7


  • Учителю
  • Абай және қазақ болашағы мамандық таңдау кеші 11 сынып оқушыларының кеш сценарий

Абай және қазақ болашағы мамандық таңдау кеші 11 сынып оқушыларының кеш сценарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font color="#000000">«Абай және қазақ болашағы»





1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Бүгінгі «Абай және қазақ елінің болашағы» тақырыбында химия-биология пәндерін таңдаған жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Атақты ғұлама Әл - Фараби айтқандай

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар.Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.

1-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мұғалімі,техника ғылымының кандидаты-Керімбекова Зәуре Майданбекқызы

2- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мұғалімі Қалдыкөзов Еркін

1-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұстаздары-Шеримбаева Күләш Зауырбековна

2-Бейсеналиев Ержан Төреханович

1-Сартбаева Гүлнар Мақұлбековна

2-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының мұғалімі-Ергебекова Гүлмира

1-Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің деканы-Ақшалова Ғазиза Алмасбекқызы

2-Авиценна медициналық колледжінің мұғалімі-Баймағамбетов Әмірхан ағай

1-Жұмыспен қамту бөлімінің маманы-

2-Аудандық емхананың дәрігерлері-аға хирург Мусурманкулов Асхат Сағатович

1-және жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі-Карибаева Анар Жұлдызханқызы

1-жүргізуші:

Қазыргі таңда оқушының болашақ кәсібін дұрыс таңдауы,сол арқылы қоғамға бейімделуі және әлеуметтенуі-бүгінгі танда жастар үшін,жалпы қоғам үшін ең өткір мәселенің біріне айналып отыр.Кәсіпті дұрыс таңдау және өзі таңдаған мамандыққа қызығушылығының болуы-қалаған мамандыққа жастардың табысты бейімделуіне,әлеуметтенуіне көмегін тигізеді.Мамандықты дұрыс таңдау оқушыларға көмек көрсететін тиісті мамандардың кәсіби бағдарлау жұмысының жүйелі жүргізілуіне тікелей байланысты.

2-жүргізуші:Сондықтан мектеп басшыларының,әлеуметтік педагогтар мен психологтардың,сынып жетекшілері мен ата-аналарының бірлесе отырып оқушының болашақ кәсібін таңдауына қолдау,көмек көрсету,бағыт-бағдар беру мәселесі қоғам үшін өте маңызды.Кәсіптік бағдар жұмысы білім беру ұйымдарында,оның ішінде,әсіресе,жоғары сыныптарда қарқынды нақты бағыттарда жүзеге асырылады.





1-жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан деп Абай атамыз айтқандай сол ұлы ақынның өлеңдеріне кезек берсек.

Абай атындағы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушылары

Қалысбек Дариға

Мелдебек Айгерім

Әліппек Дариға

1-жүргізуші:

Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай мемлекет екенін барлығымыз да білеміз. Қолда бар пайдалы қазбаларды өңдеп, қажетімізге жарату тәжірибелі білім мен қыруар еңбекті талап етеді. Сондықтан қазіргі кездегі жас буынның талабын химия секілді жаратылыстану ғылымдарының маманы болуға атсалысуды өз міндетіміз деп білеміз.

2-жүргізуші:

Биология - қазіргі кезде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқаратын ғылымдардың бірі. Биология саласы арқылы адамдардың жаратылысы, оның ішкі және сыртқы құрылысы, флора мен фауна әлемі туралы ақпарат алып, медицина саласын терең түсіне аламыз. Адам, жануар, өсімдіктер әлемі атты өмірдің негізгі құраушыларын қамтитын бұл салаға қатысты мамандықтардың да көптеп кездесетіні сондықтан болар. Биология - күрделі сала болғанына қарамастан мектеп бағдарламасына кіріп, ҰБТ кезіндегі таңдаулы пәндердің қатарына енген.

1-жүргізуші:

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.Осы орайда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мұғалімі,техника ғылымының кандидаты-Керімбекова Зәуре Майданбекқызы мен Қалдыкөзов Еркін ағайға сөз кезегін берсек.

1-жүргізуші:

С.Сейфуллин мектебінің тәрбиелік іс-шарасы.Көрініс

2-жүргізуші:Өз мүмкіндігін,қабылетін,бейімділігін ескермей,мамандықты тек мәртебелігіне,мерейлігіне қарай таңдаған жастар болашақта таңдаған мамандықтары еңбек нарығына керек емес болып қалу қаупін тудырады.

1-жүргізуші:

Бұдан шығатын қорытынды көптеген оқушылардың келешек мамандықты өзі таңдамай отырғандығында.Оқушының кәсіпті өзі таңдауының мақсаты-өзінің кәсіптік,өмірлік,тұлғалық дамуын құра алуына,түзетуге,болашағын жүзеге асыруын қалыптастыра алуында.Нәтижесінде ол өзіне уақыт өткен сайын дамушы тұлға ретінде қарап,өзі таңдаған нақты мамандықтың мәнін түсіне алады.

Келесі сөз кезегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұстаздары-Шеримбаева Күләш Зауырбековна,Бейсеналиев Ержан Төреханович,Сартбаева Гүлнар Мақұлбековнаға беріледі.

1-жүргізуші. Абай атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Әбдібек Анардың орындауында ән---«Қазақстаным алға»

2-жүргізуші:

Сөз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының мұғалімі-Ергебекова Гүлмира апайымызға беріледі.

1-жүргізуші:Иманбеков жалпы орта Мектебінің 10 сынып оқушысы Жолдыбай Нұрдәулет,

Гагарин мектебінің 8-сынып оқушысы Сейтбаева Айгерім ----

2-жүргізуші.

Келесі сөз кезегі Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің деканы-Ақшалова Ғазиза Алмасбекқызы мен Авиценна медициналық колледжінің мұғалімі-Баймағамбетов Әмірхан ағайға беріледі.

1-жүргізуші:

Сейфуллин жалпы орта мектебінің 10 оқушысы Әбдібек Әсел-

Онболат Аружан-

9-сынып оқушысы-Абдукаримова Жұлдыз-

2-жүргізуші: «Кәсіптік бағдар» деген түсінікті жоғары сынып оқушыларының арасында келешек мамандығын таңдауға бағытталған кешенді түсініктеме беру жұмысы деп қарастыруға болады.Алайда шет елде кәсіптік бағдар туралы түсінік қолданылмайды,оның орнына «мансапты дамыту» деген түсінік кең пайдаланылады.Оның барысында өте қуатты ақпараттық және әдістемелік қоры бар жақсы даярланған және ұйымдасқан мамандар жұмыс жүргізеді.

Келесі сөз кезегі жұмыспен қамту бөлімінің маманы беріледі.

1-жүргізуші:

Сөз кезегі Аудандық емхананың дәрігерлері- аға хирург Мусурманкулов Асхат Сағатович

Пен жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі-Карибаева Анар Жұлдызханқызына беріледі.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар.Бізге үлкен өмірге қадам жасауымызға,мамандық таңдауда өз септігін тигізетін ата-анамыз.Ендеше ата-аналар атынан Ғани Мұратбаев мектебінің ата-анасы---

сөз кезегін берсек.

1-жүргізуші: Дауан атындағы мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы Алтын белгіге үміткер Тұрсын Дінмұхамедке сөз кезегін берейік.

2-жүргізуші: Жүсіппек Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

егеменді еліміздің ертеңі - маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал