- Учителю
- Тәрбие сағаты Наурыз мейрамы
Тәрбие сағаты Наурыз мейрамы
Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі - Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)
2- жүргізуші:
Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
1-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз - достық,
Наурыз - күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).
1. Асық ойынынан жарыс
2. Арқан тартыстан жарыс
3. Қол күрестен жарыс
4. Наурыз көже ішуден жарыс.
Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.
2-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз - жыл басы!
Кезекті қазақша күйге берейік.
Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.
1-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл - көсір!
2 -жүргізуші:
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)
азақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош
келдің, әз Наурыз!)
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының
салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз
үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің
асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты
болсын!
Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз,
арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы
мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған
Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл
болсын!
1 - жүргізуші: Наурыз - көктем мерекесі.
Наурыз - жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз - қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз - шаруаның мерекесі.
Наурыз - еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр - аңыз.
Мұғалім: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.
Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол
себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың
оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп
күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 - жұп: Дильназ бен Арсен
2 - жұп: Бержан мен Гүлжан
3 - жұп: Меруерт пен Айдын
1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 - бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 -
бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 - бөлім:
«Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ - қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ - қазылар алқасымен таныстырып
өтеді.
Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? - деп «Кел, танысайық!» атты
бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады.
Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар
жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты
безендіреді.
1 - сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 - сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 - сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу,
жарық, су)
4 - сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар
мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 - сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді
зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген
сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты
түрлері бар.)
6 - сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.
1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Аркен: Наурыз - достық, Наурыз - күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Ақниет: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр - аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.
2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл
бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын
жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала - арлы бала,
.............................................
Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................
2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.
1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою
оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.
2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын
анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды
шақырайық.
1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ - қазы әділ баға - деп, әділ - қазыларға сөз кезегін
береміз.
2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл - көсір!
2 - жүргізуші: Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу - тәрбие
жөніндегі орынбасарына, ата - аналарға беріледі.
Қош келдің Әз Наурыз
-
muhambetova</</p>
-
31 наурыз 2014
-
17890
-
0
-
0
Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын
сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің
теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің
қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай
айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін
таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге
тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал
Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн
мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл
басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге
келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта
келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады,
жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып,
жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп
атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының
ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ биі»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың
ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге
ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған
тақпақтарға береміз.
Ғазиз:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Санжар Жанабаев:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Бақдәулет:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Арслан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Әлішер:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні
ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен
құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді.
Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан
тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай
дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт,
тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық
белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ
айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына
берейік.
Арайлым Абубакирова:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жансерік:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Жангүл:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып
кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Данара мен Айшаның орындауында қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле
жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән
таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс
атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ
суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған
ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт
дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман
халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға
береміз.
Данара:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Айша:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Данагүл:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Галифа:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да
халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының
мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ
қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Ақжол:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Айсұлтан Арайлым:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл
айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар
жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында
да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз
парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы
алайық:
Айтыс:
Бағлан:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Асылым:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Бағлан:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Асылым:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек
берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып,
еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол
үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Темірлан: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Әділет: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар
Қайсар: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін
жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан шарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары,
біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ
шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан
қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда
шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр
екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар
тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу
бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты,
ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір
нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп
алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге
ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен
үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды:
«Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды
дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа
жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар
шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе
жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай
қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің
қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян
шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба,
әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше
қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз
адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал,
қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады.
Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп
амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда
Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп
амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен
көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп
барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп,
сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп
иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын
құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ
мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір
көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді
біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ералы: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Бақтияр: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Наздана: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Батыр:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер.
Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп
жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан
бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке - бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
Сәбидің өмірге келгеніне 40 күн толғаннан кейін тағы бір салтанатты рәсім орындалады. Оны қырқынан шығару деп атайды. Әдетте, ер баланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. Ал қыз бала, керісінше, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, орнықты болсын деп анық қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған. Бұл күні жиналған әйелдер баланың шашын, тырнағын алып, жақсылап тұрып шомылдырған. Мұндайда әдеттегідей қарапайым су емес, ішіне күміс немесе 40 құмалақ салынған (бүгінгі күні оның орнына бадана қолданып жүрген көрінеді), қырық қасық тап-таза су құйылған суға шомылдырады. Тіпті, баланы шомылдыру дәрежесі кез келген әйелге емес, ел арасында сыйлы, көп балалы ана атанған, үлгі боларлықтай адамға бұйырған. Баланың басына қасықтап су құйған сайын жиналғандардың әрқайсысы өз тарапынан тілектерін білдірген. Соңынан барлық әйел су түбіндегі күміс тиындар мен әшекейлерді өзара бөлісіп алысқан. Негізі, суға салынған әр заттың мағынасы бар. Бұл жайлы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабында «Баланы шомылдыратын суға күмісті ол адал, ақ, пәк болсын деп салады. 40қасық суды ырыздығы мол болсын деп құяды» делінген. Қырқынан шыққан бала адам қатарына қосылды, қауіпті кезеңнен өтті деп саналып, ел ішіне шыға бастаған.
«Қырқынан шығару» дәстүрі.
Сабақтың тақырыбы: «Қырқынан шығару» дәстүрі.
Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрі «Қырқынан
шығару» дәстүрімен таныстыру, сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
Қазақ халқының ою түрлерімен таныстыру. Тіл белсенділігін арттыру, зейін қабілеттерін дамыту;
Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын жетілдіру, тазалыққа баулу.
Көрнекілік: қуыршақ, су, орамал, леген, тостаған; желім, түрлі-түсті қағаз,
Қайшы, сүлгі.
Жаңа сөздер: Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су.
Сабақ барысы:
І. Ұстаз: Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер жасап тұрайық. Бір-бірінің қолдарыңнан жылу беріледі ме? Иә! Бізге аспанда жылуды не береді? Күн! Ал, біздің жасаған шеңберіміз неге ұқсайды? Күнге! Бір-бірімен күліп амандасады.
- Сәлеметсің бе!
Ойын: «Хан талапай» (өткен жаңа сөздерді қайталау).
ІІ. - Балалар қазір бәріміз ата-баба дәстүріне ораламыз. (Осы кезде ұлттық киімдегі әже келеді)
- Амансыңдар ма, балалар!
- Сәлеметсіз бе, әже!
- Әже, жоғары шығыңыз! Балалар қонаққа әже келді.
Бөпенің жылаған дауысы естіледі.
- Жылама бөпем, жылама. Әже, сіз, дәл келдіңіз. Бөпенің туғанына 40 күн толды. Балалармен бірге бөпені қырқынан шығарайықшы.
- Ал, ендеше кірісейік. «Қырқынан шығару» - бөпені 40 қасық сумен шомылдыру. Мынау леген, жылы су, мынау тостаған, тостағанға қасықпен су құямыз. Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су, (Балалар қайталап отырады.)
ІІІ.
Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су /с-с-с/
Мөлдір суға қолын жу /моет руки/
Жуынсаң сен әрдайым / моет лицо/
Аппақ бетің, маңдайың / показывает лобик/
Тазалықтың досы - су деген осы.
- Биссимиллаһи рахмани рахим - деп шомылдыра бастайды.
- «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын - деген тілекті айтып отырып шомылдырады. Шомылдырып болған соң баланың тырнағын, шашын алады.
- Енді денесін, қол-аяғын майлап, бәріміз бірге
Өс-өс балам, өс балам,
Сұлу боп өс сымбатты.
Саусағыңды жазайын,
Аяғыңды созайын. Өс-өс - деп бөпенің денесін ширатайық.
- Мынау тырнақ, мынау шаш.( Балалар қайталайды)
- «Ойлан, тап» деген ойын арқылы жаңа сөздерді қайталау.
Жаңылтпаш оқу: Тас тостаған.
Тас тостаған ішіне,
Тас тастаған.
Жапсыру: «Тостағанды әсемдейміз».
- Балалар, қазір тостағанды ою-өрнекпен әсемдейміз. Оны баланы қырқынан шығарғаны үшін ақ әжеге сыйлаймыз. Балалар оюдың аты «Құс қанаты». Түрлі -түсті қағаздан қиылған оюлар жапсырамыз.
(Тостағанның үлгісі қағаздан қиылып дайындалған. «Құс қанаты» өрнегінің дайын үлгісі. Жабыстыра отырып жаңылтпашты қайталау:
- Әже, сізге көп рахмет. Мынау сіздің жолыңыз, бізді еске алып жүріңіз. (Балалар өз қолынан жасаған тостаған суретін тарту етеді, қоштасады).
- Балалар апайды тыңдаңыздар. Аман болыңдар!
- Сау болыңыз!
ІҮ. Қорытындылау: - Бүгін сабақта қазақтың «Қырқынан шығару» дәстүрімен
таныстық.
Балаларға қосымша сұрақтар қойып, жақсы қатысқан балаларды
мадақтау.
Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі
Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою - баланың шошу, тұншығудан және ана мен баланы әртүрлі қауіп - қатерден сақтануы үшін қажет.
Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суғға алма-кезек шомылдырып отырады.
Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру-сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су - баланың денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс-қоңыстарды жойып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал маралшөп қосылған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.
Баланы қырқынан шығару
Нәресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырықнан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37-39 күн, қыз баланы 40-42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.
Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.
Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан кигізеді.
Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кәмпит, бауырсақ, түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қант-кәмпитін жеп, жейдені әкеліп береді.
Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата-әжелері мен туыс-туғандарының үйіне алып келеді. Ата-әжелері қырқынан жаңа шыққан нәрестенің бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-тайынша, қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді.
Баланы қырықнан шығарудың да өзіндік ғылыми мәні бар. Баланы шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пәк болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш-тырнағын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп