- Учителю
- Тәрбие сағаты Еңбек ер атандырадыі (3-сынып)
Тәрбие сағаты Еңбек ер атандырадыі (3-сынып)
</ Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі - береке.
Сабақтың мақсаты : Ата - аңалардың баланы еңбекке баулудағы білімдерін жетілдіріп , қызығушыцлығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта - ықыласын дамыту .
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан , бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауға талап етіп отыр . Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті - сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғышарттарын қалыптастыру . Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып , ондағы ата - аналардың педагогикалық білімдерінің заман талабына сай жетілдіруде шешілмек . Бүгінгі таңда ата - аналардың еңбек тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатын - балабақша .
Қазіргі нарықтық қатынас тұсындағы әлуметтік жағдайдың төмендегі , психологиялық ахуалдың қолайсыздығы , ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктердің төменгі бала тәрбиесіне біршама қиындықтар туғызады .
Бұл тұста ата - аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп , ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр . Бала тәрбиесінің алтын бесігі - отбасы . Бұл шағын әлеуметтік тап - бала үшін өмір мектебі .
Қазақстан Республикасының Ата заңының 9 - тарауы «Отбасы» деп аталып , оның 51 -ші бабында «Ата - аналардың және олардың орынындағы адамдардың міндеті - балаларды асырау , тәрбиелеу және оқыту» деп нақты көрсетілген . Ата - ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі . Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата - ананың сіңірген еңбегіне , тәлім - тәрбиесіне байланысты болады .
Сондықтан ата - ана өзінің баласын еңбекқор , елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті . Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып , белгілі бағдарлама негізіне сүйене жүзеге асыра отырып , мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту - тәрбиелеу мәселесін жоспарлап , отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етті . Ата - ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуын олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім - тәрбиесі үшін жауапкершілгін арттырады .Кейбір ата - аналар «жас , буыны қатқан жоқ» , «өскен соң өзі - ақ үйреніп алады» деген керенау ойларын да білдіруде . Баланы еңбекке баулудағы негізгі кемшіліктің туу тамырын , тармағы анықтау ата - аналармен үздіксіз педагогикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігі туғызады.
Қорытынды : Балалардың отбасындағы еңбектерін баяндай отырып , баланың шамасына , мүмкіндігіне жалықтырмайтын еңбек беру керек деген пікірлері көңілге қонымдылығын аңғартады . Қорыта келгенде ,
ата - аналарға баласының мінез - құлықтарын болдырмауды тиімді жолы еңбек екеніне көз жеткізе білу керек.