7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Лексикадан өткенді қайталау (5- сынып)

Ашық сабақ. Лексикадан өткенді қайталау (5- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:5

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Лексикадан өткенді қайталау

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік : лексикадан өтілген материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру, іскерлік дағдыларын тексеру, білімдерін бекіту;

ә) Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру, топпен жұмыс жасай білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

б) Тәрбиелілік: сөз мағынасын келістіре құбылтып, сөз құдіретін сезіне білуге, сөз қасиетін терең ұғынуға, достыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: танымдық сайыс сабағы.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақ өту әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау, тест.

Сабақтың көрнекілігі: тест, кроссворд, интерактивті тақта, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

1) оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

1-топ. Диалект сөздерді қатыстырып сөйлем қарау.

2-топ. Кәсіби сөздерді қатыстырып мәтін құрау.

3-топ. Термин сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

3. Қызығушылықты ояту.

"Топтастыру" стратегиясы

























4. Зымыран сұрақтар

1. Лексика дегеніміз не, нені зерттейді?

2. Сөз бен мағына деген не?

3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы деген не?

4. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

5. Омонимдер дегеніміз не?

6. Синонимдер дегеніміз не?

7. Антонимдер дегеніміз не?

8. Табу дегеніміз не?

9. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?

10. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

11. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

12. Сөздік қор дегеніміз не?

13. Көнерген сөздер дегеніміз не?

14. Жалпылама лексика дегеніміз не?

15. Кірме сөздер дегеніміз не?

16. Диалект сөздер дегеніміз не?

17. Кәсіби сөздер мен термин сөздер дегеніміз не?



5. Топпен жұмыс

1 - топ

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жаз.

а) Терең ой, терең ор, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық.

ә) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт.

б) Жүйрік жел, жүйрік ат, жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз.

2 - топ

Мына сөздердің омонимдік қатарын жаз.

Қара, шаш, жүз, түс.

3 - топ

Синонимдерді сәйкестендіру

Алыс титтей

Үлкен келбет

Кішкентай ажырлы

Ажар дәу

Қайратты шалғай

Тамақ лезде

Таңертең есендесу

Ертеде азанда

Жылдам ауқат

Амандасу баяғыда





Берілген антонимдер бойынша мақал - мәтел айту

1 - топ. Дұшпан - ...

2 - топ. Жақсы - ...

3 - топ. Туады - ...

Талдау жұмыстары

Сөйлем мүшесіне талдау, сатылай талдау, фонетикалық талдау.

1 - топ. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.

2 - топ. Бір күні хан ерігіп, уәзірлерімен аңға шықты.

3 - топ. Биыл атам екеуміз алма бағынан он жәшік алма жинадық.



6. Сергіту ойыны

Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу

1. Жанын қоярға жер таппау

2. Тайға таңба басқандай

3. Жұмған аузын ашпау

4. Қырық пышақ болу

5. Бауыр басу

6. Қой аузынан шөп алмайтын

7. Ит арқасы қиянда



Эвфе-мизм

Дисфемизм

Табу

Көнер-ген сөз

Диа-лект

Жаңа

сөз

Кәсіби

сөз

Термин сөз

Кірме

сөз

Лексика



















Мұғалім



















Сым



















Әңгелек



















Итқұс



















Қорамсақ



















Ұры



















Аялдама



















Етікші



















Бәдірен



















Аузы жеңіл





















ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

а) Синтаксис

в) Морфология

с) Лексика

2. Тұрақты сөз тіркесін тап

а) Ашық жер

в) Қоян жүрек

с) Хат жазу

3. Мақал-мәтелді тап

а) Бала шаба жөнелді

в) Білімді бол

с) Ақылды бала - арлы бала

4. Антонимді ажырат

а) Қызыл - ақ

в) Ақ - қара

с) Қызыл - көк

5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді тап

а) Ел үмітін ер ақтар

в) Көк алманы алма

с) Қарақұс - жыртқыш қүс

6. Жалығу сөзінің синонимін тап

а) Зерігу, құмар болу

в) Еріну, көшіру

с) Зерігу, іш пысу

7. Эвфемизм сөзін тап

а) Бикеш - ау

в) Мылжың

с) Қоспай айт

8. Жаңа сөзді тап

а) Несие

в) Ақсақ

с) Сауыт

9. Көнерген сөзді тап

а) Саяжай

в) Найза

с) Сәулет

10. Табу сөзді тап

а) Шырайлым

в) Бауырмал

с) Қайратты













Үйге тапсырма

1. "Ақылды қария - ағып жатқан дария" тақырыбына мәтін құрау.

2. Талдау жұмыстары











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал