- Учителю
- Воспитательный час Домбыра аспабының шығу тарихы
Воспитательный час Домбыра аспабының шығу тарихы
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі: Меңдіғалиева А.Е.
2010-2011 оқу жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: Домбыра аспабының шығу тарихы
Мақсаты: Домбыраның пайда болуына байланысты аңыздар, тарихи деректер, этнолингвистикалық зерттеулермен таныстыру
Домбыраның шығуын ұлттық мәдениеттің тарихымен байланысты түсіндіру. Елінің тарихын, дәстүрін құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Халықтық музыка аспаптарын насихаттау.
Көрнекіліктері:
«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ- қазақ емес,
Нағыз - қазақ домбыра » Қ. Мырзалиев
Музыка аспаптарының суреттері
Домбыраның пайда болу жолы( суреттер)
« Домбыра- көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі » А.Жұбанов.
Кітаптар: А.Жұбанов « Ән-күй сапары »
О.Бейсембекұлы « Сазды аспаптар сыры » .
Тәрбие сағатының барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Кіріспе. Қазақтың ұлттық музыка аспаптары. Домбыра туралы сөз.
3« Домбыра туралы баллада » ән
Орындайтын Қалжанова.Г
4. А ң ы з д а р а й т а р с ы р (Домбыра туралы аңыз)
Ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы ханның қызы бір кедей жігітке ғашық болыпты. Әкесінің қаталдығынан сескенген қыз жігітпен қашып кетіпті. Мұны білген хан жігітті дарға асыпты. Жігіт өлгеннен кейін қыз бір ұл, бір қыз табады.Хан қос бүлдіршіннің көзін жоюды мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды шығысқа қаратып, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды.
Ел ішіндегі өтірік өкпе, өсек сөзге шыдамаған қыз егізін іздеп шығады.
Қатты шаршап ағаштың түбіне ұйықтап кеткен қыздың құлағына бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен келеді.Құлақ түріп тың-тыңдаса « ән салып » тұрған қасындағы биік ағаш екен. Бір күні қыз оның құпиясын білмек болып тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен Екі бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алады, манағы екі ішекті соған тағады. Шертіп көрсе керемет үн шығады. Қыз ішектің бірін - Мұңлық , екіншісін - Зарлық деп ат қойып , күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел аралап жүреді.
Ғалымдар пікірі:
Оқушы: Қазақтың кейбір аспаптанушы ғалымдары: « Домбыра ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды » деп топшылайды. Бұл айтушылардың пікірін саралап келгенде, біздің көз алдымызға домбыраның мынадай даму жолы елестейді: Ұрмалы аспап- көне ішекті аспап- шертер- домбыра.
Т а р и х и д е р е к:
Оқушы: Кейбір деректер мен әр жылдардағы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған мүсіндерге қарап домбыраның шығу кезеңдеріне болжам жасауға болады. 19 ғасырдың 50 жылдарында Соғда, Хорезм қалаларының орнын қазғанда табылған мүсіндердің бірінде екі ішекті аспап ұстаған музыкант бейнеленген. Мүсінге 2400 жыл.
Оқушы: Академик А. Қ.Жұбанов: кейбір деректерде « домбыра» сөзі арабтың « дунбахи бурра » тіркесінен, яғни ол « қозы құйрық » деген сөзінен қалыптасқан деген пікір бар.
Оқушы. Кейбір ғалымдар : « Домбыра » атауы « Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деген пікір бар дейді.
Қ. Мырзалиев « Домбыра» өлеңі.
Д о м б ы р а н ы ң қ ұ р ы л ы с ы
1. Басы- екі құлақ бекітілетін жері.
2.Шайтан тиегі-екі ішек орналасатын жері
3.Мойны- перне байланатын жері
4. Шанағы- дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі.
5.Беті- шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып дыбысты естіртетін жері.
6.Дыбыс ойығы - қақпақтың деңгеленіп ойылған тесігі.
7. Ішек- қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын ершік.
8.Түймесі- шанақтың артындағы екі ішекті бекітетін жері.
9.Екі құлақ- домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері.
Қазақстандағы д о м б ы р а н ы ң ү л г і л е р і :
Оқушы: Батыс Қазақстан үлгісі. Бұл домбыраның шанағы қақ жарылған алмұртқа ұқсас, көлемді болады. Перне саны 12-14-16 дейін жетеді. Бұл пернелер төкпе күйдің кең тынысын иірім- қайырымдарын дәл жеткізуге ыңғайлы.
Оқушы: Орталық және Шығыс Қазақстан үлгісі. Бұл өңірге тараған домбыраның шанағы күрек іспетті жалпақ, мойны қысқалау болып келеді. Перне саны 7-8-11-ден аспайды. Бұл өңірдің шеберлері ішек санын арттырды.
Домбыраның ұлттық музыкадағы маңызы:
Оқушы: Халық музыкасының шеберлері Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет домбырада мәңгі өлмес күй тудырса, аспап жинау, ұрпаққа мирас етуде Шоқан, Жаяу Мұса, Абай, 20 ғасырда А.Жұбанов бастаған өнер зерттеушілері үлес қосты.
К. Әзірбаев « Домбыра » өлеңі
Оқушы: Домбыраның ән сүйемелдеу қабілеті мен мүмкіндігі алғаш ресми түрде Парижде дүниежүзіне танытқан атақты әнші Әміре Қашаубаев болды. Күй орындауда Рүстембек Омаров, Қали Жантілеуов, Әзидолла Есқалиев сынды өнер тарландары болды.
Домбыра жасайтын қазіргі кәсіпорындар:
1. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы жанындағы шеберхана
2.Алматы мебель фабрикасы жанындағы шеберхана
3.Казреставрация жанынан ашылған шеберхана.
Домбыра - халықтың қуанышына да қайғысына да ортақтасып бірге жасап келе жатқан асыл мұрасы, рухани серігі Оның бір дәлелі « Ақсақ құлан Жошы хан » күйінің шығу тарихы. Бұл қарапайым халықты ханның қаһарынан құтқарған домбыраның құдіреті туралы аңыз Осы аңыздағы күйдің айтқаны
Күй « Ақсақ құлан».
Тәрбие сағатын қорытындылау
Оқушы пікірін білу .