- Учителю
- 1 Мамыр халықтар бірлігі күніне арналған іс- шара.
1 Мамыр халықтар бірлігі күніне арналған іс- шара.
</<font face="Times New Roman, serif">1 Мамыр халықтар бірлігі күніне арналған іс- шара. Мектеп кітапханасы
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!
Кітапханашы: «Бірлік болмай ,тірлік болмас» деген дана халқымыз.Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік ,ел іші тату тірлік» қағидасын ұстаған ел үшін бұл мейрамының орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130- дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті ,береке мен бірлікте ,бібітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі.
1 мамыр-Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
1-Оқушы:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке
ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп шы
тойлайды!
2-Оқушы: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлытар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болдуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып, бірге жүрмек.
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек,Бақыт,Береке,Бірлік күні
3-Оқушы:
Қаһарман,қас батырға дабылы сай,
Армаңға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты, мамырым-ай.
Ынтымақ,бірлік,достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
4-Оқушы:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Кітапханашы: Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды.Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шауқ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
5-Оқушы:Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа , бір үйдің баласындай тату- тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ,бірлігі мықты,достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды,сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы,қонақ-жайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды,бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте,туыс болуды көздейді.
6-Оқушы:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Кітапханашы: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.
7- Оқушы:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» - деп сыбырлаған
Жаным менің ,кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.
8-Оқушы:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір- ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы!
9-Оқушы:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Кітапханашы: «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерініңтатулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Мына бір аңызға тоқталайық.
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан,Отан, Отан...»деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?»құсты ұшырып жеберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлады. Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жіберед . Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны- ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды анағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
10- Оқушы:
Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Кітапханашы:Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелі бағдарлама «Қазақ елі осындай» әнімен аяқталады. Мереке құтты болсын!