7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр ауылы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаксыбаева Сауле Маратовна

Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын

Сабақтың мақсаты:

  1. Ертегінің мазмұнын оқушыларға түсіндіру, негізгі ойын ашу. Ертегіні өз ойларынан жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға үйрету.

  2. Шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.

  3. Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, тыңдауға, адал еңбек етуге, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: топтастыру, әңгіме кестесі, галерея аралау,болжап оқыту, ыстық орындық, екі жұлдыз, бір тілек.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сызбалар, мақал-мәтелдер, қима

қағаздар.

Сабақтың жүрісі:



Ұйымдастыру: оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық: Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырамыз партаға.

Топқа бөлу:

  1. Қызыл, көк, сары түсті галстук таңдайды.

  2. Сол түске сай үстелдерге отырады.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Үй тапсырмасы Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады». Мазмұнын сұрау.

  2. Галерея аралау. Суреттер бойынша мәтінді мазмұндау.

Сабақтың мақсатын хабарлау:

  • Қазір біз көбейту және бөлу амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Ол үшін тақтадағы амалдарды орындап, нәтижесінде шыққан сандарды өсу ретімен орналастыру керек.

48:8=6-г

3∙3=9-і

25:5=5-е

2∙2=4-т

3:3=1-р

9∙0=0-е

0 1 4 5 6 9

Е р т е г і

  • Ендеше бүгін біз сендермен жаңадан бір ертегімен танысамыз. Сендер ертегінің неше түрін білесіңдер? (Топтастыру құру)





Қиял-ғажайып Шыншыл









Жан-жануарлар туралы

-Бүгін біз грузин халқының «Еңбекпен тапқан тиын» деген ертегісін оқып танысамыз.

Жаңа сабақ:

  1. Мәтінмен жұмыс:

Болжап оқыту. Мәтінді үш бөлікке бөлу, әр бөлікті оқыту, сұрақтар қою, оқиғаны әрі қарай өз ойларынан жалғастыру, болжам жасату.

  1. Ертегіні рөлге бөліп оқыту:

Автор

Әкесі

Анасы

Баласы

  1. Ертегіні өз ойларынан жалғастыру. Топпен ақылдасып, бір оқушы ортаға шығып қорғайды.

Бекіту:

  1. Ертегідегі балаға мінездеме беру. Ой топтастыру құру арқылы. (Баланың суреті жан-жағынан меңзерлер жүргізілген парақ беру).

  2. Мақал-мәтелмен жұмыс: әр топқа еңбек туралы мақал-мәтелдің жартысы беріледі. Оқушылар топ ішінде жалғасын тауып және сол мақалдың мағынасын түсіндіреді.

І топ:

Еңбексіз өмір - сөнген көмір.

ІІ топ:

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

ІІІ топ:

Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, мұратқа жетпес.

  1. «Ыстық орындық» әдісі. Орындыққа отыратын оқушыны жұмбақ жасыру арқылы анықтау.

Сөзі дана,

Үні жоқ.

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолың алсаң - шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап).

Орындыққа отырған оқушыға басқа оқушылар ертегі бойныша сұрақтар қояды.

Қорытындылау:

«Әңгіме кестесі» әдісі бойынша сабақты қорыту.





Анасы мен баланың іс-әрекеті







Ертегі қалай аяқталды?







</<font face="Times New Roman, serif">Ертегіден қандай қорытынды жасадың?









Бағалау:

Әр топты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау. Әр топқа сабақтағы екі жетістігімен бір ұсыныс айту.

Үйге тапсырма:

Ертегіні түсініп оқып, мазмұнын айтуға дайындалу. Кейіпкерге хат жазу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал