7


Ұлт болашағы - мәңгілік ел

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйғыр аудандық білім бөлімінің

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





ТЕКСЕРІЛДІ

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

______ Ж .Абирова

«__» ___ 2016жыл









«Ұлт болашағы - Мәңгілік ел»





Брейн-ринг интеллектуалды ойын





7 б сынып













Сынып жетекшісі : Тұрбекова О.

















2016 - 2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ұлт болашағы - Мәңгілік ел»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:, Оқушылардың «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын білуі, Мәңгілік ел -идеясының маңызын түсіну, ел тарихын білуі

Дамытушылық: Ұшқыр ойлау, ойларын нақты айту, еліміздің тарихы туралы білімін дамыту

Тәрбиелелік: Топ ішінде бірлікте жұмыс істеу, бірін бірі құрметтеу, тыңдау және сөйлеу мәдениеттілігі

Сабақ түрі: командалық жұмыс

Сабақ әдісі: «Брейн-ринг »интеллектуалды ойын

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. «Тілек шеңбері»

2.Кіріспе: сынып жетекшісі Тұрбекова О.

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.



Оқушылар:

Назерке:Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Гүлназ:Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Әбдімәлік:Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Шахназ: Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.

Мұхтар:Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Ақжол:Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

Сымбат: Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Бейбіт:Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Самал:Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Шаттық:Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Елдар:Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.

Назерке:Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді «Ұлт болашағы - Мәңгілік ел» атты интеллектуалды «Брен-ринг» ойынына шақырамыз

Сынып жетекші: Тұрбекова О. «Брейн-ринг» ойының шартымен таныстырады : ойынға шақыратын гонгтың дауысы шығады. Әр жауапқа 1 мин беріледі( 2 команда шығады, егерде алдыңғы команда дұрыс жауап бермесе келесі топтың сұрағының дұрыс жауабына -2 ұпай беріледі)

«Брейн-ринг чемпионы» атағы ұшін күресеміз .«Тәулсіз орбитрларды» сайлау

Командаларға 10 - сұрақ және 1 финалды сұрақ қойылады. Женген командамен келесі команда сайысқа шығады

3.Ойынның басталуы: 4 командамен таныстыру: ( әр қатысуышының аты жөні аталады)

1. Болашақ 2. Самрұқ 3. Бәйтерек 4. Достық

Алғашқы ойыншылардың жеребе тастау арқылы анықталады.

</ «Көк үстел» және «Жасыл үстелге» екі команда орналасады.

Гонг. 1-гейм: Алғашқы 2кі команда шығады

1 - ші командаға: 1. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 - 1466 жылдар/

2-ші командаға : 2.Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)

1 - ші командаға: 3.Ғарыш айлағыБайқоңыр бүкіл әлемге қалай танылды?Жердің алғашқы жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.

2 - ші командаға: 4. Қазақстанды табиғи қор жағынан әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі деп есептейді. Неліктен? (Менделеев кестесіндегі 105 элементтің ішінде 99-ы Қазақстанда кездеседі).

1 - ші командаға: 5

Ұлт болашағы - мәңгілік ел

Жоғардағы сурет нені білдіреді?2011 жылдың қаңтарында Қазақстанда 7-шы Қысқы Азия ойындары өтті.

2 - ші командаға: 6:

Ұлт болашағы - мәңгілік ел

Жоғардағы сурет туралы не айтасыңдар?НорманФостердіңжобасы - «Хан шатыр» әлемдегішатыры бар еңіріқұрылысжәнеҚазақстандағыеңірілайф-стайлорталығыдептанылды.

1 - ші командаға: . 7.Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/

2 - ші командаға: 8. Қазақ халқы бойындағы Амангелді рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашанда бар»-деген сөздер қандай мақсатпен айтылған? (Қазақ халқы дүниежүзінде қайсар халық,қасық қаны қалғанша соғысатынын көрсетті)

1 - ші командаға: 9.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/

2 - ші командаға: 10.Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/





Гонг.2-гейм келесі 2кі команда сайысқа шығады

1 - ші командаға: 1.Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (800мың асты)

2 - ші командаға: 2.«Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/

1 - ші командаға: 3. Суреттер слайд « Алаштың бес арысы» .XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Сол азаматтарды «Алаштың бес арысы деп атайды». Бұл кімдер?

