7


  • Учителю
  • Конспект ЕРТЕ УЙЛЕНУ:ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ФАКТОРЛАРЫ

Конспект ЕРТЕ УЙЛЕНУ:ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ФАКТОРЛАРЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ТАРИХ, ҚОҒАМТАНУ, ДІНТАНУ, ҚҰҚЫҚ, ӨЛКЕТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНІШІЛІК ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Буркитова Акгуль Табылановна

Қарақия ауданы №4 орта мектептің тарих пәні мүғалімі



Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген.

Осы бағытта пәнішілік және пәнаралық байланыс аталған пәндерде ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының интегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор.

Тарих, Қазақстан тарихы, құқық, дінтану пәндерінің пәнішілік , пәнаралық байланыстарының философиялық негізіне дүниеде барлық құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, өзекті мақсаты-диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Сондықтан Тарих, қоғамтану, дінтану, құқық, өлкетану пәндерін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындыйды.

Зерттеудің мақсаты: Оқыту барысында пәнішілік, пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері: оқыту барысында пәнішілік, пәнаралық байланыстар арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

Зерттеу обьектісі: 5-11 с. Тарих, қоғамтану, дінтану, құқық, өлкетану пәндерін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру. Зерттеу пәні: 6-11 сынып Дүние жүзі тарихы, 5-11 сынып Қазақстан тарихы,

9-11 сынып Адам.Қоғам.Құқық , 9 сынып Дінтану.

Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала. Педагогикалық сөздікте - «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланысы - деп аталған. Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің барлық типтерінде білім беру гуманитарландыру бағытына негізделген. Атап айтқанда, тарихи оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және оларды нақтылы бағалай білуі: демократиялық және экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрене, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағалай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық және пәнішілік байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық ,пәнішілік байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар. Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі - оқу үрдісін пәнішілік, пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт. Пәнаралық, пәнішілік байланыстар негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Тарих пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді, ол пәндерге :Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, құқық, дінтану, және өлкетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып, байланысқа түсе береді. Сабақ беруде пәнішілік, пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру- пәнішілік, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі. Оқушыларға Қазақстан тарихы пәнін оқытуда дүние жүзі тарихы пәнінің алатын орны ерекше. Себебі, оқушыларда тарих туралы білімдерді, танып-білу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады.

5-11 сынып оқшыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту - біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. Сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.

Пәнаралық , пәнішілік байланысты жүзеге асырудың жолдары: әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Аталған байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады. Оқу материалының мазмұнымен, басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады

Себебі пәнішілік, пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнішілік, пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймінАдамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты. Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Жалпы аталған пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.

Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық іскерліктерді қалыптастыру тән. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.

Оқу процесінде мектеп оқушысы ең алдымен оқулықтармен жұмыс істейді. Бірқатар пәндерге сай жаттығулар жинақтары да бар. Көптеген пәндер бойынша қосымша әдебиеттерді оқу көзделеді. Кейде үлкен кітаптардан алынған қажетті үзінділер, құжаттар жүйесін айқындайды. Оқу материалының мазмұнына сәйкес әр сабақтың өзіндік мақсатын, құрылымын, типін, оқыту әдістерін, тірек ұғымдарын, көрнекі құралдарын алдын-ала ойластырады. Қазіргі кезде ғылымдардың интеграциялану сипаты оқыту процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл мәселеге қазақтың ағартушы-педагогтері ертеден-ақ мән берген. Кезінде Ж. Аймауытовтың , мұғалімге сабаққа байланысты берген төменгі бағалы нұсқауларын еске сақтаған жөн: « Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру: тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; қажетсіз мағлұматтардын сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты мәселелерді ғана үйрету; лайықты салыстыру, таныстыру, ұқсастыру түрлі әдіс, оңтайымен жандандыруына тырысу қажеттігін» көрсеткен. Сабаққа берілген бұл ескертпелер оқыту процесінің пәнаралық байланыс негізінің жүйелік пәнішілік, әр пәннің оқушының білімге ынтасын арттыру, өзіндік іс-әрекет арқылы оқу материалының салыстыру, топтастыру, түрлі әдістерді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін ашып түсіндірген. Пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесінде кітаппен жұмыс жүргізудің педагогикалық әдістемелік мүмкіндіктері. Кітап барлық пәндерін бір-бірімен байланыстыратын құрал. Бұл пәндердің оқулықтарында ішінде ойлап қарасақ, бірнеше ғылыми тірек болатын заңдылықтарды, анықтамаларды, оқиғаларды, табиғат- қоғам- адам туралы ұғымдарын тұтастығын, бірлігін көруге болады.

Қойылған мақсаттарға сай пәндерді оқытудың келесі ортақ міндеттері орындалуы тиіс:

1) оқушыларға аталған пәндер бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

2) Пәндер бойынша тарихи , құқықтық терминологияларды меңгерту;

3) оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

4) оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;

5) оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

6) оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.

Мұғалім өз пәнін білуге құштарлық білдіретін оқушыларға әдебиетті көбіне ұсынады. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда мұғалімнің шеберлігі мен тәжірибесі шығармашылығы, ізденуі оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе.

Сабақ беру - «үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп жазған Ж. Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. Құрастырған:

Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.

  1. Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі. Орал-2012.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал