- Учителю
- Абайлаңыз, балалар жол үстінде
Абайлаңыз, балалар жол үстінде
</<font face="Times New Roman,
serif">Абайлаңыз, балалар жол үстінде
Жауғашты ауылы
№ 27 орта мектебі
ДТІЖО Ж. С.Сагинбекова
Оқушыларды жауапкершілікке сергектікке, жол ережесін бұлжытпай
орындауға, өзіміздің шағын аудандағы жол белгілерінің есте сақтау
дағдысына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Стендте «Жол белгілері» макет, бағдаршам, жол
белгілері, бағдаршам суреті.
Барысы:
І. -Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Кездейсоқ жол көлік
оқиғаларынан қорғану біздің өмірімізді, денсаулығымызды сақтаудың
кепілі. Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман -есен жүрейік» атты
ашық тәрбие сағатымыз осы,жолда жүру ережесін насихаттауға, жол
ережесін бұлжытпай орындауды үйретуге арналады. Енді балалар
математика әлеміне саяхат жасаймыз. (Машнаның суретін төбесіне
іліп, астына нүктелермен белгілеп қоямыз)
-Балалар осы нүктелерді қосқанда қандай фигура шығады?
-Дөңгелек, төртбұрыш
-Сонда балалар біз ненің суретін шығардық?
-Машинаның суретін шығардық.
-Әрбір адам кем дегенде жолды екі рет кесіп өтеді.Қоғамдық
транспорттарды немесе велосипед тебеді. Олар біздің жол қозғалысына
қатысуға себепкер болады.Ал жол бойында кез-келген қатерге ұшырамау
үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз қажет.Сонымен балалар біз
тақтадағы жол белгілеріне назар аударайық. Мына белгіні кім біледі
деп әр баланы орындарынан тұрғызып сұрау.
1. Бұл жер жөндеп жатқан жер.
2. Жаяу жүргінші өтпесі
3. Қисық жол
4. Балалар белгісі
5. Велосипед жолы
6. Тұрақ
-Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді,
Бір көзім абайла
Жан-жағыңа қарайла дейді
Бұл не?
(Бағдаршам)
-Балалар мынау ненің сурет?
-Бағдаршам
-Қалай ойлайсыңдар бағдаршам не үшін керек?
-Тәртіпті сақтау үшін.
-Ал енді көздеріңе сиқырлы көзілдірік киіңдер.Көздеріңді
жұмыңдар.Қала көшелерінде бағдаршам жоқ деп есептеңдер. Ал енді көз
алдарыңа не келіп жатыр?
-Машиналар соғысып жатыр, сабақтан кешігіп жатыр, жұмыстан кешікті,
пробка.
-Балалар көшені кесіп өтер әрбір тұста бағдаршам тұр. Енді сонымен
танысайық.
Сағыныш:
Менин уш козбар
Бир козим кидир дейди
Бир козим жугр дейди
Бир козим абайла
Жан-жагына карайла дейди
Нурадин:
Қарлығаш:
-Балалар бағдаршамның әр түсінің өзіндік қызметі бар.Сонымен
танысайық.
Ақерке:
Кызыл кози жанса
Мейли колик жокта
Катып калган жанша
Кыбыр етпе токта!
Мәншүк:
Сары кози жанса
Сен мынаны ангар
Турып калмай онша
Козгалуга камдан
Диас:
Жанса кози жасыл
Жолын айдай ашык
Журе бергн батыл
Кереги жок сасып
-Енді балалар сергіту сәтін ұйымдастырсақ. Сары жанса қол
шапалақтаймыз, Жасыл жанса аяғымызбен қозғаламыз, Қызыл жанса үнсіз
тұрамыз. Онда бастадық.
- Балалар енді орталарыңнан кім бағдаршам туралы, оның түстері
туралы айтып береді.
Бағдаршам-жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейді. Онда үш
түрлі жарық түстері қолданылады.
Қызыл түс-қозғалысқа рұхсат береді. Сондай -ақ бұл түс қызыл түстен
айқын ажыратылады.
Сары түс-негізгі қызыл және жасыл түстердің айырым белгісі. Бұл да
жақсы көрінетін түс.
-Сонымен балалар біз бағдаршаммен таныстық.Бағдаршамның әрбір
түстерінің орналасатын нақты орындары бар. Енді кім сол туралы
нақты айта алады.
Қызыл түс ең жоғарыда орналасады.Ал аралық түсболғандықтан сары түс
ортада орналсады.Ал жасыл түске бағдаршамның ең төменгі бөлігінен
орын қалыпты.
Егер жасыл түс жыпылықтаса,оның уақыты таусылды деген сөз.
-Өте жақсы балалар.
Осы кезде орындарынан тұрып барлығы өлең айтады.
-Енді балалар Жолды қай жерден кесіп өту керектігін анықтап алайық.
Ол үшін жолды жол қозғалыс ережелерінде рұхсат етілген жерлерден
ғана кесіп өтуге болады.
Жаяу жүргіншінің жолдан өтуі үші «Жаяу жүргінші өтпесі» деп
аталатын арнайы аумақтар бөлінеді.
Бұл белгіні күнделікті өмірде көріп жүрміз. Мына тақтадағы сол
белгі.
ІІ Бағдаршам құру ойыны
Балалар бағдаршам құру ойынынойнау үшін бізідің алдымыздағы
сұрақтар арқылы бағдаршам құрамыз.
ІІІ «Бағдаршам» сөзжұмбағы
ІҮ Сөз шығару ойыны
Үш әріпті береміз. Қызыл дегендегі Қ әрпі. Жасыл дегендегі Ж
әрпі.Сары дегендегі С әрпі.
Ү.Қорытынды.
Сонымен бүгінгі атты сыныптан тыс сағатымыз аяқталды Сонымен
мектепке келер жолда көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең
қауіпсіз жолды таңда.