Ұлт болашағы - мәңгілік елШәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Ұлт болашағы - мәңгілік елМағжан Жұмабаев (1893-1938жж.)

Ұлт болашағы - мәңгілік ел Жүсіпбек Аймаутов (1890-1931ж.ж.)

Ұлт болашағы - мәңгілік ел Міржақып Дулатов (1885-1935ж.ж.)

Ұлт болашағы - мәңгілік ел Ахмет Байтұрсынов (1873-1937ж.)









2 - ші командаға: 4. слайд «Қазақтың үш биі» Суреттегі азаматтар - ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Олар өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Осы азаматтар әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған . Бұл кімдер?



Ұлт болашағы - мәңгілік елӘйтеке би (1644-1700 жж.)





Ұлт болашағы - мәңгілік ел Қазыбек би (1667-1764 жж.)

Ұлт болашағы - мәңгілік ел Төле би (1663-1759 жж.)





1 - ші командаға: 5.Қазақстанның астанасы болған қалалар. (Орынбор, Қызылорда,Алматы, Астана)

2 - ші командаға: 6. Қазақ елінің Қаһарман - жазушы? (Б.Момышұлы)

1 - ші командаға: 7.«Алтын адам» табылған жыл - (1969жыл)

2 - ші командаға:. 8.ХІІ ғасырда Қарахан салдырған Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез.

(Айша Бибі кесенесі.)

1 - ші командаға: 9.«О, Адам! Құдіретті нар - тынысың,

Жеңдің сен жердің Сұмдық тартылысын» бұл сөздерді кім айтты? (О.Сүлейменов)

2 - ші командаға: 10. Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/





Гонг. Финал : Ұпайды көп жинаған командалар сайысқа шығады:

1 - ші командаға: (5 ұпай)

Ұлт болашағы - мәңгілік елҰлт болашағы - мәңгілік ел

Осы суреттердің бір бірімен қандай байланысы бар?

Аламаты қаласы өзінің апортымен мақтанады. КөнезамандаАлматының «Алмалы» депаталғаны да тегiнемес. Еңтанымал апорт бақтары Алматы сыртындаорналасқан (мысалы, Бесқайнарауылдықаймағы). КСРО кезінде Алматы қаласыныңрәмізіне де айналған.

2 - ші командаға: (5 ұпай)

Ұлт болашағы - мәңгілік елҰлт болашағы - мәңгілік ел

Осы суреттердің бір бірімен қандай байланысы бар?





Аңыз бойынша Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады.

Көне заманда әлемдік ағаш жалпы дүниенің немесе әлем модельдерінің бір үлгісін сипаттаған. Үлгілердің біріне сәйкес, «Бәйтерек» (дәлме-дәл - «түпкі терек») дүниенің белағашы бола отырып, тұрмыстың 3 деңгейін байланыстырады: жоғарғы (аспан), ортадағы (адам өмір сүретін дүние) және төмеңгі (жерасты дүние).

Аңызға сүйенсек, бір батыр жерасты дүниеге түсіп, көптеген қиындықтарға тап болады. Үлкен ағаштың жанына келгенде ол Самұрық құсының балапандарын құтқару үшін айдаһарды өлтіреді. Алғыс ретінде құс батырды жердің бетіне жеткізеді. Сөйтіп, Самұрық құсы жоғарғы дүниенің (жарық), ал айдаһар - жерасты дүниенің өкілі (қараңғылық). Бұл аңыз көне заманда тұрған адамдардың жоғарғы және төмеңгі дүниелердің тайталасы туралы түсініктерін бейнелейді. Бір айтары, бұл тайталастың негізінде қашанда адам баласы бар.

Шешу сұрақтар:

А).Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім??/Бөгенбай батыр/

В) Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/

С) Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?

( Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

Д) Гимнің авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов)





Ойынның соңы. «Брейн-ринг чемпионы» анықталады.Марапат.

Рефлексия. Мен үшін бүгінгі сабақ ......

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал