7


  • Учителю
  • Математика әлемі 3 сынып, тәрбие сабақ

Математика әлемі 3 сынып, тәрбие сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Математика әлемі»



Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын,

математика пәніне қызығушылығын арттыру, алдағы

сынақтарға алдын-ала дайындау. Оқушыларды ұйымшылдыққа,

жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекілігі: презентация, безендірілген зал.

Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Таныстыру сәті

ІІ. "Кім тапқыр?»

ІІІ. Математика мақал-мәтелде

ІV. Жұмбақтағы математика

V. Математикалық сұрақтар

VІ. «Ерте-ерте, ертеде...»

VІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр»

VІІІ. Қорытынды

Жүргізуші: Қайырлы күн, білім сүйер қауым! «Математика әлемі» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» деп ұлы ғалым Гаусс бекер айтпағаны белгілі. Осы нақыл сөзді бүгінгі іс-шарамыздың ұраны ретінде алып, «Математика әлеміне» сапарымызды бастайық.

Оқушылар 2 топқа бөлінген. Ортаға І топ: «Білімділер», ІІ топ: «Болашақ» топ сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

(Әділ-қазылармен таныстырады)

І. Келесі кезекте таныстыру сәті

І топ «Біліділер» тобы.

Ұраны:

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ топ. «Болашақ» тобы.

Ұраны:

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.



ІІ. «Кім тапқыр?»

«Білімділер» тобына.

күтне - НҮКТЕ, ұшрыб- БҰРЫШ, лодағ - ДОҒАЛ,

«Болашақ» тобына.

шыраш- ШАРШЫ, үрйсі - СҮЙІР, утедең - ТЕҢДЕУ



ІІІ. Математика мақал -мәтелде

Жүргізуші: Келесі біздің кезеңіміз «Математика мақал-мәтелде» деп аталады. Мұнда мен мақалдың басын айтамын, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.

1-топқа.

1. Бір тал кессең , .... (он тал ек)

2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді .... (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді)

3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)



2-топқа.

1. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

2. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің тоқсан тоғыз)

3. Білекті бірді жығады, ...(білімді мыңды жығады)



ІV. Жұмбақтағы математика

Жүргізуші: Келесі кезеңімізде қатысушы топтарға математикалық жұмбақтар жасырылады. Әр топ өз жұмбақтарының шешуін 1 минут ойласып алып жауабын береді.

1-топ. 1. Алды -артымыз шексізде

Жете алмайсыз біздерге

Сәуле менен кесінді шыққан тегін білсін бе? (түзу)

2.









2-топқа. 1. Нәрселерді санағанда

Керек бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай (натурал)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)







V.Математикалық сұрақтар

Жүргізуші Әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға дұрыс жауап 1 ұпайдан есептеледі.

1-топқа.

1. Қандай санды қосқанда ? (0)

2. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (үтір)

3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын

арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4. Төртбұрыштардың түрлерін атап, олардың өзара өзгешеліктерін айтып шық. (ромб. Трапеция, квадрат, параллелограмм, тіктөртбұрыш)

2-топқа.

1. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)

2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

3. Фалес теоремасын айт. (Параллель түзулер бұрыштың бір қабырғасынан пропорционал кесінділер қиятын болса, екінші қабырғасын ан да пропорционал кесінділер қиып өтеді)

4. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6 адам)

VI. «Ерте, ерте, ертеде...»

Жүргізуші: Бұл кезең шығармашылық кезең деп саналады. Кезеңнің негізгі шарты: әр команда өзіне берілген тақырып бойынша 3 минут ішінде ертегі құрастыру қажет. Сайыс 10 ұпай бойынша бағаланады.

ТӨРТБҰРЫШТАР.

VІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр»

Жүргізуші: Әр топқа 3 стақан және ақ парақ беріледі. Сол заттарды пайдаланып 2 стақанның үстіне 3-ші стақанды бір-біріне тимейтіндей етіп орналастыру қажет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал