7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! тәрбие сағаты (1 - 2 класс)

Сабақ тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! тәрбие сағаты (1 - 2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың мақсаты:Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, Наурыз мерекесі бейнеленген плакаттар, салт-дәстүрлер туралы кітаптар.т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім:

-Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз- көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз- бақыттың бастысы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! Бүгінгі болғалы отырған 1-2 кластар аралығында өткізілгелі отырған «Қош келдің,Наурыз!» атты ашық тәрбипе сағатымызға қош келдіңіздер!

Армысыздар ардақты біздің ұстаздар,

Білім беріп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жайып дәріптейміз Наурызды,

Сіздер үшін би билеп, әнде шырқалар.



Би: Қазақша. Орындайтын: Актілеу Камшат.



Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Қарсы алайық құрметтеп,

Ақ жаулықты әжені.



(Шашу шашылады)



-Наурыз-қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрам. Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Наурыз мейрамы-өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Наурыз- ( нау-жаңа, руз-күн) деген сөз парсы тілінен енген. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов сияқтылар біршама деректер жинаған. Наурыз-жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

Кел, балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей айнайық.





(Оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өздері білетін өлең шумақтарын оқиды)

Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жер ана бойы балқысын.



Келесі кезекте ата-аналарға салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.



  1. Қой малын жасына қарай атап шық?

  2. Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды ата.

  3. Адамға не қымбат?

  4. Ұлттық тағамдарды атаңыз.

  5. Ұлттық ұйындарды атап беріңіз?

  6. Өзіңіз білетін 2 мақалдан айтып беріңіз.

Мұғалім:

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй-дастархан,даламыз-сахнамыз.

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.



Келесі кезекте ән: «Бал балалық». Орындайтын: Дария мен Жаннұр.



Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.



Тұсау кесу салт -дәстүрден үзінді көрсетіледі.

Ата-аналар арасынан салт-дәстүрден үзінді көрсетіледі.



Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейірім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр-деп келесі кезекте





Би: Ақнұрдың орындауында «Сәукеле» биі.



Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын ,Наурыз той,

Ұлы күні ұлыстың!

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.



Келесі кезекте Жанетов Мырзалыдан бата сұраймыз.

Көже ішуге дастарханға шақырамыз.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар,ұстаздар! Бүгінгі өткізілген «Қош келдің, Наурыз!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Тағы да, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын- дейміз. Еліміз,жеріміз көркейе берсін. Наурыздан, наурызға дейін аман-сау жүрейік.

Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал