- Учителю
- Сабақтың тақырыбы »Бұл қай мезгілде болады?»
Сабақтың тақырыбы »Бұл қай мезгілде болады?»
Бұл қай мезгілде болады?
Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік, Шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру. Құрастыру
Тақырыбы:»Бұл қай мезгілде болады?»
Мақсаты: баланың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жыл
мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу. Сөздік қорларын дамыту.
Қоршаған ортамен таныстырып,қоршаған ортаға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту;
Танымдық: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту.
Көрнекілік: Табиғат жайлы суреттер, презентация.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Т: Ендеше өз орындарына барып отыра қояйық!
Т: Балалар бүгінгі көңіл - күйлерін қандай?
Б: Тамаша
Т: Ендеше балалар, біз сендермен «Тамаша» ойының ойнайық
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөздер айтқанда, сендер жақсы
тамаша деп жұдырықтарынды тұйып бас бармақтарынды көтеріп бір -
біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?
Б: Иә
«Еркетай» балабақшасы қандай?
Тамаша.
«Арыстан» тобының балалары қандай?
Тамаша
«Қыс» мезгілі қандай?
Тамаша
Қар жауған қандай?
Тамаша
Бүгін келген қонақтар қандай?
Тамаша
Ғажайып сәт: Есік қағып қуыршақ Самал келеді
Самал балалармен амандасады. Бүгін балабақшада балалардың «Жыл
мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, мен
жыл мезгілдері туралы ештене білмеймін, бір - бірінен ажырата да
алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Т: Балалар Самалға көмектесеміз бе?
Б: Иә, көмектесеміз
Т: Самал онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері
туралы, оларды бір - бірінен қалай ажырата білу керек екенін
тындап, байқап отыр.
Т: Балалар 1 жылда неше жыл мезгілі бар?
Б: Төрт жыл мезгілі бар.
Т: Қандай?
Б: Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Т: Дұрыс айтасыңдар балалар!
Т: Бір жылда неше ай бар?
Б: 12 ай
Т: Әр мезгілде неше айдан бар?
Б: 3 айдан бар
Т: Күз мезгілінің айларын атап бересіңдер ме?
Б: Қыркүйек,Қазан, Қараша
Т: Қыс мезгілінің айларын атап бересіңдер ме?
Б: Желтоқсан,Қантар, Ақпан
Т: Көктем мезгілінің айларын атап бересіңдер ме?
Б: Наурыз, Сәуір, Мамыр
Т: Жаз мезгілінің айларын атап бересіңдер ме?
Б: Маусым, Шілде, Тамыз
Т: Балалар сендер циркке барып көрдіңдер ме?
Б: Иә
Т: Ал сиқырды жақсы көресіңдер ме?
Б: Иә
Т: Ендеше балалар кәне көзімізді жұмайық (музыка естіледі)
(осы кезде тәрбиеші сиқыршы киімін киіп алады)
Балалар қараңдаршы мені сиқыршы сиқырлап кетті. Мен енді
сиқыршымын, міне сиқырлы таяқшам бар! Мен сендерге сиқырымды
көрсетпес бұрын бір жұмбақ жасырамын! Сендер мұқият тыңдап шешуін
табыңдар!
Жұмбақ
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
Б: «Қыс» мезгілінде
Т: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен!
Т: Ендеше балалар, сендер маған мына ақ қағазға қыс мезгілінің
ерекшеліктерін бейнелеп беріндерші.
Ендеше мен сиқырлы таяғыммен сиқыр жасаймын.
(сиқырмен «қыс» мезгілінің слайд көрсетіледі)
Т: (Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстар
түсіндіріледі)
Кәне кім қыс туралы ақпақ біледі?
Ерасыл:Т:Аққала біз жасаймыз,
Қармен атысып ойнаймыз.
Қыс келгенде қуанып,
Қыс қызығын тойлаймыз.
Рахмет, Ерасыл!
Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
Б: «Көктем» мезгілінде.
Т: Маған көктем мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер.
Т: Жарайсыңдар ендеше мен сендерге тағы бір сиқыр көрсетейін.
(сиқырлы таяқшамен көктем слайды көрсетіледі)
Т: Көктем туралы кім тақпақ айтады?
Әсем: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Т: Өте жақсы Әсем рахмет!
Сергіту сәті:
Жел уледі -у- у- у
Боран соқты ду- ду -ду
Қатты-қатты жел соқты гу- гу -гу
Жапырақтар қол соқты ду- ду - ду
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах
Билеп кетті қалтырап пах - пах
Т: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін
табасыңдар ма?
Жұмбақ
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
Б: «Жаз» мезгілінде.
Т: Жаз мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер
(Презентация арқылы жаз мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)
Тақпақ
Бегзат О: Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Т: Өте жақсы рахмет Бегзат!
Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп
көріңдер.
Жұмбақ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
Б: «Күз» мезгілінде.
Т: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!
Т: Маған күз мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер.
(презентация арқылы күз мезгілі суреттері көрсетіледі,
түсіндіріледі.)
Тақпақ
Шерхан: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Т: Рахмет Шерхан.
Балалар сендер жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды көрдіңдер,
білдіңдер,өздерің де көрсетіңдер, ендеше балалар көзімізді жұмып,
міне тағы бір сиқыр көрсетемін.
(Балалар көздерін жұмып отырады)
Т: Балалар қараңдаршы мен сиқырлы таяқшаммен шарларды ұшырып
әкелдім. Бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Мен бұл шарларды
сиқырладым. Ішінде не жасырынған көргілерің келеді ме?
(Шар жарылады, ішінен ойын тапсырмалар шығады)
Ойын: Д.о«Бақта ма? Бақшада ма?»
Ойын шарты түсіндіріліп ойнатылады.
(Екінші шар жарылып ішінен тапсырма шығады)
Тапсырма: әр жыл мезгілдерін мына кесілген бөлшектерден құрастырып
беріңдер.
Т: Самал біздің балалар саған жыл мезгілдерін бір - бірінен қалай
ажыратуды үйретті, енді сен өзін осы балалар сияқты ажырата
алаласың ба?
С: Балалар,сендерге көп рахмет, мен сендерден жыл мезгілдерін бір
- бірінен қалай ажырату керек екенін түсіндім, енді мен сендермен
қоштасайын. Сау болыңдар
Б: Сау бол Самал
Қортынды: Балалар міне біздің бүгінгі сабағымыз таңғажайып
сиқырлы болды.
Сендер не көрдіңдер? нені білдіңдер? кімге көмектестіңдер?
(Балалар өз ойларын айтады)
Ендеше балалар осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық!