7


  • Учителю
  • Ядролық қарусыз Қазақстан тәрбие сағаты

Ядролық қарусыз Қазақстан тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шнанов Ө.Р.Астана қаласы

№59 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі

Тақырыбы: Ядролық полигонды жабудағы ҚР Тұңғыш Президентінің ролі

</ Мақсаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіну. Ядролық полигонды жабудағы Елбасының ролін ашу. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы ролін анықтау. Бейбітшілдік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.

1 жүргізуші: Кеңестік салқын саясаттың күшімен ұлы Абай мен данышпан Мұхтардың кіндік қаны тамған киелі Жерге сынақ полигоны салынған болатын. Сөйтіп 1949 жылы тамыз айында ең алғаш атом бомбасы жарылды. Бейбіт отырған халықтың төбесінен атом бомбаларын бірінен соң бірін жарып ,жүздеген мың адамға ашықтан-ашық тәжірибелік мақұлық ретінде экспериментті жасаған жауыздықты бұрын-соңды ешкім көріп білмеген еді. Биылғы жылы Семей полигонының жабылғанына 25-жыл толып отыр.

Көрініс: Баласы: Әке, мама мен бүгін сабақтан бес алдым. Анасы: Ой айналайын қуатым менің ұлым әлі-ақ үлкеееен азамат болады Әкесі: Ия аман бол балапаным. Бала: Ия әке, анашым мен сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Тек қана беске оқып, үлкейгенде Абай, Шәкәрім атамыздай бар қазаққа танымал азамат атанамын.Анасы: Тфә, тфә тіл көзден сақтасын.Баласы: Анашым мен қазір есіктің алдына барып балалармен ойнап келейін рұқсат болса.Анасы: А бара ғой құлыным.Үйге әскери киінген адам кіріп келеді: Амановтар отбасы осы үйде тұрады ма?Анасы: Ия,ия не болып қалды,тыныштық па? Әскери адам: А ия тыныштық қой, алдағы күндері ауа-райы бұзылып дауыл соғуы мүмкін. Соны ескертейін деп едім. Есік-терезелеріңізді жауып, сақтық сақтап жүріңіздер.Әкесі: А сондаа........... (Солдат: шығып кетеді.) Әкесі: О заман да бұл заман әскерилер де ауа-райымен айналысатын болған ба........

(Дүмпу даусы (бомба) естіледі) Әкесі. Бұл не болып кетті а....Анасы: Әй әлгі бала қайда кетті екен....Үйге баласы келеді (мұңды, әлсіреп): ай балам ай не болды саған...Баласы:Анашым бүртүрлі басым айналып барады.. айналып барады..... мен Абайдай, Мұхтардай болам әлі..Әкесі мен анасы жылай: Не болып кетті бұл дүние баламай, құлыным-ай бізді тастап қайда кетіп барасың жалғызым-ай.

1 жүргізуші: Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп Семей ядролық полигоны ашылды.

2 жүргізуші. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1-оқушы. Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды атом.

Қирады талай арман көңілге алған

2 оқушы Абайдай ұлды туғызған жерім данасың,

Көп жандарға сан уақыт жерім панасың.

Ертісің анау тартылып барады өзенің,

Қайда кетіп барасың?

Қанша жылдар кетті ме?

Небір қиындық өтті де!

Сонау сұрапыл полигон

Шаң қақтырып кетті ме?

Сұм жауызға жем болып,

Ата-баба көнді ме?

Полигон оғы атқылап,

Тыныштығың кетті ме?

1 жүргізуші: Семей полигоны зардабы қырық жылға созылды. Сол сұм тарихтың бетіне үңілсек. ( слаид арқылы)

1 оқушы. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радияциялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтарының тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды. 1949 жылғы 29 тамызда сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп аспанға көтерілген. Бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі №2 оқу полигонында РДС-1 плутоний зарядын жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.

Жоспарлы ядролық сынақ өткізді.

2 оқушы 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастады. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Видео көрсетіледі

1 жүргізуші: 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жабылған болатын. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ҚР - ядросыз аймақ деп жарияланды. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық құрылды.





1 оқушы: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді сынақ болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

1 жүргізуші: Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол - Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі. Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы мен әлемдегі 4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі болып табылады.

Семей полигонының жабылуы туралы видео көрсетіледі

2 жүргізуші. Барша халықтар мен мемлекет басшыларының саяси еркі болған жағдайда ядролық қарудан бас тартуға мүмкіндік бар екеніне кәміл сенуге болады. 450-ден аса ядролық жарылыс көрген Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толды. 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстан ұсынған қарарды бірауыздан қолдаған болатын. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздану үдерісіне қосқан үлесін мойындаудың жарқын көрінісі болды.

1 жүргізуші: Елбасы 2009 жылы 12-қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумына Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелерінде ең сенімді серіктес болғанын, болатынын және бола беретінін атап көрсетті. Форумға қатысушыларға БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун бейне-үндеу жолдады. Ол Астанадағы Форум Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық көшбасшылығының тағы бір дәлелі болып табылатынын атап көрсетті.Сеулде өткен форумда да Елбасымыздың бұл еңбегі ерекше бағаланды.













4



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал