- Учителю
- Сабақ жоспары 10 саны мен цифры
Сабақ жоспары 10 саны мен цифры
Уақыты:
Сыныбы: 0
Пәні: Математика.
Сабақтың тақырыбы: 10 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға 10 саны және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету;
б) Дамытушылық: оқушылардың ой - қиялын, математикалық тілін, дүниетанымын дамыту. Логикалық ойын ұштау. Саусақтың ұсақ моторикасын жетілдіру:
в) Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, жұптық, жеке жұмыстарға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: көрнекілік, әңгімелеу, көркем сөз, ойын, топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, айналамен танысу, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқу - құралдарын алдыру;
-
Психологиялық дайындық;
Балалар: - Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Қазақстан еліміз!
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Мұғалім: - Иә, балалар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Егеменді еліміздің туын берік ұстау үшін біз қандай болуымыз керек?
Балалар: - Әдепті, ақылды, сабырлы, білімді болуымыз керек.
Мұғалім: - Ендеше, математикалық білімімізді толықтыру үшін математика сабағымызды бастайық.
-
Математика сабағында нелерді үйренеміз?
Балалар: - Санауды, сандарды, есеп шығаруды.
Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі біздің білімімізді көруге қонақтар келіп отыр және біз тек сандармен танысып қана қоймай, еліміздің астанасындағы әсем ғимаратқа саяхат жасаймыз. Өйткені алда қандай мереке келе жатыр?
Хормен: - 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Мұғалім: - Тәуелсіздік деп атайтын себебеіміз осы күннен бастап өз туымыз, өз елтаңбамыз, әнұранымыздың шырқап, өз елбасымыз бен өз тіліміз, өз дініміз қайта оралған күн! Осындай егеменді еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Мұғалім: - Астанаға немен барамыз?
Хормен: - Пойызбен барамыз.
Мұғалім: - Ендеше міне, пойыз. Пойызға мініп, әр вагондағы тапсырмаларды орындасақ.
ІІ Өткен материалды қайталау
-
«Пойыз құрастыр» ойыны
-
Оң және кері санау. Топтық жұмыс.
1 қатар - 1 ден 7 -ге дейін және кері санау
2 қатар - 1 ден 8 - ге дейін және кері санау
3 қатар - 1 ден 9 - ға дейін және кері санау.
Санамақ:
Бір дегенім - бөрік,
Кисем бойға көрік.
Екі дегенім - етім,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім - тұмақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
Бес дегенім - байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Алты дегенім - алқа,
Мойныңа тақ ал да.
Жеті дегенім - жейде,
Кір болмасын кейде.
Сегіз дегенім - сенсең,
Тонның жылысы сенсең.
Тоғыз дегенім - телпек,
Болма бала тентек.
Он дегенім - оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
ІІІ Жаңа сабақ мазмұны
-
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-
Тапсырмалар орындау.
1 шарты: «Біліміңе білім қос»
Ой шапшаңдығын жаттықтыру.
Дөңгелек ішіндегі сандарға қосындысы сәйкес келетін сандарды қоршап сыз.
3 4 6 5 1 7 9
2 шарты: «Әдеміліп жазып көр!»
10санының цифрының жазылуы:
а) үлгі бойынша көрсету;
ә) ауада жазу;
б) дәптерге 10 йифрын жазу;
- Партаға отырдық па? - Иә.
- Иығымыз тік па? - Иә.
- Дәптер, қалам алдық па? - Иә.
- Ендеше, салақтықты тастайық, әдептілеп жаза бастайық,
10 10 10 ...
10 > 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
10 = 10
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
3 шарты. 10 санының құрамы
9 + 1 = 10
8 + 2 = 10
7 + 3 = 10
6 + 4 = 10
5 + 5 = 10
4 шарты. «Ойлан, тап».
а) Логикалық санамақ, мазмұнды есептер
Шығармақ болып кеше есеп, Он асықтың екеуін,
Жиналғанда 10 есек. Досың сұрап алады.
Біреуі ұйықтап отырды, Айтшы сонда нешеуі,
Ынталысы неше есек? 10 - 1 = 9 Өз қолыңда қалады? 10 - 2 = 8
Себетте 10 алма тұр еді. Оның екеуін Азат, біреуін Әсет алды. Себетте неше алма қалды? 10 - 3 = 7
Апасы Алмасқа 10 қалам сатып әперді. Оның 4 - еуі қара түсті. Қалғаны көк түсті. Көк түсті қалам нешеу? 10 - 4 = 6
Аулада 10 құс жайылып жүр еді. Оның бесеуі үйрек, қалғаны қаздар. Аулада неше қаз жайылып жүр? 10 - 5 = 5
ә) «Тоғызыншыны тап» .
Күн, ай, жұлдыз.
Шешуі: (суретін салу)
Сергіту сәті.
Жаза, жаза жазуды,
Талып қалды қолымыз.
1, 2, 3 -
Саусақтарым жина күш.
One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten. (санау)
5 шарты «Өзіндік жұмыс»
Белгісіз санды тап
3 + 7 = 10 6 + 4 = 10
4 - 2 = 2 10 - 3 = 7 (Оқыта отырып тексеру)
IV. Сабақты қорытындылау.
Балалар, сіздер сабаққа жақсы жақсы қатысып, келген қонақтарға білімдеріңді көрсеттіңіздер. Мен де, сіздердің Қазақстанның үлкен азаматтары болатындарыңызға сенімдімін.