7


  • Учителю
  • Интелектуалдық ойын Менің Қазақстаным

Интелектуалдық ойын Менің Қазақстаным

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Естай Есжанов атындағы № 9 орта мектеп» КММ







































«Елім менің -Қазақстан» интеллектуалды-танымдық ойын





Бастауыш сынып мұғалімі: Шишимбаева Г.Б











2016-2017 оқу жылы



«Елім менің -Қазақстан» атты интеллектуалды-танымдық ойын.

(Тәуелсіздік күніне арналады)

Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.

2.Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту.

3.Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Қазақ жері-ата-бабам бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр -маржанның, сөз асылын арнаймын

Туған жердің Тәуелсіздік күніне!

2- жүргізуші: Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

Азат өлкем күндей күлген Қазақстан,

Айналайын Қазақстан-Астанам!

1-жүргізуші: Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!

2- жүргізуші: 1991 жылы 16-желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

1-жүргізуші: Бүгін, мерекемізге келіп отырған қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне шын жүректен тілектеспіз!

2- жүргізуші: «Елім менің -Қазақстан» атты сайыстық бағдарламаны ұсынамыз. Бұл туған еліміз туралы білім сайысы.

1-жүргізуші: Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Бүгін бізде 4 «А» және 4 «Ә» сыныптары жарысып отыр. Әр топ өздерінің атын және ұраның айтып шықсың. «Бірлік» тобы. Ұраны: Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін!

«Тапқыр» тобы. Ұраны: Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

2- жүргізуші: 1-тур. «Тарихшы» Конверттерді таңдаңыз әр конвертте үш сұрақтан беріліп тұр, қай топ бірінші және дұрыс жауап береді.

1.Ертедегі қазақтардың айналасатын ісі, мамандығы? ( мал шаруашылығы)

2. Қазақстандықтар көктемде қандай мерекені тойлайды? (Наурыз)

3.Біз тұратын ел қалай аталады? (Казахстан)

4.Қазақстанның негізгі заңы қалай аталады? (Конституция)

5. Қазақстан халқының бірлігі күнің ата? (1 мая)

6.Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

1-жүргізуші: 2-тур. «Полиглот» «Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар. Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, орыс, ағылшын тілде аудармасын табу керек.

1. Бірлік болмай,....... болмас. (жизни) лайф

2. Адам - керуен, Өмір -.......... (дорога) роэд

3.Білекті бірді жығар, Білімді........ жығар. (тысяча) фазен

4. Өнер алды - қызыл......... (язык) лэнгвич

5.Отансыз-......... ормансыз бұлбұл. (человек) хумен

6. Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен......... көгерер. (народ) пипл

7.Ашу - дұшпан, Ақыл -........... (друг) френд

8.Көз қорқақ,.......... батыр. (рука) арм

9.Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны......... (сладкая) свит

10.Ақыл азбайды,........... тозбайды. (знания) налэдж

11.Жері байдың - елі.......... (богата) рич

2- жүргізуші: 3- тур. Сұрақ жауап.

1. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991ж 1 желтоқсан

2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? 1991жылы 16желтоқсан

3.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді? 1993жылы

4.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

5.Қазақстан Республикамыздың туының авторы? Шәкен Ниязбеков

6. Қазақстан Республикамыздың гимннің авторы? Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов Әні: Ш.Қалдаяқов

7. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды? 1997ж

8.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата? Тоқтар Әубакіров

9.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр? 9-шы орында

1-жүргізуші: 4 -тур. Сөз құрау.

«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу.

2- жүргізуші: Осымен біздің «Елім менің -Қазақстан» атты интеллектуалды-танымдық ойын өз мәресіне жетті. Әділ қазылар шешім шығарып болғанша екі топ екі жақта Қазақстан елімізге жылы тілектер жазады.

Жеңімпаздарды марапаттау.



























































Сараптама.



Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына арналған «елім менің Қазақстан» деген интеллектуалдық -танымдық ойын өткізілді. Ойынға қатысушылар 4 «А» және 4 «Ә» сыныптары. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу. Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.

Интелектуалдық ойын Менің ҚазақстанымИнтелектуалдық ойын Менің Қазақстаным

















Біріншіден әр топ өздерің таныстырып шықты, топтың аты және топтың ұраны айтылды. Интеллектуалдық ойын төрт турдан тұрды. Бірінші туры «тарихшы» деп аталды. Бұл жерде оқушыларға конвертте сұрақтар ұсынылды қай топ тез және дұрыс жауап беретін қаралды. Интелектуалдық ойын Менің Қазақстаным

Интелектуалдық ойын Менің Қазақстаным



Екінші тур «полиглот» деп аталды. Оқушыларға мақал-мәтелдер берілді бірақ әр мақал- мәтелде бір сөзден жетпей тұрды сол сөзді тауып оны орыс және ағылшын тіліне аудару қажет болды.

Интелектуалдық ойын Менің ҚазақстанымИнтелектуалдық ойын Менің Қазақстаным

Үшінші тур сұрақ-жауап. Оқушыларға Қазақстан туралы әр түрлі сұрақтар қойылды. Рәміздердің авторлары кім? Тұңғыш президент қашан сайланды? Қазақтың тұңғыш ғарышкері сияқты сұрақтар жауап беріп отырды.

Төртінші турда оқушылар Қазақстан сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөздер жасады.

Ең соңында оқушылар Қазақстан елімізге жылы тілектер жазды.

Интелектуалдық ойын Менің ҚазақстанымИнтелектуалдық ойын Менің Қазақстаным





Әділ қазылардың шешімі бойынша 4 «А» сынып І орынға ие болды. 4 «Ә» сынып ІІ орынға ие болды. Марапаттау рәсімі өткізілді.

























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал