7


  • Учителю
  • Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы!

Мақсаты:1. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

2.Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

3.Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.



Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі - біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Желбірей бер, тәуелсіздік көк туы»атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!



Гимн орындаладыЖелбірей бер, Тәуелсіздік жалауы



Ақерке:

Қазақстан -сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.





Нурислам:

Тәуелсіздік - бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.



2 жүргізуші: Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. 22 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.



1 жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.







Аружан: 16 желтоқсан - тәуелсіздік алған күн,Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Ерекше боп ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

Мәңгі болсын, баянды болсын

25 жыл ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын

Тәуелсіздік тұғырың!



Бишілер тобы ; Қаражорға биі



1 жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып жарияланды.



Айжан:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқадаЖелбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Болу керек құдіретті төрт АНА.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.



Сандуғаш:

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болсада,

Төрт АНАҒА жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?



Майра: Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төртАНА - тағдырыңның тынысы,

Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!



2 жүргізуші: 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.



2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар.

1991 жыл 1 желтоқсан - Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.



Көрініс. «Жеңіс күні»

Ән. Алға Қазақстан Төребек Е



Бақдаулет: Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы



Молдияр: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,

Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?

Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,

Жастар шықты алаңға «Елімайлап».

Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңы еріді кеңестің,

Содан кейін еркіндікті бастадым.



1 жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.

Алматы- Тәуелсіздіктің бастауы. 1986 жылы жастар өздерінің демократиялық құқықтарын қорғау үшін алаңға шықты. Бүгін біздің қонағымыз сол желтоқсан оқиғасына қатысқан Толқынбек Жұртұлы келіп отыр.



2 жүргізуші:1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.



2 жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.



Би «Қамажай»Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы



Абзал:

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.



Ерасыл:

Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы ,

Бейбіт дала елесі .

Шаңырақ -жұрт панасы,

Уықтар- күн сәулесі

2 жүргізуші:1993 жылы қарашаның 15-нде Ұлттық валюта -тенге айналымға кірді.Биыл ұлттық теңгемізге 20 жыл толып отыр.



Мырзағали:

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке бізді шақырып жатқандай.

1 жүргізуші:1995 жылы 30 тамызда - Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылдандыЖелбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Мақсат:

Ата Заңға, қарағым,

Шексіз болсын құрметің

Туған елдің талабын,

Заңды орындау- міндетің

Бақытты өмір сүргенің

Бақ-дәулеттің баршасы,

Күліп-ойнап жүргенің-

Ата Заңның арқасы!



1 -жүргізуші: «Ынтымақ елге ырыс-енші». Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету - бүгінгі ұрпақтың қолында.



Тажикул Айдана:

Әйнегі-күн, шатыры аспанЖелбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістен шашқан

Қазақстан - Республикам менің!

Кемуді білмес кемікті өңір

Құрсағы құтты сахара демін

Перзенті болат, қорғасын көмір

Қазақстан - Республикам менің!



Мамбаева Айдана

Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Өрісте малын әндетіп баққанЖелбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Ертістің от қып толқынын жаққан

Бұлт болып аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан - Республикам менің!



Ән. «Жаса қазағым» Асембек Н



Арайлым

Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.

Бақдаулет:

Бастарына «Темір қазық» жастанған

Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.

Сырым менен Амангелді, Жанқожа,Желбірей бер, Тәуелсіздік жалауы

Кенесары көтеріліс бастаған.

Алашқа арнап мақсаты мен арманын

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.

Әбуталіп

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Әділет:

Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,

Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.

Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,

Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!».



Сарымсақ Оразбай «өз шығармасы.

Махмут Абзал Елтаңба туралы өз шығармасы.



</ Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал