7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Мен елімнің патриотымын!

Тәрбие сағаты Мен елімнің патриотымын!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тәрбие сағаты Мен елімнің патриотымын!

«Өндіріс орта мектебі» КММ









Білім күніне арналған тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты Мен елімнің патриотымын!













Өткізген 4-сынып жетекшісі: Сеилханова Ж.С.

2016 - 2017 оқу жылы









Мен елімнің патриотымын!

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.

Отанды сүю - от басынан басталады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.



Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.



Психологиялық ахуал. «Жүректен - жүрекке». Оқу жылы басталуына байланысты бір біріне жақсы тілектер тілеу.

Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата - анасын, туған - туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс - тіршілігін, салт - санасын, әдет - ңұрпын білуге тәрбиелеу - нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы - балаға патриоттық тәрбие беру.

Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата - ана мен ұстаз - тәрбиеші шеберлігіне байланысты.

2.Негiзiгi бөлiм: "Қазақстанға саяхат" ойыны

1. «Менің Қазақстаным» аялдамасы.

2. «Сандар сыр шертеді» аялдамасы.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп,уанған

Бұл даланы алғаш көріп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қ.Аманжолов.



«Менің Қазақстаным» аялдамасы. Сұрақ-жауап



Біздің еліміз қалай аталады?

Біздің еліміз қандай?

Біз қандай мемлекетпіз?

Еліміздің астанасы қалай аталады?

Қала қай жерде орналасқан?

Біз қай облысқа қараймыз?

Тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?

Ел рәміздеріне нелер жатады?

Ұлттық валютамыз не?

Туымыз қандай?

Елтаңбада не бейнеленген?

Еліміздің президенті кім?

Әнұранды білеміз бе?

Әнұран орындау





- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?



- Тақтамен жұмыс: «Патриот» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/



Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады



Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.



Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.



Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.



Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.



Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.



Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.





«Сандар сыр шертеді» аялдамасы.



Тақтада сандар жазылған(1991,1992,1993,1995,1997,1998,2006)



1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.



1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.



1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді.Ұзындығы 2 метр,ені 1 метр.



1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді



1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш Ата Заңы қабылданды.Содан бастап 30 тамыз Ата Заң күні деп белгіленді.



1997 жылы бұрынғы астанамыз Алматыдан Республикамыздың басшы орындары,Президент кеңесі,ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.



1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.



2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.



Ән/Көк тудың желбірегені





Бәрi болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгi де, ерлiк ,өнер де.

Жахандағы ең жауынгер халықта

Кiм сенедi ,Ту болмады дегенге?

Ту авторы : Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркiнi байрағынан таныған

Өзi ақын,өзi әншi халықта

Кiм айта алар болмаған деп-Әнұран?

Әнұран авторы: Е.Брусиловский,Л.Хамиди ,М.Төлебаев

Сөзiн жазғандар: Ж.Дәрiбаева,М.Әлiмбаев, Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев



/Слайд көріп шыққаннан кейін/



Сіздер кішкентай балапандар - еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.



- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.





Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:



Мақал мәтелді оқушыларға аяқтату.

Отанды сүю - от басынан басталады.

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.



Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.



Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар? \оқушылар суреттерін салады\



Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.

Ал сендерің жетістіктерін бүгінгі алып жатқан білім мен өнерден құр қалмау, өйткені, келешекте Отанымыздың дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.

Ұлжан: Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек - менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен тәуелсіз Қазақстан атты елде тұрамын. Белгілі орыс ақыны, жазушы Илья Эренбург «Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды», - деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай, ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да, марқая да айтсақ болады емес пе?!

Нұралы: Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық.

Әлия: «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген





Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін





Бәрі: Мен боламын еңбекқор,

Болашағы елімнің!





- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарыңашық, жарқынболсын, Тәуелсізелдің азаматтары!



Мадақтау: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты қорытындылау.Конец формы

























































  1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

  2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.





  1. 1993ж. 15-қарашада -Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.



  1. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.



  1. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.



  1. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.



  1. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.



  1. 2000ж. Мәдениет жылы.

  2. 2002ж. Денсаулық жылы.

10. 2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11. 2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.

12. 2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13. 2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14. 2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар -ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.







Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген





Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал