- Учителю
- Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Мақсаты: - оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; - сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету; сөзді байланы
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Мақсаты: - оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; - сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету; сөзді байланы
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты:
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
- сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету; сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топта, жеке жұмыс істеу;
- басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу.
Ауызекі сөйлесу
-
Бүгін қай күн?
-
Бүгін ауа райы қандай?
-
Жылдың қай мезгілі?
-
Айналада қандай өзгерістер бар?
ІІ. Іс шара барысы.
1. Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
... Барлық істің батыры - біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
(кестені толтыр)
Тірек схеманы интерактивті тақтада көрсету.
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
Тағы қандай маман иелерін білеміз?
ІІІ. Сөздікпен жұмыс (тақтада суреттермен сүйемелдеп көрсету- көрнекілік әдісі)
-
Жүргізуші
-
Өрт сөндіруші
-
Тігінші
-
Әскери қызметкер
-
Әртіс
-
Құрылысшы
-
Аспазшы
-
Дәрігер
-
Етікші
-
Шаштараз
-
Мұғалім
-
Кітапханашы
А 4 парақшасында мына кестені жаңа сөздерді қолданып, жалғастырып жазыңдар
ІV. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
V. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер - адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.
Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.
Оқып шығып, түсінбеген сөздермен жұмыс жасайды.
Қиын сөздерді теріп жаз. Олардың мағынасын түсіндіреміз.
Осы сөздің синоним, антонимдерін тауып айтайық.
Олармен сөз тіркестерін құрастырайық.
Мәтіннің негізгі ойы неде?
Мәтін бойынша жұмысты деңгейлеп тексеру.
1деңгей: мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.(әңгімелесу әдісі)
2 деңгей: Мәтінді оқып, жоспар құрыңдар. Жоспар бойынша қысқаша әңгімелеңдер.
3деңгей: Мен болашақта . . . болғым келеді
VІ. ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Зат есім деген не?
Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
Оның қандай жалғаулары бар?
Жалғаулар қандай заңға жүгінеді?
Кестені толтыр, мысалдар келтір (интерактивті тақтаны қолдану).
Мысалы: мамандық+тар (көптік жалғау)
мамандығ+ым (тәуелдік жалғау)
мамандық+тың (септік жалғау І.с)
маман+мын (жіктік жалғауы)
Мәтіндегі зат есімдерді тауып, жалғауларын анықта.
Бір сөзбен сөйлем құрастыру.
Мынау тігінші.
Тігінші ательеде жұмыс істейді.
Бұл он саусағынан өнер тамған тігінші.
Аудан адамдары бұл тігіншіні қатты сыйлайды
Сабақ қорытындысы.
«5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.