- Учителю
- ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық ертеңгілік сценарий
ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық ертеңгілік сценарий
ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Қыс, Аққала, Ақ қоян, Ақшақар, Аяз ата.
Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Қане, қане балалар
Бәрің бермен қараңдар
Шырша қандай әдемі
Сәлеметсіңбе жасыл шырша
Тәрбиеші: Балалар шырша туралы қандай тақпақ білесіңдер
-
Т
-
Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық
-
Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап, би билеп
Ән салайық бәрімізамаша, тамаша
-
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
-
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
(балаларды орындарына отырғызу)
Тәрбиеші: балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен.
Әуен ырғағымен қыс келеді
Қыс: Ау, жарандар, ал жарандар
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Сәлеметсіздерме балалар?
Балалар : сәлеметсізбе қыс мезгілі
Қыс: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Тәрбиеші: Қош келдің қыс мезгілі. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.
Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі біздің балаларымыздың шыршаға арналған «Кішкентай шыршамыз» әнін бірге айтуға шақырамын.
ӘН: КІШКЕНТАЙ ШЫРШАМЫЗ (ШЫРШАНЫ АЙНАЛА)
Қыс: Ал балалар мен барып басқа балалардың шырша шамын жағайын. (әуенмен шығып кетеді)
(балаларды орындарына отырғызу)
Тәрбиеші: бұл не шыршамызға не болды? Неге шырша шамдары сөндік екен. Балалар сиқырлы сөздерді айтып көрейік.
Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 2 рет қайталау.
Енді шырша шамдарын жағу үшін кімді көмекке шақырсақ екен балалар?
(Ақшақарды )
Қар қызы, қар қызы, қар қызы.
Залға әуен ырғағымен ақшақар кіреді.
Ақшақар:
Уа, халайық жарандар
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шап болып
Шаттық күліп тараңдар.
Сәлематсыздарма балалар мені шақырдыңыздарма?
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе ақшақар ия біз сені шырша шамын жағуға көмекке шақырдық.
Ақшақар: Жарайды. Балалар маған атам сиқырлы орамал берген болатын. Атам айтты егерде орамалды сермесең бүкіл сиқыр ашылады деп.
Ал онда көрейік. Бір, екі, үш шырша шамы жан, жан. (шырша шамы жанады)
Тәрбиеші: ақшақар біздің балалармыздың сізге арналған тақпақтарын тыңдаңыздар?
-
Машет веткою махнатой
Нам веселый Новый год
Знают, знают все ребята
Этот праздник у ворот.
-
Со снегурочкою в месте
Мы танцуем снежинок
Смотри, смотри елочка
Серебристых снежинок
-
Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты
-
Алғашқы ақшақар
Бетімде із қалды
Жүйіткейді ақ шанам
Алға ұстап ызғарды
Би: «Ұлпақарлар»
Тәрбиеші: Рахмет саған ақшақар биздің қыздармыз өте тамаша биледі, қошемет көрсетейік балалар.
Ақшақар: Балалар мені сіздерге ойын ала келдім, кім ойнағысы келсе ортаға шықсын.
Ойын: «Қар домалату»
Тәрбиеші: Ақшақар біздің балалар сенімен бірге «Шыршаға бардық » әнін шырқағысы келіп отыр.
Ән: «Шыршаға бардық»
Ақшақар: Көп- көп рахмет балалар. Ойында ойналды, әнде шырқалды, биде биленді тамаша бірақ жаңа жыл аяз атасыз қалай болмақ ортамызға аяз атаны шақырайық.
Тәрбиеші: Балалар бәріміз бірге а- яз а-ат деп дауыстап шақырайық. 3рет
(осы кезде залға әуел ырғағымен аққала шанасын сүйрете келеді)
Аққала: Сәлетметсіздерме балалар, ақшақар және қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Мені таныдыңдарма мен аяз атамын.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, Балалар, ақшақар бізге келген аяз атама әлде аққалама?
Балалар: Аққала
Ақшақар: Аққала біз аяз атаны шақырғанбыз, бірақ сен келдің жаңа жылдық мерекені бірге тойлауға шақырамыз.
Аққала: Олай болса балалар мен өзіммен бірге ойын ала келдім. Аяз ата тез жету үшін жолын қардан тазалайық. Ойын «Қар жинау» деп аталады. Кім ойнағасы келеді келіңдер ортаға шығыңдар.
Тәрбиеші: Міне ғажап біздің балалар қардыда жинады енді мүмкін аяз атамыз жетіп қалар.
Аққала: Балалар аяз ата жеткенше менім билегім келіп тұр, менім қолымда ұстаған сыйлық толы қап бар. Келіңдер ортаға билейік.
Би: «Сыйлықтар»
Ақшақар: Тамаша, тамаша саған рахмет аққала мерекеміздің сәнін келтірдің бірақ мына кішкене көжектер аяз атаны күтіп отыр, оларға аяз атаны шақыру керек.
Аққала: Жарайды онда сендер аяз атаны шақырыңдар, ал мен барайын ормандағы аңдарды жаңа жыл мерекесімен құттықтайын. (аққала шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Ендеше балалар бәріміз бірге аяз атаны шақырайық. А-яз а- ата ( 3 рет )
(залға аяз ата кіреді.)
Аяз ата:Амансыңдарма ұлдарым,
Амансыңдарма қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем мереке
Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.
Ақшақар:Сәлеметсізде аяз ата.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз аяз ата төрлетіңіз, біздің балаларымыздың ақ тілектерін қабыл алыңыз.
-
А
-
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
-
Қараңдар мынау шыршамыз
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
-
Тамаша сый алып
Келді аяз атамыз,
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз.ппақ тонға оранып
-
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
-
Әкелсін жыл ырыс- құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша!
-
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызы ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Аяз ата: Бәрекелді балалар көп тақпақ біледі екенсіңдер, қуантып тастадыңдар.
Тәрбиеші: Аяз ата біздің балаларымыз тек тақпақ емес сонымен қатар биді дөңгелетіп билесе, әнді шырқай біледі. Олай болса біздің қыздармыздың «Ақ қояндар» биін тамашалаңыз.
БИ: АҚ ҚОЯНДАР
Аяз ата: Тамаша ,тамаша
Тәрбиеші: Аяз ата біз балалардың «Әй, әй ата» әнімен тамашалаңыз.
Аяз ата: Керемет қандай өнерлі балалар.
Осы кезде шыршаны айнала ақ қоян келеді.
Ақ қоян:
Қарша қызға бір сәлем
Аяз атаға мың сәлем
Баршаңызға жаңа жыл құт береке әкелсін.
Тәрбиеші: Қоян жан сен мереке басталмас бұрын кетіп едің қайда жүрсің?
Ақ қоян: Ия мен мерекеге кешіге жаздадым. Көжектеріме сәбіз іздеп кетіп едім, міне себетім сәбізден толы келдім. Енді менім көжектерімнің биін тамашалаңыздар.
БИ: «ТӘТТІ СӘБІЗ»
Тәрбиеші: Қоян жан енді аяз атамен бірге би билеңдер. (аяз атаның қимылын қайталау.)
Аяз ата, Ақшақар: Ой, Бәрекелді балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар 2016 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын.