7


  • Учителю
  • Урок нв тему Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы

Урок нв тему Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мемлекеттің түсінігі және мәні





Мемлекет- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.Мемлекет өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.

Мемлекет дегеніміз- адамзат қоғамы дамуынаң нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет- қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет- қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Мемлекеттің мәні- мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстардың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды.Басқаша айтқанда, мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі. Қай мемлекетте болсын қарама-қарсы екі мән болады- таптық және жалпы әлеуметтік проблемаларды туындататын да осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден-бір міндеті болып табылады.









Бекіту сұрақтары

1. Мемлекеттің жалпы сипаттамасы мен анықтамасын көрсетіңдер.

2. Мемлекеттің құқық жүйесі нені білдіреді?

3. Мемлекет мәні деген нені білдіреді?

4. Мемлекеттің билеуші органдарын қалай түсінген жөн?

5. Мемлекеттің белгі нышандарын келтіріңіз.









Мемлекеттің функциялары





Мемлекет функциясы- бұл мемлекеттің мәнін және мақсат-міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары.Мемлекет функциялары оның мақсат-міндетімен байланыстырылғын, оның мәніне тәуелді және өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Мемлекет функциялары- өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары- бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы. Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық регламенттеуші, яғни реттеуші, ұйымдық идеологиялылық.

Мемлекеттің ғылымда, білім беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады.Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды.Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады.

Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық сауда, мәдени, ғылыми, саяси,құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге асырылады.

Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісімшарттарға отырады, әскери одақтар құрады, т.с.с. әрекеттер жасап отырады.Мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тән көрініс болуы керек. Осы айтылғандар мемлекеттің сыртқы функциясына жатады.





Бекіту сұрақтары

1. Мемлекеттің қызметі дегеніміз не?

2. Мемлекеттің өзін-өзі қорғаудағы атқаратын функцияларын түсіндіріңіз.

3. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарды жасау функцияларын түсіндіріңіз.

4. Мемлекеттің бейбітшілік функциясын түсіндіріңіз.

5. Мемлекеттің функцияларының жүзеге асырудың тәсілдерін атаңыз.

















Мемлекет механизмі





Мем лекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі(аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі-белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның атрихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдеі тән органдар болады. Негізінен, олар құқықтық тәртіпті сақтайтын, м емлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекетте болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық- оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы- бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы.Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Демоктариялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынадай органдардан тұрады: 1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді. Бірінші- Жоғарғы өкілдік орган- Парламент. Парламент- бірден-бір заң шығаратын орган. Екінші- Жергілікті өкілдік орган- облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.

2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган-Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар- әкімшіліктер.

4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.

5. Сот органдары. Қазақстанда оларға Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.

6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.

7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы ұарулы күштері жатады.

8. Барлау, қарсы барлау органдары.

9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын органдар. Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі- мемлекеттік орган.









Мемлекет нысаны





Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.

Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мемлекеттің нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әр түрлі аспектілер түрінде көрінеді.

Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік жоғарғы биліктің ұйымдастырылуын түсінеміз. Әсіресе оның ең жоғарғы және орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзіреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыру дәрежесі болады.

Монархия- мемлекеттің егеменді жоғағы билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балағ мұра( мирас) ретінде беріледі. Монарх (патша, король, перғауын, фараон) қаған, хан және тағы басқалары)ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты. Ең алғашқы құрылған мемлекеттердің бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де монархия болатын. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархиялар болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарады. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.Сонымен монархия деп жоғарғы билігі бір адамға ғана тиесілі болып кететін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам басқа биліктен алған емес. Заң ғылымында монархияның екі түрі көрсетіледі.

1. Абсолютті монархия- бұл монарх- мемлекеттің бірден-бір жалғыз, ең жоғарғы органы.Монарх барлық биліктің үстінен тұрады,оның қолында заң шығару,заңды атқару және сот билігі болады.

2.Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет)монарх пен басқа органдарға (мысалы,парламентке)бөлінген болып келеді.Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания,Белъгия,Норвегия,Швеция мемлекеттерінде бар.





1.Мемлекет формасы түсінігін айтыңыз.

2.Республика мен монархия айырмашылығы неде?

3. Республика ұғымы және оның түрлері.

4.Мемлекеттің құрылымдық нысаны ұғымын ашыңыз.

5.Унитарлық пен федерация анықтамасын беріңіз.









Мемлекет типтері





Мемлекет типологиясы дегеніміз мемлекеттерді өздеріне тән айырмашылық негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын айқындайтын ғылыми жіктеу болып табылады.

Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:

1. Формациялық әдіс. 2. Өркениеттік әдіс. Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады.

Қазіргі кезде мемлекеттің шығыстық типі деген қарастырылуда, ол құл иеленуші мемлекеттен бұрын болған.

Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, онда төмендегідей мемлекет сипаттарына тоқталамыз.

1. Шығыстық мемлекет- Египет, Вавилон. Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.

2. Құл иеленуші мемлекет. Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл иеленушілердің меншігі болатын. Мұнда құл иеленушілер және құлдар негізгі таптар еді, бұлардан басқа әлеуметтік топ- қолөнершілер болатын және т.б.

3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің экономикалық базисі жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі болу феодалдардың үлесі болатын.Мұндағы негізгі баптар-феодалдар және басыбайлы шаруалар, ал аралық тап-қолөнершілер мен т.б.

4. Буржуазиялық мемлекет. Мұндай мемлекеттің экономикалық базисі- өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жұмысшылар, әлеуметтік таптарына- люмпен-пролетариат(қайыршыланғандар) жатады.

5. Социалистік мемлекет. Экономикалық базисі- жер және т.б. қоғамдық, мемлекеттік меншікте болады. Негізгі тап- жұмысшылар мен шаруалар. Әлеуметтік топ ретінде зиялылар алға шығады.





1. Мемлекеттерді типтерге бөлудің мәнісі мен мағынасын және тәсілдерін анықтаңыз.

2. Мемлекеттерді формациялық тәсілдер бойынша типке бөлудің мәні неде?

3. Мемлекеттерді өркениеттік тәсіл бойынша бөлудің мәні неде?

4. Қазақ мемлекеті мен құқығының ерекшеліктері қандай?

















ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ





Қоғамның саяси жүйесі- саяси, әлеуметтік, заңға тән идеологиялық, рухани нормалардың, тарихи дәстүрлерге, нақтылы қоғамның саяси режимінің бағдарламаларына тәуелді саяси институттардың, қозғалыстардың тәріптелген тұтас жиынтығы. Қоғамның саяси жүйесі оның ұлттық, таптық жаратылысымен, әлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен(республика, монархия), мемлекеттік құрылымымен(федерация, біртұтас), саяси режимінің сипатымен(демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), саяси өмірдің ұлттық дәстүрлерімен т.с.с. жағдайлармен анықталады.

Саяси жүйені зерттеп, тану үшін ерекше тәсілдер қолданылады. Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық ерекшеліктері айқындалады.

Функционалдық тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, дамытудағы қызметі көрсетіледі.

Идеологиялық тәсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, әлеуметтік топтар, ұлттарүшін қызмет атқаратынын анықтауға болады.

Коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа ұйымдармен қарым-қатынасының дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.

Саяси жүйе дегеніміз- саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетке болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.





1. Саяси жүйе ұйымына анықтама беріңіз.

2. Саяси жүйенің құрылысын сипаттаңыз.

3. Саяси жүйенің негізгі белгілері қандай?

4. Қоғамдық қозғалыстардың ерекшеліктері неде?

5. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың арақатынастары қандай?

















Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.



Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.



Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті - адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.



Бекіту сұрақтары

1.Құқықтық мемлекеттік туралы сипаттама беріңіздер.

2.Құқықтық мемлекеттің алғашқы атауы пайда болуы.

3.Құқық үстемдігі?

4.Құқықтық мемлкекеттегі билік туралы түсініктеме.

Сабақты қорытындылау:

Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.









Мемлекет және қоғам





Мемлекет- саяси жүйеде шешуші рөл атқарады, өйткені оның өзіне тән ерекше белгілері болады. Біріншіден, қоғамды интеграциялауға қабілетінің болуы, бұл қабілет қоғамда болатын әлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер етеді. Екіншіден, мемлекет- билік органы. Ол белсенді түрде қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін белгіленген нормаларды сақтағаны немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады.Үшіншіден, қоғамда оның құқықтық шығармашылық қызметі болады. Төртіншіден, мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардың қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру. Бесіншіден, саяси кеңістік шегінің ерекшелігі мен оның айқындылығы.

Мемлекеттің географиялық шегі болады. Оның билігі жүретін аумағы, өзінің азаматтарын мемлекет мүшелерін қамтитын заңдық ықпалы болады. Осы заңдық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқықтары болады, олар алым-салықтар төлейді және тағы сондайлар.





















































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































\\\\\\\\\



















































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал