7


  • Учителю
  • Сынып сағатының жоспары, тақырыбы Берік отбасы - құзырлы мемлекеттің жетістік көзі 10-сынып

Сынып сағатының жоспары, тақырыбы Берік отбасы - құзырлы мемлекеттің жетістік көзі 10-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қазақ мектеп-гимназиясы

















Сынып сағаты

























Дайындаған:

10 А сынып жетекшісі

Байтенова Г.Ж.





















Петропавл, 2016 ж.





Тақырыбы: Берік отбасы - құзырлы мемлекеттің жетістік кезі

Мақсаты: 1. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.

2. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

3. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу. Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер, слайд. Түрі: Ата- ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.

Нақыл сөздер:

  1. «Анаң- асыл қазынаң, әкең- асқар тау».

  2. «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».

  3. «Бала- біздің болашағымыз»

  4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».

  5. «Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».

  6. «Балаға сіңірген ата- ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат.

Ғабиден Мұстафин

Барысы:

Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Біз бүгін саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қайда саяхатқа баруымыз мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырып осы мемлекет жөнінде болмақ. Бұл мемлекет қандай болуы керек? (Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі)

Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі- ата- бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Біздің сынып сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет - жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.

Оқушыларға актуальдық сұрақтар:

  1. Үй дегенді қалай түсінесің?

  2. Үйдің жылу, ата - ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?

  3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Балаға теріс әсер етеді:

  • Жанұядағы жанжал

  • Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы

  • Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі

  • Басқалардың сыртынан өсек айту

  • Арақ ішу

  • Темекі тарту

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.





Қорытындылау бөлімі: «Берік отбасы - менің отбасым» тақырыбында эссе жазу.

  1. Егер баланы сынып отырса, оқуға құлқы болмайды.

  2. Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады.

  3. Балаға сенім артса, ол батыл болады.

  4. Бала төзімділікте өссе, адал болады.

  5. Бала қауіпсіз жағдайда өссе ол адамға сеніммен қарайды.

  6. Бала кекшілдікте өссе, ол қатізгез болады.

  7. Бала адалдықта өссе, әділ болады.

Мақал- мәтел орталығы:

  1. Әке, ана туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіздер.

  2. Мақалды жалғастыр. Адамның бауыр еті - …

  3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Ата- ананың ақылы- қазулы қара жолмен тең»

Қорытынды сұрақ:

  • Бала көкірегі ояу, жан- жақты дамыған Адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?

Мұғалім: - Құрметті оқушылар! Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін! Қыздар құлпыра берсін, ұлдар ата-аналардың ізгі армандарын орындай берсін. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана - шаңырақтың тірегі. Ендеше осы тірегіміз берік болса берік отбасы қаланады және берік отбасы мемлекетіміздің жетістігі деген тілекпен сынып сағатын аяқтаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал