7


  • Учителю
  • Менің армандарым, менің сенімдерім және үміттерім.Шығарма

Менің армандарым, менің сенімдерім және үміттерім.Шығарма

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК













«Менің арманым» республикалық интернет-байқауы





«Менің армандарым, менің үміттерім мен сенімдері» шығармалар байқауы









Тақырыбы: «Тәуелсіздік - орындалған арман»

























Жұмыстың авторы: Болат Өмір





Білім беру ұйымының мекен-жайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі, 8 «Ә» сынып





Жетекшісі: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы













2016 жыл

Қазақстан - менің армандарым орындалатын жер, үміттерім мен сенімдерім ақталатын қымбат мекенім.

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Өскелең ұрпақ бұл бақытты көзбен көріп, көңілмен ұғынып келе жатырмыз. Елімнің өткенін, халқымның қилы тағдырын мен көзіме жас ала алмай, денемнің әрбір талшығымен сезінбей, елестете алмаймын. Мен үшін өткенім маған үлкен тарих, асыл мұра, өлшеусіз қазына. Ата-бабаларымыздың ыстық қаны, туған жеріміздің киелі топырағы, тіліміздің мұқалмас өткір құдіреті менің қанымда, менің жанымда. Сонау сақ, ғұндар заманынан бастау алатын тарихым - менің мақтанышым! Күлтегін бабамыздан бері тәуелсіздік жолындағы арман-мұраттар атадан балаға мұра болып жалғасып, бір сәт жібін үзген жоқ. Жалынды ақын Махамбеттің өршіл өлеңдері өшкен үміттерге дем беріп, сөнген жанарларға от берген жоқ па?! Ақынның бойға қуат беретін отты сөздері ұрпағының аузында, жүрегінің түбінде жатқан жоқ па?! Талай рет елдігімізден айырылғалы тұрған сын сағаттарда халықты рухтандыра білген, бір жағадан бас, бір жеңнен қол болып, ұйымдаса білуінің өзі осы халқымыздың жалынды сөздері мен қанды қыздыратын намысы еді ғой!? Олай болса, мен неге болашағымды армандауға, келешегіме үміттенуге, сенім артуға қорқамын? Жоқ, мен қорықпаймын, өйткені мен - кешегі еңіреп жүріп, ауыздығымен шайнасып, құрбан болған боздақтардың жалғасымын!

Бүгін мен тәуелсізбін!!! Қасиетті қара жердің астынан мәңгі орын тепкен ата-бабаларыма: «Мен мың өліп, мың тірілген, батыр қазақ, дана қазақ, бүгін тәуелсізбін, естимісің!?» - деп айқайлағым келеді. Иә, олар маған иектері кемсеңдеп, көкейлеріне өксік тіреліп: «Шүкір, шүкір, балам!» - дері анық. Сондықтан тек менің ғана емес, иісі қазақтың арманы, үміті, сенімінің бәрі тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуымен тығыз байланысты болуы керек! Көк аспанымызда туымыз желбіреп, қыранымыздың еркін қалықтап ұшуынан артық маған ешқандай арманның қажеті жоқ, «Мәңгілік еліме» адал қызмет етуден артық үміт жоқ, елімнің тыныштығының, халқымның берекесінің баянды болуынан артық сенім жоқ!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал