7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар! (8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар! (8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

</<font face="Times New Roman, serif">Барақ батыр ауылы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаксыбаева Сауле Маратовна

(8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!

Мақсаты: Сайыс барысында қыздарға әр қырларынан ашылуға мүмкіндік жасау, белсенділіктерін, өздеріне сенімділіктерін арттыру. Балалардың тілдерін, ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту. Қыздарды нәзіктікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Балаларды аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, сайыстарға қажетті заттар.

Барысы:

Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, бұл күні барылығымыз аналарымызды мерекелерімен құттықтауға асығамыз. Өйткені ана - біз үшін күн нұры, ана - біз үшін әлемдегі ең қымбат жан! Құрметті аналар, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Алдымен сәлем беру - салтым менің.

Шығады көркем ару, сұлуларың,

Қарсы алып құрметтейік туған халқым.



ІІ жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ-даңқың,

Қарсы алайық құрметтеп аруларды,

Ұстанған қазағымның ата салтын.



Қыздар келіп өз топтарына жайғасады.



ІІ жүргізуші:Әділдікпен әр сайысты бастайтын,

Туралықтан ешқашанда қашпайтын,-

Төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:



ІІ жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

(Таныстыру)

І жүргізуші:

Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,

Оттылық тектілік бар көзімізде.

Шешендік, көсемдік бар тілімізде,- деп кезекті «Мақал -сөздің мәйегі» сайысына береміз.

Мақалдың жалғасын тап:

1-топ:

Жақсы қыз - жағадағы құндыз, ... .... ....



Қыз өссе елдің көркі ... .... ...



Қыздың көзі ... ....

2-топ:

Қыздың жолы .... ......



Шешесіне қарап қызын ал, .... ...... ......



Қыз - өріс, ... .....

3-топ:

Қыздың қырық ... ...



Шешесі отырып, ... ... .



Қыз -құлыншақ, ... ....

ІІ жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де,

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне- деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз. 1-топ:

Қазақ тілі:

  1. Зат есімнің ережесін айт.

  2. Балықшылар сөзін сөз құрамына талда.

  3. Жел соқты сөйлемінен бастауышты тауып бер.

Математика:

  1. 8-дің көбейту кестесін айт.

  2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?

  3. 9-дың квадраты нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

  1. «Баланың айласы» мәтінінің авторын ата.

  2. Абай атамыздың бір өлеңін жатқа айтып бер.

  3. Өлеңнің жалғасын айт: Адамдық -борышың,

Халқыңа еңбек қыл. ... ...

2-топ:

Қазақ тілі:

  1. Етістіктің ережесін айт:

  2. Орындықтар сөзін сөз құрамына талда.

  3. Арқа сөзінен туынды етістік жаса.

Математика:

  1. 7-нің көбейту кестесін айт.

  2. Шаршы қандай фигура?

  3. 2-нің кубы нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

  1. «Қайырымдылық» әңгімесінің басты кейіпкері кім?

  2. Ыбырай Атамыздың бір өлеңін жатқа айт.

  3. Өлеңнің жалғасын айт: Кеңсің дала - Туған ана, ... ... ...

3-топ:

Қазақ тілі:

  1. Негізгі және туынды етістіктің ережесін айт.

  2. Оқушылар сөзін сөз құрамына талда.

  3. Сыз сөзінен туынды зат есім жаса.

Математика:

  1. 9-дың көбейту кестесін айт.

  2. 98 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.

  3. 6-ның квадраты нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

  1. Баласының тапқан еңбек ақысын әкесі отқа тастай салатын ертегі қай ертегі?

  2. І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жаиқа айт.

  3. Өлеңнің жалғасын айт: Мәпелейсің мені, анам.

Қолыңдағы құсындай. ... ...

І жүргізуші:

Түймем түсіп қалғанда,

Жалынбаймын жалғанда.

Ине, жіпті аламын,

Орнына әкеп тағамын - деп ендігі сайысты қолөнер сайысына береміз.

«Ойлан тап» сайысы. Топ басшылары ортаға шығып суреттегі затты сипаттап айтады, топ мүшелері оны табу керек.



ІІ жүргізуші:

Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік,

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Кезек сән үлгісінде.



Ата-аналармен ойын. «Аялы алақан» әрбір ана өз баласын қолынан танып тауып алу керек.

Оқушылардың аналарға деген құттықтаулары. Сынып қыздарын құттықтау. Сайыстың қорытындысын шығару.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал