- Учителю
- Сынып сағаты тақырыбы Ана- өмір шуағы
Сынып сағаты тақырыбы Ана- өмір шуағы
Ана - өмірдің шуағы.
1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде
тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз.
.
1-оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
3-оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4-оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5-оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
6-оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7-оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, -деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың
орындауындағы «Аяулы анашым» әнін, қабыл алыңыздар.
Ән «Аяулы анашым»
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге -демекші, ендігі кезекте қазақтың
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар.
Би «Қазақ биі»
.
«Асыл әже» әні
2-жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып
байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері
байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының
алақанын сипап сезу арқылы табу керек.
2-жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, -Көрініс «Әжесі мен
немересі» «Дүниеде не қымбат?»
Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса -ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім, әже.
«Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
2-жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден
басталатын жылы сөздер айтады.
1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, -деп, ендігі кезекте «Апатайым -
анашым» әні, қабыл алыңыздар!
Хор «Апатайым - анашым»
2-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау
мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
Профилактический осмотр учащихся Жарсуатской основной школы
2015-2016 учебный год 4 классФамилия и имя
учащихся
Дата
рождения
ИНН
ВЕС
РОСТ
ДS
«Д»УЧЕТ
С какого числа
Направили
на дообследование
ДS
1
Аллаберген
Аружан
29.09.2006
2
Аллаберген
Ілияс
11.09.2005
3
Ахметжанова
Тамирис
25.05.2005
4
Иебергенова Алия
25.10.2004
5
Сағындық
Ақторғын
28.03.2006
6
Смағұл
Алдияр
08.12.2005
7
Шамшиденова
Алина
02.05.2005