- Учителю
- Оқушы өміріндегі отбасы тәрбиесінің рөлі Сынып жетекшіге көмекші құрал
Оқушы өміріндегі отбасы тәрбиесінің рөлі Сынып жетекшіге көмекші құрал
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ»ММ
СЫНЫП ЖЕТЕКШІГЕ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Оқушы өміріндегі отбасы тәрбиесінің ролі
(Орта буынға арналаған)
Құрастырғандар: Шауенова Э.С.
Муртазина А.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Көмекші құрал: Жалпы білім беретін мектептердегі орта буын сынып жетекшілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Алғы сөз
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін басшылыққа ала отырып, жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздарына көмек ретінде ұсынып отырған көмекші құралымыздың мазмұны өте зор. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуді іске асырушылар - мектеп пен отбасы. Бұл көмекші құралымыз арқылы сынып жетекші ата-аналарға отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын таныта алады. Ұстаз ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал ете алады. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.
Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн.
Бұл көмекші құралда сынып жетекшілерге отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы жайлы ата-аналар жиналыстарына арналған баяндамалар мен тәрбие сағаттарының жоспарлары ұсынылып отыр.
Кіріспе
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әр түрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасынан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді ескерген артық болмайды.
- баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет;
- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;
- баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкершілікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ еш уақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
-бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше, өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн;
- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз;
- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;
-ата - ана баланы қиындықтардың құрсауында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн.
Отбасы қарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке.
Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады.
Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие - алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі анықталған.
Олардың 1 - қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту;
• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
• Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
2-қызметі: Ата-аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру ;
• Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;
• Тренингтер;
• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.
3 - қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
Оның формалары:
• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);
• Оқырмандар конференциясы;
• Отбасылық ойын байқаулары;
• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.
4 - қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
• Тәрбие саласында байланысты психологиялық - педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;
• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5 - қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.
Ата-аналар университеті.
Ережесі:
• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға көмектесі, оқушылардың жеке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу
• Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету
• Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу
• мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету
• мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу
• Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу
• Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру
• материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету
• бақылаушылық қызмет
• бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру
Жас ата-аналар мектебі
Ережесі:
• Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету
• оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
• адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау
• әдеп - ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.
• ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру.
• тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу.
• халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі.
• бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психологтан, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу.
• отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау
• отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар
• ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру
Ақсақалдар кеңесі
Ережесі:
• аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу
• жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру
• өз елінің патриотын тәрбиелеу
• ата-тегін білуге үйрету
• ата-баба дәстүрін жалғастыру
• оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу
• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету
• мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді тығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.
Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:
Отбасы - адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игеру. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.
Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Ата-аналар жиналысына арналған баяндамалар
Баяндама № 1
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы»деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір елеусіз кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңызы үлкен болған. Себебі бүгін еленбейтін болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас.
Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе. Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық. Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Оларға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдары таңдалынып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата - аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі: сендіру, жазалау, кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Ал ата - аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда мына жағдайларды ескерген жөн.
1. Әрбір ата - ана өз баласының болмысын жете тани білуі қажет.
2. Ата - аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
3. Ата - аналардың тәрбиелік істерінің бірлігі, іс - әрекеттер әдістерінің басымдығы болуы.
4. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті, тәрбиелік ықпалдардың қыр - сырларын үйренуі, тұрмыстық қажеттілікке айналдыру.
5. Отбасылық тәрбие ережелері.
Отбасындағы жалпы қарым - қатынас, үйдегілердің бір - біріне деген сый құрметі немесе басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки болмаса, жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата - аналардың ажырасып кетуі, ортада қалған балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан анасыз немесе әкесіз тәрбиеленген балалар жасық немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата - анасы ішімдікке салынып, бір - бірімен жанжалдасып, адамның көңіліне дақ түсіретіндей сөздермен бір - бірін балағаттау, осындай кикілжің отбасындағы ұрыстардың кесірінен өз балаларын да ұрып - соғу немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың психологиясына кері әсер етеді. Кейде осы үйдегі ұрыс - керістің салдарынан көрші - қолаңдармен де керілдесіп қалу, сөйтіп олармен де жанжалдасып, айқай - шу көтеруі, сол өздері тұрған жердегі адамдардың да тыныштығын алуы, ол үйге деген өзгелердің де пікірін өзгертіп, балаларын оларды балаларынан аулақ ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың мінезіне әсер етіп, бала тұйық, жасқаншақ болып өседі және осы жағдай балаға теріс әсер етеді. Өсіп келе жатқан бала мұны тез және өзіне жақын қабылдайды. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата - ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс - әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мысал ретінде алатын болсақ, ата - ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен іздейміз?
Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата - ананың бір - бірімен болған қарым - қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан.. Ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Ата - ананың бала өсірудегі басты мақсаты - қоғамдық өмірге көпшілікпен қатар «түзу кірпіш» қалау. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны «ана» деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - таптырмайтын өмір мектебі десе де болады.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Осы айтылған халық даналығына келсек, бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келіп өседі. Баланың бұл іс - әрекетіне кейбір ата - ананың «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрсып жіберетіні бар. Бұл - қате түсінік.
Дана халқымыз: «Адамның бақыты - еңбекте» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады. Ата - аналар балаларын жастайынан - ақ еңбек етуге, қандай қиыншылықтар болса да төзіп, оны жеңуге үйретіп келген. Олар бірер жұмыс істегенде перзенттерін жанына алып, олар ығыр болып кетпейтіндей дәрежеде жайлап түсіндіріп, үйретіп отырса, балалар жұмысты тындырымды істеуге қалыптасады. «Әкенің кәсібі, ананың рәсімі» деген қағиданы ұмытпауымыз керек екен. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз.
Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажет және олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды.
Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құраушы жеке адамдардың мінез - құлық жағынан пісіп - жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір күресін тудырып келген. Жалпы шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, бағалысы - адам, ал оның бақыты - бала» деп білген.
«Адам бақыты - бала» деген ғұлама ойшылдарының пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ құдайдан бала сұрағанда
«О, құдай, бала бер,
Бала берсең - сана бер!
Санасыз болса,
Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені - тарихи шындық.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата - ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл халық ашық та айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Осы ойды ертеден келе жатқан «Ата - бәйтерек, бала - жапырақ» деген бейнелі мақал да растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды көп балалы болумен де ұштастырады халық.
Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез - құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми - педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу - ғылым жайлы болса, әке - шешесінің сөзі де сол болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине егер ата - анасы соған оны тарта білсе.
Қазақ халқы, әсіресе, өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді» деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады.
Бұзақылықтың басы - баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әр түрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы.
Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы - баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс - әрекеті ата - анасына таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен шығармаған жөн. Баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді.
Ендеше бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек » деп атап, мән бермей қалдыра салатын еш нәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз да жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалауымыз қажат.
Баяндама № 2
Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.
Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да, оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.
Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды ?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе-көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін - өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу.
Демек, мұғалім мен тәрбиеші қауымының қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретіні де содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн. Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе, К.Маркс «Өзіңді өзің тану-даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы, баланың жан азығына зәру екеніне еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене ?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн.
Баяндама № 3
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана - үйдің берекесі,
Бала үйдің - мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» - деген қағиданы берік
ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам» деген атаққа лайық етіп
өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет - ғұрпында
жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің
де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы.
Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап
өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке танытады. Ана - бала
тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің,
ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы
барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» - деген ғұламалық ойды
тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы
айтады.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің, үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» - дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмірді аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді.
Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасы барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үймендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым
Баяндама № 4
Салт - дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый - құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт - дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр - өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.
Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар - баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін - жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық - практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат - болмысын шыңдайды.»
Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той - думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші - қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.» Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу - халқымызда бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер - алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл - халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол заттардың әрқайсының, мысалы, ел қорғайтын батыр болсын деген сияқты тілек - жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.»
Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата - бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді.
Тұсау кесу - сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл - біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.»
Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ жол тілейді:
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы - тағы баса ғой
Тақымыңды жаз балам
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Үлкендер мен балалардың қатысуымен болатын салт-дәстүрлердің мағынасы терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді адам болуы тиіс. Бала аяғынан тұрып, есін білгеннен кейін әке-шешесі, туған-туыстары «сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған тартып ширақ болдың, ол білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көрсетеді. Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Баланы бағып-қағып, тәрбиелеу, өсіру - ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.
Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс.
«Қазақ халқының этнопедагогикасы» курсының бағдарламасында «Халқым қандай десең, салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті мен әдет-ғұрыптарының туатындығы»
Бала келешегі
Ұстаздың, тәрбиенің әрбір игілікті ісі баланың жан әлеміне, рухани қалыптасуына бағытталады. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақыттарда әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, баланың танымдық қызығушылығын дамытатын әдістерді пайдалануға болады. Этнопедагогика негізінде балалардың танымдық белсенділіктерге арттыру мақсатында тәрбие сағаттарын ұйымдастыру - оқушының шығармашылығын дамытудың бір әдісі. «Бесікке салу» мен «Тұсау кесу» үлгісін тәрбие сағаты барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар оқушы есінде ұзақ сақталады. Оқушылар алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің жанында кимешек киген әже, - жанды көрініс үлгісі. Әже нәрестені бесікке салмас бұрын оқушыларға бесікті не үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді. Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, тербетеді.
Бесік - киелі, әр баланың ата-анасы қастерлейтін атадан балаға келе жатқан отбасының алтын қазынасы. Әженің маңына жиналған оқушылар көріністі көзбен көріп, өзінше танымдық, тағлымдық ой, көзқарасын қалыптастыра алады. Сабақты ұйымдастырушы мұғалім немесе тәрбиеші оқушыларға бағыт беріп, салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз, ертегілермен түсіндіреді.
Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті - өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы озық азамат - отбасының тәрбиесін көріп өз елінің патриоты болып қоғамның жеке тұлғасына айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Баяндама № 5
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып
келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық
нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат
болып өсуінің негізі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір
бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Оған дәлел:
балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық
қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас
натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркемдік
шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты
қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін
санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын
еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын
талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын
ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі
мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы
отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі
ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары
болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік , тұрмыстық өмір.
Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің
ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да
отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі
жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі
ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі
төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты
жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі
ата-аналардың қарым - қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға
отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол
отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық , тойынғандық жағдайға алып
барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге,өмірдегі материалдық және
рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,"қызықты"әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының "уақталу"процесі жүруде.
Ол дегеніміз - жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар.
Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады.
Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны
бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен, жас отбасында алғашқы кезде
тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен,
оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы
дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана
тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте
күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі
мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп
жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының
қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың "өзі үшін
өмір сүруге"ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы
- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық
проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады.
Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздық салдары.
Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені
кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс -
жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық
қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға
қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас
сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық
қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың
қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың
педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның
бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің
қалыптасқандығын аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді.
Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа
жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының
мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату
пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет
көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен
біріккен коммерциялық қызмет - әрекетке қатысып, оны бақылау,
оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын
қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы
мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа
әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие
беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық
әкеледі.
Жиналыстының тақырыбы: «Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері»
Міндеті:
1. Ата-аналарды бала психикасының дамуына кері әсер ететін тәрбие түрлерімен таныстыру;
2. Ата-аналардың өз отбасындағы берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы ойландыру.
3. Ата-аналардың өздерін сыртынан байқай алуларын дамыту.
В.А.Сухомлинский: «Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз»
«Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»
Мақсаты: ата-аналарды бала тұлғасының қалыптасуындағы психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша мәліметтендіру.
Міндеті:
1. Ата-аналарды бала психикасының дамуына кері әсер ететін тәрбие түрлерімен таныстыру;
2. Ата-аналардың өз отбасындағы берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы ойландыру.
3. Ата-аналардың өздерін сыртынан байқай алуларын дамыту.
Бала - ол мәңгілік жол. Адамзат тұқымының құтқарылуы дәл
балаға байланысты. Неліктен?
Себебі бала келешекте өмір сүру қажет.
Бала жаны - сарқылмас мол қазына.
Сіз өз балаңызды болашақта қалай көресіз? (мінез-құлықтың
қандай ерекшеліктерді меңгеруі керек? Сіз қандай сапаларды қалайсыз?). (Желімқағазының көмегімен ата-аналар жүректерді үлкен ыдысқа салады).
- мейірімді, ақылды, күшті, әділ, салауатты, қамқоршыл.....
- байқап қараңыздаршы, бала жаны қандай әдемі, ашық!
- Біздің үлкен ыдысымыз сынып, жарылып қалмай, одан әрі қарай дамыту үшін сіздің балаңыз өмір сүретін отбасыңызда бала өзін тұлға ретінде сезіне алатын, өзінің маңыздылығын растай алатын орны болу керек. Отбасы алғашқы сүйіспеншілік, түсінушілік, сенім сабақтарын қалыптастырады.
Отбасы мәселесі барлық уақытта да адамзатты толғандырған. Әрбір отбасы өз баласын қалай тәрбиелеуді өзі шешеді. Бұл мәселе бойынша бірыңғай ой жоқ. Әрбір ересек адам бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Балалық шақ - педагогикалық әсер етулерге бағынатын кезең. Балалық шақта тұлға гармониясының бағыттары, негіздері қалыптасады.
Ата-аналар үшін міндеттердің бірі олардың бала тәрбиесі бойынша міндеттері. Дәл осы ата-аналарға баланың болашақта қандай болатыны тәуелді; мейірімді немесе жауыз, бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында осы айтылған қасиеттер қалыптасады, бұл қасиеттер балаға өмір бойы Тұлға болуына ықпал етеді
- Сіздер ата-аналар балаға махаббат, жылулық, қолдау, түсінушілік, қамқорлық, мақтау, мейірім мен күлкі сыйлай аласыздар.
Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек? Теріс тәрбиені дұрыс тәрбиеден қалай ажырату керек? Біз тәрбиелейміз, балаға пайдалы іс жасаймыз. Дегенмен .............
Бала тәрбиесінде біз сіздермен жиі қолданатын тәрбие стильдерін еске түсіріп өтейін:
1. Авторитарлық
2. Демократиялық.
3. Бетімен кетушілік.
4. Қамқоршылық.
5. Хаотикалық. Тәрбие стилінен басқа да тәрбие типтері мол, осы жерде мен бала психикасына кері жағымсыз әсер ететін типтерге тоқталғым келеді: Бас тартуға қажет тәрбие типтері: 1. « Отбасы кумирі»; 2. «Гиперопека», 3. «Гипоопёка» 4) «Ежовые рукавицы», 5) «Адамгершілік жауаптылықтың мөлшерден тыс болуы», 6) «В культе болезни.».
1. «Отбасы кумирі».
Ø Баланы сүйеміз.
Ø Баланың кез-келген тілегі - заң.
Ø Балаға таң қалады, әрбір минут сайын бала бойынан талант көреді.
Ø Барлық міндеттерден босатылған.
2. «Гиперопека».
Ø Бала өз ойын білдіре алмайды, ересектердің кеңесіне құлақ асады.
Ø Ата-аналар балалардың әрбір қадамын айтып отырады және барлық жерде бақылау жасайды.
Ø Баланың төбесін көкке шығарып, вундеркинд дайындайды.
Ø Бала шектен тыс жұмыс басты, ата-аналарының үмітін ақтағысы келеді.
Ø Еркінсіз өседі, қарым-қатынас жасауда қиыншылықтар пайда болады.
3. «Гипоопека».
Ø Бала өз бетімен.
Ø Өзін керексіз, артық сезінеді.
Ø Уақыт өте келе баланың бар екенін естеріне түсіріп, көңіл аудара бастайды.
Ø Өзі туралы өз ойлауға мәжбүр болады, қызғаншақ болады.
4. «Ежовые рукавицы».
Ø Балаға бұйрықпен сөйлейді.
Ø тек қана бағынушылық болады
Ø Бала мейірімділік пен жылулықты білмейді.
Ø Эмоциональды тұрғыда ашушаң, қарсы шығады.
5. «Адамгершілік жауаптылық жоғары»
Ø Баланың мойнына көп жүк артылады, оның жасына сай келмейтін.
Ø Балаға отбасындағы кіші балалар мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету тапсырылады.
- Сіздер ойланып көріңіздер, осы тәрбие әдістерінің қайсысын іздеп қолданасыздар? Ойланып тез уақыт ішінде баламен қарым-қатынас жасау стиліңізге түзетулер енгізуге тырысыңыз. Қазір бала ылғалдылық пен жылуды қажет ететін кішкентай ғана тұқым болса, ертең ол Сізге оларды құртатын құрттары бар жемістер әкелуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Балаңыз сізден нені қалайды?
Ø Орындалмайтын уәде бермеңіздер.
Ø Ол үшін оған дос таңдамаңыздар.
Ø Нотация оқымаңыздар.
Ø Көп ұрыспаңыздар.
Ø Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді қалаймын!
Осы бала жаны өмір сүретін ересектер ортасы қандай болу керек?
Осы кезде Л.Н.Толстойдың « Ата-аналардың басты қателігі - олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығына» деген қанатты сөздері еске түседі.
- Дегенмен біз барлығымыз қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында бізге жақсы болу үшін кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер бар.
- Сондықтан өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.
Қорыта келгенде, «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». « Адамның адамшылғы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік».
Сынып жетекшілерге ұсынылатын тәрбие сағаттар үлгісі
Тақырыбы : «Баланың бас ұстазы - ата-ана»
Түрі: тренинг
Мақсаты:Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен
жақын танысу.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы
туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту.
Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық
айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т.
б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен ата-аналардың назарын тренингке
аудару.
ІІ. Негізгі кезең.
Мұғалім түсіндірмесі:
Ата-анамен жаңаша жұмыс түрлері.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың өзара
қатынасы міндеттерінің ең негізгісі - психологиялық - педагогикалық
білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндетті шешу ата-аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер,
пікірталастар (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесінің
шешімдері т. б. шаралар арқылы жүзеге асады.
Ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына
бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін
тестілер мен психорефлексиялар жүргізіледі.
Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары
пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік -
танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.
Сонымен қатар, жаңа үлгіде өткізілген ата-аналар жиналысының да маңызы айтарлықтай. «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды.
Жүрісі:
І. Топқа бөліну. (3 топқа).
ІІ. «Ассоциация» жазу.
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
ІІІ. Педагогикалық ойын.
Мақтау мен ұрсу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).
ІҮ. Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен)
сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы!
Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай
қуанышты!)
Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).
ҮІ. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
-
Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
-
Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
-
Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
-
Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
-
Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
-
Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
-
Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
-
Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
-
Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).
ҮІІ. «Сіз қандай ата-анасыз?».
(өз - өздерін тест арқылы тексеру).
ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы.
(Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл,
шешендік сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)
ІІІ. Қорытынды.
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы
түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта
тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы
қажеттілігі артады.
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі »
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролің мәнін ұғындыру,
әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: ой қозғау, пікірталас
Сабақтың барысы:
-
Кіріспе бөлім
-
«Әке - шаңырақтың негізгі тірегі»
-
(әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)
-
Көрініс көрсету.
-
Ашық пікір тыңдау.
-
Сергіту сәті.
-
Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
-
Қызықты сұрақтар.
-
Қорытынды.
I. Кіріспе бөлім
Психолог: «Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей
отырып,
сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты дөңгелек
үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі
дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің
орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі,
қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы,
өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған
қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін
отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік
рөлі де зор. «Әке - асқар тау», «Әке - балаға сыншы» дейді
халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау
үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына
жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына
әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар - атадан
өте туады, бір бала бар - кері кете туады» деген тұжырымға, баланың
қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
II. Көрініс көрсету.
-
Көрініс.
Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса,
жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,
- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ
жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп,
әкесі:
- «Балам анау не? - деп сұрапты.
- «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол - түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен
шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз
рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі
жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек
бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме
барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай
жауап берер едіңіз?
Психолог: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке.
Әкенің бұл ролі бала - шағаның әкеге, анаға деген
сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан,
жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат
өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып,
тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың
ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол - жосығымызды
ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын
- туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі көріністі
тамашалайық.
2. Көрініс.
Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып
кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның
рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен
- өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ
күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір
түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай
бастайды.
1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай
болмақ?
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр
етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының
тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі
қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен
әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға
болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын
еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-
деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес
пе?
Келесі көріністі тамашалайық.
3. Көрініс.
Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере.
Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты
темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке -
шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? - деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш
астау жасап отырмын,- депті баласы.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата -
анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық
ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер
қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар
өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап
қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.
III. Ашық пікір тыңдау.
IV. Сергіту сәті.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды
шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан
тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай
ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды
шапалақтаңыз.
V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
Психолог: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.
-
«Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескерткенін қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды.
Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа
келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны
мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне
көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда
кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп.
Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге
тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды
ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да
«біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не
істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе
көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып
жататынын байқаймыз. Бала іс - әрекетіне теріс баға беруге қалай
қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге
келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.
Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
Мектеп психологі: «Көпір»тренингі
VI. Қызықты сұрақтар.
-
Балаңыздың туған күні?
-
Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
-
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
-
Балаңыздың парталас көршісі кім?
-
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
-
Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
-
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
-
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
-
Отырған әкелерге парақшалар тарату;
-
- өзі қандай әке?
-
- баласы қандай?
-
- әке баласы
VII. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын
жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа
аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
- Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны
неліктен?
- Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай
қорғаған?
- Осы мәтін бойынша Төле би бабамыз туралы қандай аңыз бар екенін
білеміз?
- Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп
санаған?
- Өте жақсы.
- Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Кім көп біледі?»
ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
« Отбасы» деп айтуға болады.
- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Отбасына кімдер жатады?
- «Отбасы» туралы қандай мақал -мәтелдер білесіңдер?
- Өте жақсы.
- Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».
IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс.
Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын
таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен
таныстырып өтейін. І - ші топ « Қамқоршы» тобы. Топ басшысы:
Төребаева Нұрай, ІІ - ші топ «Жәрдемші» тобы. Топ басшысы:
Тимрбекова Аружан. ІІІ - ші топ «Көмекші» тобы. Топ басшысы: Сартай
Қуаныш. Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз
топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру
керек.
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр , - деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы
тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның
шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды
орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас,
әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі
, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау,
айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге -
көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның
ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата -
анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын
көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 -
бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің
қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VI. Сергіту сәті.
- Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп
алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру
керек.
VIІ. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.
VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі
жақсы көреді және қамқор болады.
Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не
білдік?»
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағанын
тексерейік.
ІХ. Бағалау.
- Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды
бағалайды.
Х. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.
Сабақтың тақырыбы: «Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір көркі»
Мақсаты: а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І. Сан сұраққа саяхат ІІ. Өз өнерлерін көрсету ІІІ. Сыңарын тап а) ата-аналар үшін ә) балалар үшін IV. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» (ата - аналарға сөз беру) V. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі: - Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата - ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады. Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу. Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер? Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата - ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады. Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата - аналардың, оқушылардың ұлттық салт- дәстүрден нені білетінін көріп, бағалар отыруларыңызды сұраймын.
І тур. «Сан саяхат» Ата - аналарға:
1. Малдың 12 мүшесін атаңыз
2. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
3. Ұлттық ойындарды атаңыз?
4. Нанға байланысты тыйым білесізбе?
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба? (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев) Әдепті бала ата-анасын
ІІ. Өз өнерлерін ортаға салу
ІІІ. Сыңарын тап Ата -аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IV. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
2. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау
V. Сіздің пікіріңіз. Ата - аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата - аналарға не айтар едіңіз?
5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы » десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Сабақты қорыту: Сыйлықтар үлестіру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз. Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау. «Ақ сөйлеп адал күлетін бол. Шындықты жақтап жүретін бол, Сыйласудың сырын білетін бол.»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу,
мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, саналау.
Көрнекілік:Оқулық, көрініс, кластер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық.
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Қош келіпсіздер, ұстаздар!
Бүгін, балалар, біз сендермен «Шыншылдық адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз.
Сахналау «Түлкі мен ешкі» (ертегі)
Оқушылар осы ертегі жайлы көрініс көрсетеді.
- Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер?
- Ал ешкіге ше?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?
- Түлкінің әрекеті дұрыс па?
- Балалар, сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма?
- Өтірік адамға қандай зиян әкеледі?
- Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл бала қандай болады.
Тыныштық сәті:
- Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық.
- Тақтадағы сөйлемді оқыту. Өтірік өрге баспайды. Бұл бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі, халық даналығы.
- Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Өтірік айтып ұятқа қалғанша щындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау - адамдықтың белгісі болып табылады. Міне, сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткізеді. Елге сыйлы болады. Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді. Ол өзінің сыйын жоғалтады.
Кластер құрастыру: - Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді?
Қортындылау: - Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.
Жүректен жүрекке: Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын?» деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу) -Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен - жүрекке жеткізейік. -Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір - бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.
-Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ. Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық. -Келгендеріңізге рахмет! -Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: «Жеті атаны білу - парыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, жеті ата жолы туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, брошюралар, кітаптар.
Сабақтың барысы:
Ашылуы.
Мұғалім: - Бабалықтан тараған ұрпақ жеті атаға толды. Қазақтың жеті
атаны қолдауы -өте жақсы заң. Мұны қазіргі Неке заңына кіргізу
керек. Мұндай жазылмаған заң әлемде жоқ. Оңтүстік Кореяның
ғалымдары дүниежүзіндегі халықтардың қанының құрамын тексеріпті.
Сонда ең таза қазақтың қаны деп тауыпты. Жеті атаны ұстанады екен
деген. Осында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі
қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл-жеті
атаның қасиеті. Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр
халқы немересін алады. Өзбек немересін алады. Татар мен түрікмен де
немересін алады. Немере дегеніміз-туыс. Немерені алған соң адамның
қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді.
Ән орындалады:
2-оқушы:- «Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі-тәжірибе жолы, ол-ащы жол, екіншісі -ұқсау жолы, ол-ең жеңіл жол, үшіншісі-ойлау жолы, ең-таза жол», - дейді қытайлар. Бұл айтқандарымыздың бәрі ақылды адамға ой салады, ақылсыз адамға шыбын шаққандай болмайды. Алма ағашы жемісті көп салған сайын басы төмен иіле береді. Ақылды адам да солай. Тәрбиенің басы ұл мен қыздың теңін тауып, тегін зерттеп отау құруында. Бұл жерде ата-ананың, ағайын-туыстың атқарар ролі зор.
Ән орындалады:
3-оқушы:-«Үйінде бақытты адам -ең бақытты адам» дейді дана халық. Өзіңді қоршағандарды таластырмай, ұрыстырмай, нала қылмай жүргенде ғана жігітсің. Жігіттік те оңай емес. Жігіт деп онымен пікірлескенде өзіңді жігітше сезіне алатын адамды айтуға болады. «Ер жігіттің қадірін, жақын білмес жат білер» деген де мақал бар. Халқымызда бүкіл әулет ұлдан тарайтын болғандықтан, оған қаталдықпен қараған. Жігітті шешімді, парасатты, ойлы, тапқыр болуға баулып отырған. «Әкенің үлгісіздігі-балаға, баланың нашарлығы-әкеге сор» дейді. Тегіңнің нашарлығын ойласаң, арғы -бергі, туыс-нағашыларыңды қатар күйтте.
Күй орындалады:
4-оқушы:- Қазақты не үшін «Қарға тамырлы қазақ»
дейді екен дегенге жауап іздеп таба алмадық. Қазақ халқы өз
туыстарын атауды бірнеше салаға бөледі. Ата-баба туыстары, жеті ата
туыстары, өз жұрты туыстары, нағашы жұрты туыстары, қайын жұрты
туыстары жиен туыстары, бабалас туыстар, ұлы аталас туыстар, аталас
туыстар, ұлы әкелес туыстар, әкелес туыстар, бала, немере,
немерелес туыстар. Шөбере, шөберелес туыстар, шөпшек, шөпшек
туыстар, немене, немене туыстар, туажат туыстар, тумайжат туыстар,
жүрежат туыстар, жекжат туыстар болып бөлінеді. Бір атадан тараған
ұрпақ-үрім - бұтақ, одан әулет немесе зәузат, зүрият, тек, арыс.
Арыс - ру, тайпа болады.
Ән орындалады:
5-оқушы:-Қазақ - мұсылман елі. Қазақ елінде ең
алғашқы мұсылмандық жыл санауымыз бойынша 642 жылы басталды.
Қазақтың Тәңір діні ислам діні қазақтың салт-санасы негізінде,
бір-бірімен қабысып, жіктелмейтін дәрежеде үйлестіріледі.Қазақтың
ұлттық салт-санасын қайшылықсыз толықтырады. Қазақта Жеті ата заңы
тым ерте, тіпті қазақ қазақ болып жіктелместен бұрын бар нәрсе.
«Жеті ата» заңы -биологиялық ғылым. Мұны бұзуға болмайды.
Терме орындалады:
6-оқушы:- қазақ салт-санасында жігіттің үш жұрты
болады деп есептейді.Бір ата-бабадан тараған, қандас, тектес, әлі
жеті атаға толмаған, өзара қыз алысуға жетпеген өз туыстары - өз
жұрты болып аталады. Өзара бірін-бірі мақтайтын, өзара бірін-бірі
күндейтін, өзара салыстырғыш, теңдескіш, бықсық, бұлданғыш келеді.
Қалай десең де, бұл - өз жұртың.
Жігіттің қайын жұрты бар. Қолының ұзын - қысқалығына қарай міншіл,
күншіл, сыншыл келеді.Табашыл. Жігіт қайын жұртындағы әйелінен кіші
қыздар мен ұлдарға -балдыз, үлкендеріне қайнаға, қайын апа
дейді.
Жігіттің нағашы жұрты бар. Жақсы болсаң сүйінетін, жаман болсаң
күйінетін, жігітке ылғи тілектес болатын нағашы елі, Қамқорың.
Ән орындалады:
Сабақты қорытындылау.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Н.Николаева, Н.В. Наймушина. Отбасылық құндылықты құрметтейік. Сынып жетекші анықтамалығы. №4 2014ж.
-
Б.Темірғалиева. Ата салтым - асыл қазынам. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. №4 2014 ж.
-
А.Топтаубаева Өнегелі отбасы. Мектептегі мерекелер. №3 2014ж.
-
Н.Шанузадаұлы, Ж.Ерғалиева. Әдептілік қағидалары. Өнер,2000ж.
-
С.Қалиев. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы,Санат.2000ж.
-
Н.Нүсіпбаева, Р.Оразалина. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» . Тәрбие құралы. №6 2011ж.
7. bilimdiler, ustaz.kz. сайттары.
</