7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты; Ақбата-Асыл мұра (3 сынып)

Тәрбие сағаты; Ақбата-Асыл мұра (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты: Ақ бата- асыл-мұра

Мақсаты: Ата-бабаларының тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіре отырып,оқушылардың сана-сезімін, ақыл, ойын, әр баланың өзіндік ерекшілектерін дамыту,өмірге көзқарасын, қызығушылығын, адамгершілік нормаларын меңгеріп, асыл-мұраға жататын нәрселерді зерттету.

Барысы: залда, киіз үйдің шанырағы, жайылған дастарқан, плакаттың үстінде жазулы: «Ақ бата- асыл мұра.» Балалар қазақ ұлттық костюмдерін киген.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой- санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер- тәрбиенің бастау-бұлағы. Белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық жүйемен құрылған тілек-бата сөздер- халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы.

Қазақ халқының қонақшылығы бәріне де танымды.Қандай қонақ келсе де дастарқан жаю-әрбір қазақтың міндеті.Біздің күнімізге дейін «Дастарқан басындағы дәстүрлер» туралы нақыл сөздер жетті. Ол да асыл-мұра.

(Дастархан басында оқушылар отыр):

1 Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбінесе дастарқан басында отбасы мүшелерінің бас қосуын пайдаланады.

2 Дастарқан - берекенің белгісі, ризашылық сезімінің ошағы, молшылдық пен отйымшылдық көзі деп қарайды халық.

3 Қазақ халқы дастарқанды «Бөлінбеген еншіміз» деп, ортақ ризашылдықтың тағдыр берген несібенің белгісі деп қарайды.

4 «Қуыс үйден құры шықпа» деп кез келген адам есік ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю- халықтың қалыптасқан қасиетті дәстүрі. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөліскен.

5 Өсиет айту, бата беру, мәжіліс құрып, мәмілеге келу, серттесу, достасу, бәрі де дастарқан басында шешіледі.

6 Өйткені дастарқан дәмі-киелі, оны татып, татуласқан адам «келісім бұзса, астың киесі оны ұрады» деп,дастарқан иесі оның дастарқан үстіндегі сертіне сеніммен қараған.

7 Дастарқан басындағы сертін бұзғандары халық «ас дәмі ұрсын», «нан ұрсын» деп қарғайды.

8 Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға-жасы үлкенге ұсыну, асты ретімен қойып, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

9 Халық ас ішіп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсімдері орындалады

(Дастарқан жаю).

Бата (оқушы):Берейін бата асыңа,

Амандық берсін басыңа

Бөденедей жорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма,

Жоқ екем деп жасыма,

Еңбек етсен ерінбей,

Дәулет келер қасыңа.

Көре алмаған дұшпанның

Жуа бітсін жолына.

Бақытың жетсін төтелеп,

Дүние малды жетелеп,

Аузыма түскен батаның

Жатырмын бәрін төпелеп!

Көтердік міне білекті,

Ақтардым түгел тілекті,

Мынау тұрған балаңыз,

Батыр болсын жүректі. Ауминь!

«Дастарқан» әні

Көрініс: « Баланы оқуға шығарып салу»

Бала мен әйел кіреді. Әйел баланы жұлқылап болмайды.

Әйел: -Ата,қараңызшы мынаған. Мені тындамайды.

Немере: -Ата , мен өсіп қалдым. Сіздерге болашақта тірек болу үшін маған мамандыққа оқып алу керек. Оған қалай қарайсыз?

Атасы: - Құлыным, сені ешқайда жібергім келмейді, бірақ жолды кесуге болмайды. Жортқанда жолын болсын,жолдасын қыдыр болсын! Жолын болсын деп тілесен үлкен кісінің батасын ала ғой.

Бата: Жағын түспей жамандық көрме, балам,

Қисық төре кісіге берме, балам.

Екі дүние қызығын бірдей берсін,

Қолынды адалдыққа серме, балам.

Бағын жоғары өрлесін, балам,

Дұшпаның шеніңе келмесін, балам,

Абыройын таймасын, балам,

Басыңа дәулет құс орнасын, балам!

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Көп елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің толса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзіне өзін кәміл бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол. Ауминь!

(кетеді)

1 оқушы: Әйгілі тілші- ғалым, ақын,аудармашы, әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов: «Бата -біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батағой шалдар-басы бар табақты татуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады»,- деп жазады, 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми еңбегінде.

2 оқушы: Халел Досмухамедовтың пікіріне жүгінсек, қазақ елінде кең қанат жайған мынадай бір ырым бар: « Өз ісінің әбден төселген, ысылған, тәжірибелі шебері, мәселен, би, ақын, бақсы, зергер және тағы басқалар өздерінің қасиетті өнерін ізбасар шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда ақ батасын береді» - дейді.

1 оқушы:Болашақтың тұтқасы, иесі- ұрпағына амандық, парасаттылық,ізеттілік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу-ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек: Айдай жарқыра.

Жұлдыздай жалтыра.

Маңдайың ашық болсын.

Дұшпаның қашық болсын!

2 оқушы: Қыстың суығы кетіп, көктемнің келуі адамдарға үлкен қуаныш болған. Оны шығыс елдері жыл басы- Наурыз, ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ халқы да наурыздың 22- жұлдызын жыл басы санаған. Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратын болған.Біздің ата-бабаларымыз айтқан:Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы жыл болар.

Бата (оқушы): Құдай жарылқасын!

Бай қылсын!

Бақ қарасын!

Қыдыр дарысын!

Аруақ жебесін!

Дастарқанға береке берсін!

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін!

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін!

Айдан аман сақта,

Жылдан есен сақта!

Жүз бір қатерден сақта,

Мың бір пәледен сақта!Ауминь!

Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал