай,

Сауса сүті бұлақтай.

Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды. Адамдар мені жақсы көреді. ( мә - мә - мә) Слайдпен ешкі көрсетіледі.

Сонда жылқы тұрып: - Ешкі сен босқа мақтанба Слайдпен жылқы көрсетіледі.

Қоғалы көлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған,

Қашқанға жетпей қоймаған,

Ер қанаты өзің - деп,

Ел қуана айдаған.

Біздің етімізден адамдар қазы - қарта, шұжық жасайды, қымыз ішеді. Адамдарды алыс - алыс ауылдарға жеткіземіз.. Адамдар мені жақсы көреді. ( Жылқы кісінейді)

Сонда сиыр тұрып: Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен сиыр көрсетіледі)

Адам тіршілігіне ең қолайлысы менмін.

Бізден шелек - шелек сүт,

Қарын - қарын май, ірімшік алады.

Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ.

Иеміз бізді жақсы көреді - дейді ( мө - мө - мө)

Сонда қой тұрып: - Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен қой көрсетіледі)

Иеміз бізді жақсы көреді.

Адамдар киетін киім-кешектер,

Маталар, үйдегі төсеніштер,

Біздің жүнімізден алынады,

Бізден пайдалы түлік жоқ,- дейді

Сонда түйе тұрып, итке мойнын соза қарап: Ей салпаң құлақ неғып үндемей тұрсың, айтатын ештеңең жоқ - ау сірә - депті.

Сол кезде бұл әңгіменің бәрін иесі естіп тұр екен.

Ғажайып сәт.Шопан ата: Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар. Адам үшін бәрің де керексіңдер. Мен сендерге ризамын.

Ит болмағанда ол сендерді күзетпегенде, қасқыр бәріңнің де түбіңе жетер еді - депті.

Ит: аф - аф - аф( Итті алып келеді)



Тәрбиеші: балалар біз төрт түліктің адамға пайдасын білеміз.

До:«Не қалай дыбыстайды?»

Балалардың жауабын тыңдау. Ит үреді. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақылдайды.

Сергіту сәті:

Жақсы ғой сиыр,

Беретін сүтін.

Тышқан жеп мысық,

Тұмсығын сүртті.

Қырағы төбет,

Күзетеді ол үйді мықты.

Пайдалы іс жасап ,

Әрқайсысы ол жүрді

Тәрбиеші: Мына жіпті бір-бірімізге бере отырып үй жануарлары туралы мақал, жұмбақ немесе тиым сөздер айтамыз.

Тәрбиеш: Малға теріс қарап мінбе т. б тиым сөздерді айты жіпті кері орайды.



Д/О: «Суреттер сөйлейді»

Ойын шарты: Сызба суреттерге қарап балалар сөйлем құрайды.

Балалар, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер үй жануарлары туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге жануарлардың төлдерін қалай шақыратынын айтып кетейін

Шөре-шөре - лағым

Құрау-құрау - құлындар

Аухау-аухау - бұзаулар,

Көс-көс - ботақандар







Рефлексивті- коррекциялау-шы кезең

Шопан ата: Менің өрісте толы малым бар. Мен енді жайылымға қайтамын. Әжелерің сендерге малдардың сүтінен жасалған тағамдарды беріп жіберген еді. Дәмнен ауыз тиіңдер. (Қоржынынан сыйлық айран құрт алып береді)

Мен сендерді жайылымдағы малдарымды көруге шақырамын. Бәрімен қоштасып шығып кетеді.

Өрістегі малдар туралы шағын фильм көрсетіледі











Күтілетін нәтиже:

Не үйренді: Үй жануарлар мен дала жануарларын ажырата білді, үй жануарлар туралы мақал-мәтел , балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыланды.

Күні: 01.02.2016ж

Тәрбиеші: Шардарбекова А.И





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал