7


  • Учителю
  • Жүргім бар жүрегіммен ұғысқан, Менің елім, менің жерім - Қазақстан!

Жүргім бар жүрегіммен ұғысқан, Менің елім, менің жерім - Қазақстан!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, жырымды саған арнадым»

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар.

2-жүргізуші: Бүгін біздің ата-бабамыз 300 жыл аңсаған тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы. Осынау мерекеде жас бүлдіршіндеріміздің бұлбұл дауысымен еліне деген махаббатын сынауға жиналдық қадірлі көрермен!

1-жүргізуші: Олай болса алдымен Әділқазыларымызбен танысып алайық.

1-әділқазы: _________________________________________________________

2-әділқазы: ________________________________________________________

3-әділқазы: __________________________________________________________

1-жүргізуші: Әнұран атты жыр.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.



2-жүргізуші: Жеңіс туын көтерген,

Жарыстарда сан қилы.

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.- 3 сынып оқушысы Шахмашова Жансаяның орындауында әнұран.



1-жүргізуші: Тәуелсіздік - тірегім, жырымды саған арнадым.

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

2-жүргізуші: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілекке!!! - 4 сынып оқушылары Есжанов Есенғали мен Сайлаубай Ерасылдың орындауында « Атамекен » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Тәуелсізік - ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

2-жүргізуші: Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған. - 7 сынып оқушысы Сарқытбаев Нұрдәулеттің орындауында « Көк тудың желбірегені »

1-жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік - 11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы.

Қаныменен атты таң боп бізге алдан. - 8 сынып оқушылары Қабдулкаким Медет пен Төлеубай Жәрдемнің орындауында « Жаса қазағым » әнін қабыл алаңыздар

1-жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайын жеткенінше көмей-

2-жүргізуші: Мен қазақпын, қаныммен сүйегіммен,

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам осынау кең далаға,

Мұрагерім, оған да бас иемін мен- Ақылбаев Аңсардың орындауында «Угәй» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Мен қазапын биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

2-жүргізуші: Қабыл алып жүрекке баласаңыз,

Арналар тек сіздерге тамашамыз! - 5 сынып оқушылары

2-жүргізуші: Өзіңдікі туыңда, от пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным!Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатыңнан қайырылып, қыр арқаңнан майырылып,

Қонақ - Тәуелсіздіктен, қала көрме айырылып.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік - достығымыз,

Тәуелсіздік - ел бірлігі,

Тәуелсіздік - ертеңіміз,

Ұрпақтар жалғасатын,

Тәуелсіздік - ата жолы,

Болашаққа нық басқан.

2-жүргізуші: Сан ғасырлар кешкен бастан езгіні,

Алашымның аңыз болған ерлігі,

Қазақстан - ұлан-байтақ Отаным,

Мәшһүр болды жер-жаһанға елдігі! - орындайтын 6 сынып оқушылары Жунусова Айым мен Құлмағанбетова Назерке

1-жүргізуші: Тарихыңа ой жүгірткен саралап,

Азаттыққа қол жеткізген, жамағат,

Ар-намыспен, қанмен келген ардақты-

Тәуелсіздік енді бізге - аманат! 10 сынып оқушыларының орындауында « Желтоқсан құрбандарының хаты » Оразалы Мерген мен Идрисова Жанайым.

2-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін Әділ қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші: Олай болса Әділқазыларымыз шешім шығарғанша біз әсем әнге кезек берейік.

Қорытынды:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал