- Учителю
- Отбасылық сайыс Ынтымақты отбасы
Отбасылық сайыс Ынтымақты отбасы
«ЕҢБЕК АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРАЛЫҒЫ БАР № 22 ОРТА МЕКТЕП» КММ
«Ынтымақты отбасы»
сайысы
Азимова Фарида Ислямовна
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ
«Ынтымақты отбасы» сайысы
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден танымын анықтау.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
Құрметті ата - аналар, балалар! Бүгін біздің «Ынтымақты отбасы» сайысы өткізілгелі отыр. Бұл сайысқа 4 отбасы қатысады. Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Аты-жөндері аталады).
Ал, енді сайысымыздың шартына тоқталайық:
«Ынтымақты отбасы» сайысы 5 бөлімнен тұрады.
-
Сұрақтарға жауап беру (ұлттық тәрбиені меңгеруді байқау)
-
«Күштілер, ептілер, батылдар» сайысы
-
Өнерпаздар сайысы (ән айту, күй тарту, би билеу...)
-
Қолөнер сайысы:
а) әкесі қамшы өреді, баласы көмекші болады
ә) Анасы ою ояды, қызы көмекші болады.
-
Ас дайындау
Сайысымыздың шартымен таныстық, енді сайысымызды бастайық. Әр топтың басшысы қалаған сұрағын алсын. Сұраққа бірігіп жауап беруге болады.
1 тапсырма
-
Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіз? Тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.
2. Құрт қалай жасалады?
3. Жатқа бір жыр айтып беріңіз (бесік жыры, тұсау кесу, төрт түлік ...)
4. Мақал - мәтел айтыңыз (5)
2 тапсырма
-
Қазақ халық ертегілерін атаңыз (3). Біреуінің тәрбиелік мәнін ашыңыз
-
Жаңылтпаштар айтыңыз
-
Қазыны қалай айналдырады?
-
Жұмбақ шешу
3 тапсырма
-
Киіз үй жиһаздарын атаңыз
-
Шешендік сөздің тәрбиелік мәнін мысалмен дәлелдеңіз
-
Зергерлік бұйымдарды атаңыз
-
Қандай сандарды киелі дейміз, неге?
4 тапсырма
-
Төрт түлік малдың пірлерін атаңыз
-
Бірнеше жұмбақ айтып беріңіз
-
Халықтық педагогика дегенді қалай түсінесіз?
-
7 қазынаны атаңыз.
Сайыстың қалған бөлімдері де алдын ала дайындық бойынша өтті. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды. Жеңімпаз отбасыларға сыйлықтар тапсырылды.