7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Тұғырлы тәуелсіздікке -25 жыл

Сыныптан тыс жұмыс Тұғырлы тәуелсіздікке -25 жыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі: Сыныбы: 9 «»

Тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке - 25 жыл

Мақсаты: Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.

Н.Ә.Назарбаев

Білімділік мақсаты: Еліміздің егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде дамуының маңызды табыстарын есте сақтауға дағдыландыра білу.

Дамытушылық: Достық, түсіністік, сыйластық - бұл біздің еліміздің басты мақсаты. Осы мақсат жолындағы еліміздің ұстанымын әрбір оқушы бойына сіңіру және өзіндік ойларын қалыптастыруға дамыту.

Тәрбиелік: Елге, жерге, Отанға сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі:слайд, сызбалар, т.б.

Сабақтың әдісі:Ойын сабақ

Сабақтың түрі:Инновациялық сабақ

Жаңа сабақ:

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік - «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында -Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²)

2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²)

Астана - бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз - астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, достықтан және келісімнен құралған барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі. Елбасымыз айтқандай: «Біздің ортақ Отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр». Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік болғай!

«Байқоңыр» кешені - адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.

Қазақ хандығы - қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді .

Қазақстан Республикасының мерекелері:

21-23 наурыз -Наурыз мейрамы

1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Жеңіс күні

6 шілде - Астана күні

30 тамыз - Конституция күні

1 қыркүйек - Білім күні

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні

16-17 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні

«Сәйкестендір» ойны

1. ) Қазақстан жаңа жаһандақ нақты ахуалда өнім, реформалар, даму (2015 жыл 30 қараша)

2.Нұрлы жол (Астана 11қараша 2014 жыл)

3.Қазақстан жолы - 2050 : Бір мақсат , Бір мүдде , Бір болашақ (қаңтар 2014 жыл)

4.Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (2012 жыл желтоқсан)

5.Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты баңыты (2012 жыл қаңтар)

6.Болашақтың іргесін бірге қалаймыз (2011 жыл қаңтар)

7.Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері ( қаңтар 2010)

8.Дағдарыстан - дамуға (2009 жыл наурыз)

9.Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық (маусым 2008 жыл)

10.Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты ( ақпан 2008)

1.Б 2.А 3.С 4.Ә 5.В

6.Г 7.Ғ 8.Д 9.К 10.Е

Мұғалім : Еліміздің жеті қазынасын білесіңдер ме?

Бірінші қазынамыз : Алтай мен Атыраудың , Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап , еркін көсілген Мәңгілік еліміз . Біз шекарамызды шегендеп , іргемізді бекітіп , көршімен тату , алыспен сыйлас ісі ілгері басқан жасампаз Ел болдық .

Екінші қазынамыз : Ел бірлігі . Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік . Тыныштық арқы-лы тұрақтылық , татулық арқылы тұтастық төрімізге озды .

Үшінші қазынамыз : Тәуелсіздік-пен бірге түлеген төл мәдениетіміз бен туған тіліміз .

Төртінші қазынамыз : Индустриялық-инновациялық экономика . Индустриялық бағдарлама - біздің экономикамыздың болашағы .

Бесінші қазына : Ұлттық байлығымыздың , әл-ауқатымыз бен әлеуметтік түп негізі - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы .

Алтыншы қазынамыз : Еліміздің жүрегі , тәуелсіздігіміздің бойтұмары , әсем қаламыз - Астана .

Жетінші қазынамыз : Қазақ елінің абыройын асқақтатып , бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары .

Мұғалім : елімізде президент сайлауы қай жылдары болды ?

1991 жылғы 1 желтоқсан

1999 жылғы 10 қаңтар

2005 жылғы 4 желтоқсан

2011 жылғы 3 сәуір

2015 жылғы 26 сәуір

«Өткел» сайысы:

І топқа:

1 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Жауабы: ( 1991ж. 16 желтоқсан )

2 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: (Ел іші-алтын бесік )

3 сұрақ. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)

4 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жауабы: (қазақ тілі)

5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?

Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.

ІІ топқа:

1 сұрақ. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Жауабы: (Н. Ә. Назарбаев)

2 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?

Жауабы: (1990 ж. 25 қазан)

3 сұрақ. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.

Жауабы: (Қазақстан Республикасы)

4 сұрақ. Қазақстан Республикасының бас қаласы.

Жауабы: (Астана)

5 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: Туған жердей-жер болмас,

Туған елдей-ел болмас.

«Белес» сайысы

І топқа:

1 сұрақ.

- Шіркін, жауынды жерге не жетсін!Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп, мәз-мейрам болып жатты.

Сұрақ:Бұл қай мәтіннен алынған үзінді, кейіпкерлерін ата.

Қосымша көмек:Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?

Жауабы:Кімнің мекені жақсы?

Тышқан, құрбақа, құмырсқа.

2 сұрақ.

Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.

Қосымша көмек:Бұл шығарманың авторы М. Мақатаев.

Жауабы:Отан туралы.

ІІ топқа

1 сұрақ. Адам сыйға алған дәнін әрі құрғақ, әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққан шақта, ақылының арқасында, үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып, соған әлгі дәнді түгел себеді.

Сұрақ:Бұл қай шығармадан алынған үзінді, авторы кім?

Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған адамды сондай кенелтіп келеді.

Жауабы:Ақ бидай. Өтебай Қанахин.

2 сұрақ. Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген.

Қосымша көмек:Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.

Жауабы:Ыстық қой, шіркін, туған жер! 3 кезең«Бекет»

«Жерұйық» ойны: Әр кім президентіміздің «Тұғылы Тәуелсіздікке - 25 жыл» атты мақаласына байланысты өз ойын білдірсін.

Қорытынды:Тәуелсіздіктің әр жылы - бұл жаңа Қазақстан тарихындағы тұтас дәуір.

Н.Ә.Назарбаев





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал