- Учителю
- Тәрбие сағаты Асыл анам мад
Тәрбие сағаты Асыл анам мад
Тақырыбы: Асыл анам
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту, үлкенді құрметтеуге , ананы сыйлауға , өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Құрметті ақ жаулықты әжелер мен аналар, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. «Асыл анам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Біз бастаймыз!
2-жүргізуші:
Наурыз мерекесі ! 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күні. Көктем секілді аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? Олай болса 8 - Наурызға арналған балаларыңыздың өлең, тақпақ, әндерімізді аналар сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Алдарыңызда тәрбие сағатымызды ашуға сыныбымыздың биші қыздарымызды «Көңіл ашар» биімен қарсы алыңыздар.
1 - оқушы: Ерсұлтан.
Уа, құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып,
Ару ана қолдасын!
Баса көктеп жайлауға
Бөтен көштер қонбасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
2 - оқушы: Гүлсезім.
Аялайсың, бағасың.
Шашыраған қазағым
Шоқтай болып жиналсын.
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын.
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім жақсылық жолдасын.
3 - оқушы: Жантөре.
Бақыт ашып қақпасын
Мәңгі-бақи жаппасын
Бәле-жала отбасын
Іздесе де таппасын
Мен үшін не керек-
Бәрін іздеп табасың
Айналайын, анашым,
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
2 - жүргізуші: Ән: «Ару ана»
4 - оқушы: Өміржан.
Жан ана, жарық күн жанарың,
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын.
5 - оқушы: Даниял.
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы
Жүрегі жұмсақ, көңілі
Күн шуақты саялы
Мейірі анам-күн нұры,
Шапағы мол шашылған
Сен - өмірдің бұлбұлы
Гүлің менмін ашылған
6 - оқушы: Ақнұр.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
1 - жүргізуші:
Ортамызға бишілерімізді жастар биімен қарсы алыңыздар.
7 - оқушы: Мөлдір.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген -бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.
8 - оқушы: Махамбет.
Әуен ғой, үзілмейтін ол саналы,
Әлемнің бейбітшілік аңсар әні
Жауыздық жер бетінен өшер еді,
Анадай адамдардың болса бәрі.
1 - жүргізуші:
Анамызға деген біздің көңіліміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын , дені сау болуын әрқашан тілейміз. Аналарымызға әнімізді арнаймыз.
2 - жүргізуші: Ән : «Әкешім-анашым»
9 - оқушы: Ізбасар.
Ер жеткізіп елге берген баласың
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қас -қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым.
Ана аппақ мейірден жаралған,
Бұл өмір анадан нәр алған,
Осынау тірлікке нәр берген,
Әз ана-ақ тілек, ақ арман.
10-оқушы: Нұролла
Өзің ең сырласым да, тірегім де,
Өмірдеі ыстық еді жүрегің де,
Анаңнан қайталанбас сый екенін-
Кеш білдім осынау қысқа бір өмірде.
1 - жүргізуші:
Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар. Сол сөздерден аналарымызға, әжелерімізге байланыстысын айту. Оны анасы мен кәмелет жасқа толып отырған қызының арасында болған оқиғадан тамашалайсыздар.
2 - жүргізуші:
Ия бұл оқиғадан өзімізге аларлықтай бір нәрсе болса тамашаласақ тамашалайық. Алдарыңызда сіздердің рұқсаттарыңызбен «Анаға қамқор болайық» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.
11 - оқушы: Ербол.
Ана өмір болашаққа сыйлайды екен,
Жатты да жамандыққа қимайды екен
Ананың құрсағына сыйған бала,
Даланың құшағына сыймайды екен.
12 - оқушы: Бихан.
Өмірде жүрсін деп біз күліп,
Күткен ол әр таңнан ізгілік
Сол ана егіліп жылаған
Түссе егер бір тірлік үзіліп
Көгінде күлімдеп, Күн шығып,
Қуанған көктесе бір шыбық
Ананың тілегі-келешек
Ананың тілегі- тіршілік.
1 - жүргізуші:
Ән сіздердің құрметтеріңізге «Анаға хат» қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Ортамызда сыныбымыздың мың бұралған бишілері үнді биімен. «Хатуба»
13 - оқушы: Айару.
О, анашым,
Таянышым, тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім!
Мені жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Туған жерім,
Жайнап тұрган даламың
Өзіңе деп гүлін үзіп алармын
Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,
Міне, гүлім!
Мен де гүлдей балаңмын.
1 - жүргізуші:
Құрметті аналар,ұстаздар,қазғалдақ қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - Наурыз аналар күніне дайындалған тәрбие сағатымыз аяқталды. Тәрбие сағатымызды «Анаға сый» әнімен аяқтайық.