- Учителю
- Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған орта Тақырыбы:Мамандықтар
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған орта Тақырыбы:Мамандықтар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
</<font color="#666666">
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы:Мамандықтар
Мақсаты:
Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыруШаштараз, аспаз,
дәрігер,тігінші мамандарына керек заттарды ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, сөйлеу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, дәрігер, шаштараз, аспазшы
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Қостілдік компонент: Тігінші - портниха, дәрігер - врач, шаштараз -
парихмакер, профессия - мамандық ,аспазшы-повар
Көрнекіліктер: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар,
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің әрекеті
Бала әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Іздену ұйымдастырушылық
Рефлекстік кезең
Шаттық шеңбері:
Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер? .
Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн шықты..
- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң,
қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым естіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!
-Ендеше бүгінгі бізге келген қонақтармен амандасайық. Үлкенге де
сіз,
Кішіге де сіз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем дейміз біз.
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.-деп бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз.
-Балалар сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді
- Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Суретпен жұмыс:
Сурет бойынша әнгімелету.
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Бұл дәрігер . Дәрігер баланың тісін емдеп жатыр.
Тісін немен емдеп жатын?
Өзінің арнайы құралымен емдеп жатыр.
Шаштараз шаш алып жатыр
Аспазшы тамақ әзірлеп жатыр
Тігінші киім тігіп жатыр
Қима суреттер таратып құрастыруды ұсынамын. Кімдердің суреттерін
құрастырдыңдар
Шаштараз
Тігінші
Дәрігер
Аспазшы
(1-2 баладан жеке сұрау)
Осы мамандықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Міне балалар бұларды біз «мамандық иелері» деп айтамыз.
(Мамандықтардың қызметтері туралы әңгімелеп беру.)
Дәрігер адамдарды емдейді, укол салып жазады.
( Шаштараз,тігінші, аспазшы туралы әңгімелеймін)
Балалар бұл мамандық иелерінің атқаратын қызметтеріне қарай құрал
жабдықтары да әр түрлі болады.
Мамандық иелеріне қажетті құралдарды слайд арқылы көрсету
Сергіту сәті
Таңқаларлық сәт: Жылаған балалардың дауысы естіледі:
-Балалар мына баланың тісі аурып тұр.Ал мына баланың шашы өсіп
кетіпті, киіміде жыртық екен, ал мына бала тамақ ішкісі келіп отыр
екен.тісі ауырған баланы кім емдеп жазады?
(Дәрігерді көрсетеді)
Ал шашты кім жөндейді?
Киімді кім тігеді?
Асты кім дайындайды?
(Суреттен көрсетуді ұсынамын)
Жеке жұмыс:
Бұл балаларға көмектесу үшін мамандарға қажетті құралдарын сызба
арқылы көрсетіңдер
-Балалар сендер жақсы көмектестіңдер . балалар сендерге рақмет
айтып жатыр.
Слайдпен жұмыс
Аталған заттар қай мамандық иесіне қажет
Біз кімдер туралы әңгімеледік?
Бұларды кімдер деп атаймыз?
Сендер де жақсы маман иесі болу үшін казірден тәртіпті , білімді
болып өсулерің керек. Ол үшін апайларды, ата аналарыңды тыңдап
жүріңдер.
Балаларды мақтап мадақтап смаликтер таратып беремін
Ал сендер де маман иесі болып көріңдер
Таңертең келеміз.
Қимылмен орындайды
Қимылмен орындайды
Өз білгендерінше айтады
Бұл дәрігер . Дәрігер баланың тісін емдеп жатыр.
Тісін немен емдеп жатын?
Өзінің арнайы құралымен емдеп жатыр.
Шаштараз шаш алып жатыр
Аспазшы тамақ әзірлеп жатыр
Тігінші киім тігіп жатыр
Балалар топқа бөлінеді
Әр топ өздері құрастырған сурет бойынша айтады.
Шаштараз
Тігінші
Дәрігер
Аспазшы
Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Мамандық иелері- деп қайталайды
Мұқият тыңдайды
Қимылмен орындайды
Таңқалысады
Дәрігер.
Шаштараз
Тігінші
Аспазшы
(маман иелерін көрсетеді)
Мамандарға қажетті құралдарды сызба арқылы көрсетеді
Заттарды атайды қай мамандық иесіне қажет екенін айтады
Сұрақтарға жауап береді
қуанады
Күтілетін нәтиже:
Қайта жаңғыртады: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті
құралдарын атай білуі керек
Түсінеді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді. Маман иелерін
ажыратады.
Қолданады: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі