7


Тәуелсіз ел - Қазақстан!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Талантты тұлға, халқын сүйетін ұлтжанды азамат, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүрген жолына саяхат жасау -ол әрине, балалық шағынан бастау алады. Ендеше, көріністі тамашалайық.

Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Әке, менің есімімді кім қойды?

Әбіш: е-е-е балам, мына шешең екеуіміз шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде Райымбек бабанның басына барып, құран оқытып едік. Сол түні анаң түс көреді. Әй, бәйбіше, ары қарай өзің айтсайш...

Әлжан (анасы): еее жарықтық дүние, Түсімде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көрдім.Теңізге су белінен түстім, көкірегімнен, содан соң мойнымнан асып кетті. Бір кезде басым көрінбей кетті. Тұншығып барам екен. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатамын, аяғым теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алдым. Иығыма мылтықты асынып алып, адымдай басып, теңізді кешіп өтіп, жағаға шығады екенмін.

Әбіш: Осы түсті ағайындарға жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анаң сені 1940 жылы 6 шілде күні осы Үшқоңыр жайлауында дүниеге әкелді.

Әлжан: Сенің шілдеханана жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында марқұм әжең Мырзабала шешей : «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын»деді, құлыным.

Сұлтан: Апа, мен бүгін бір керемет түс көрдім.

Әбіш: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Мұғалім: Анасы баласына ақ батасын беріпті.

















































Сахна төрінде кітапқа көз жүгіртіп отырған қария отырады. Қарияның жанына Жәнібек, Мәншүк, Азат, Нұрсұлтан жетіп келеді. (амандасады)

Жәнібек: Бүгін көк аспандағы күн ерекше сәулесін шашып, жарқырап тұр. Ата, осы атаулы күнге біз қалай жеттік?

Қария: ее, қарақтарым-ай! Жәнібек сенің есіміңді кім қойды?Мағынасы қандай?

Жәнібек: 15 ғасырда қазақ хандығының билігін орнатқан, негізін қалаған хандардың бірі-Жәнібек хан. Жәнібек хан тұсында Қазақ хандығы жеке ел болды. Сол себепті Жәнібек хан сияқты жаны мықты, берік, ақылды болсын деген тілекпен қойды.

Қария: дұрыс, айтасын.Мәншүк сенің есіміңді ненің құрметіне қойды?

Мәншүк: Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Сұрапыл соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында қазақ халқы да болды. Қазақ халқының үздік ұлдары мен қыздары жаумен күресу үшін майданға кетті. Отан соғысының лапылдаған отының ішінде қазақтың үздік пулеметші қызы Мәншүк Мәметова да болды. Жау ортасында жалғыз қалып, 70-ке жуық қарсыласты жойып, қаһарман ретінде қаза болды. Сол қайсар батыр қызымыздың аты өшпей, өз халқына қамқор болсын деген ниетте есімімді Мәншүк деп қойды.

Қария: қандай керемет, «Батыры көп елді жау алмайды» деп атам қазақ текке айтпаған, шырағым!Азат, сен не дейсің?

Азат: Осыдан 30 жыл бұрын 1986 жылы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Ұлттық рухымыздың, рухани байлығымыздың, ана тіліміздің тағдырын шынайы ойлап, жанын шүберекке түйіп, қайтсек елдігімізді сақтап қаламыз, «Қазақ» деген қаным бар деген жастар Тәуелсіздік алаңына ұрандатып шықты.,Жазықсыз жазаланған, кеудесіне қазақ деген ұлттың намысы ата қанымен, ана сүтімен келген қыршын жастар Қазақстан тәуелсіздігін аламыз деп қасық қанын қиған жоқ па еді.?! Сол күндер қазір алыстап кеткенімен, отты жылдардың жарықшағы қалған жүректер әлі де бар. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден - бір себебі болған - Желтоқсан оқиғасы. Тек сол жылдардың тақсіретін тартпай, бейбіт күнде өмірге келген маған Азат деген есім бұйрыпты..

Қария: е-е-е, жарық дүние...дұрыс айтасыңдар, балаларым.. "Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас - азатыққа жасалған бір қадам. Қиын қыстау жылдар өтті, азаттықтың ақ таңы атты...Оған куә, мына араларындағы Нұрсұлтан есімді азаматтың дүниеге келуі...

Нұрсұлтан: Ата, көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды.)



Қария: Жәнібек балам, біз осы күнге қалай жеттік деп сұрап едің ғой. Ендеше тыңда. Осы күнге оңай жеткен жоқпыз. Әлемнің алпауыт елдерін өзіне қаратқан жап-жас тәуелсіз Қазақстан бүгінгі күнгі бақытына былай жеткен. Жаңа Нұрсұлтан балам айтқандай тәуелсіздік алдық. Тәуелсіздігімізді Ата заңымызбен халық болып референдум өткізіп бекіттік. Нұрсұлтан аталарың егемен елімізді аз уақыт ішінде көптеген басты жиындарға қатыстырып, беделді ұйымдарды басқардық. Елбасымыз егемен елдің іргесін әділетті қолдаған заңдармен бекітті. Тіл туралы, Мемлекеттік Рәміздер туралы, теңге туралы заңдар бекітілді. Әлімнің азулы мемлекеттері Қазақстанға қызыға қарайтын деңгейге жеттік. Көреген басшымыздың сарапдал саясатының арқасында рухани байлығымыз дінаралық конфессия тек біздің елімізде жиналып, маңызды шешімдер жас астанамызда Бейбітшілік сарайында қабылдануда. Жерді дүр сілкіндірген қырық жылдық жарылыстың соңғы нүктесін де біздің басшы қойды. Семей полигоны жабылып, ядролық қарудан бас тарттық.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал