7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)

Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Ақсу қаласының №3 арнаулы түзеу мектеп интернаты» ММ

ГУ «Специальная коррекционная школа-интернат № 3 г. Аксу

























Тәрбие сағаты «Кім болам?»



(5 «Б» қазақ сыныбы)



















Дайындаған және жүргізген:

Майра Оңалқанқызы Сағитова





























Ақсу қ. - 2016-17 оқу жылы



Тәрбие сағаты «Кім болам?»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: : Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру

Корекциялық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдау, тілін, өз

ойларын айту және сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, келешекте

қандай мамандық болса да, білімді болуға, еңбекті бағалай

білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, математика, сурет.

Көрнекіліктер: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, жұмбақ.

Алдын ала жұмыс: оқушылар мен тақпақ жаттау.



Тәрбие сағатының барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,

Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып.

Асу бермес болсаң дағы сен алып,

Меңгереміз, үйренеміз, сені анық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Кіріспе сөз.

Әкем менің - қауыншы,

Анам менің - сауыншы,

Ағам менің - егінші,

Жеңгем менің - тігінші.

/А.Сопыбаев/

  • Балалар бұл өлен жолдарында, не туралы айтылған?

  • Бұл өлен жолдарында мамандық туралы айтылған.

  • Өлеңде қандай мамандық атауларын естідіңіздер? /Қауыншы, сауыншы , егінші, тігінші/ дұрыс балалар, бугінгі біздің тәрбие сағатымыз «Кім болам?», өскенде қандай мамандық тандаймын деген тақырыпқа байланысты әңгіме қозғаймыз.

ІІІ. Негізгі бөлім. Мамандық туралы әңгіме.

Сұрақ: Балалар айтыңдаршы, маман дегеніміз не?

Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Жауап: Мамандық дегеніміз -адамның еңбек қызметінің түрі.

Сұрақ: Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

Жауап: 1. Еңбек - адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

Жауап: 2.Ал мамандық - еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

Жауап: 3. Мамандық - латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс.

Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

Тәрбиеші: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

- Ал сендердің ата-аналарын кім болып жұмыс істейді?

/оқушылардың жауабы/

  • Сендер кім болғыларың келеді?

  • Неліктен бұл мамандық саған ұнайды?

  • Нұржан - сурет салуды ұнатады, оны суретші деп айтуға бола ма? Неліктен.

  • Айдана -ән айтуды ұнатады, оны әнші деп айтуға болама? Неліктен.

  • Сіздің әкеңіз ауылда үй салып жатыр. Ол құрылысшы ма?



  • Балалар, енді тақтадағы суретке назар аударамыз!

- Бұл суретте қандай мамандық түрлері көрсетілген?

- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

- Бідзің мектепте қызмет істейтін адамдардың мамандықтарын айтып беріндерші?

IҮ. «Мамандықтың бәрі жақсы» ойыны.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер. /Дәрігер, Тігінші, Аспаз, Шаштараз, Дәрігер, Ақын/.

1.Жасқанат «Дәрігер».

Менің анам дәргер

Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді

Барлық бала, барлық адам

Оны жақсы көреді.

2 Айдана «Тігінші».

Түсті әдемі матадан

Түрлі киім жасаған.

Ең керекті халыққа

Маған үлгі осы адам.

3. Бектас «Аспаз».

Тоқтық бар арқауы

Ас-адамның арқауы.

Аспаз бола алмайды,

Адамдардың жалқауы.

4. Нұржан «Шаштараз».

Бас бітімін адамның

Сәндеп жөндей алар кім?

Мен шаштараз болармын,

Баппен шашты алармын.

5. Гүлжан «Дәрігер».

Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын

6. Дәурен «Ақын».

Ал мен ақын боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі

Ү. «Ойлан тап» ойыны.

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз, аспаз, мұғалім, дәрігер).

ҮІ. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

(шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

(Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

(Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

(Диқан)

ҮІІ. Ойын: «Ойлан, тап»

/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.



Аяқ киімді ...... жөндейді. /етікші/

Ұшақты ..... жүргізеді. /үшқыш/

Өлеңді .... жазады. /ақын/

Тамақты ....... дайындайды. /аспазшы/

Ауруды ....... емдейді. /дәргер/

Балаларды ....... оқытады. /мұғалім/

ҮІІІ. Ойын: «Сөз ұйқасын тап»

Мен сөйлемдер оқимын, сендер «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп жауап беріңдер.

Наубайшы нан пісіреді. Дұрыс па?

Құрлысшы сурет салады. Дұрыс па?

Мұғалім балаларды емдейді. Дұрыс па?

Кітапханашы ән салады. Дұрыс па?

Дәргер трақтор жүргізеді. Дұрыс па?

Тәрбиеші мал бағады. Дұрыс па?

Аспасшы сиыр сауады. Дұрыс па?

V. Қорытынды:

Сұрақ: Балалар, бүгінгі сабақтың қортындысында мұның бәрін не себепті айтып жатырмыз? Мамандық бізге не үшін қажет?

Жауап: Жұмыс істеп, еңбекету үшін.

Сұрақ: не үшін еңбек етеміз?

Жауап: өмір сүру үшін.

Сұрақ: өмір сүру үшін не қажет?

Жауап: қаражат қажет, оны табу үшін еңбек ету керек.

- Дұрыс айтасындар, сондықтан осы бастан сендерді «Өскенде мен кім болам?» деген сұрақ толғандыруы керек. Бүгін міне сендер біраз болса да мамандық туралы мағлұмат алдындар деп ойлаймын. Мамандықты таңдау кезінде өздеріңнің бейімділіктерің мен біліктіліктерінді білгендерің дұрыс. Әр бала осы бастан неге бейім екенін ажырата білгені жөн. Мамандықтармен неғұрлым ертерек танысып, өзінді ертерек зерттей бастасаң, соғұрлым мамандық таңдаған кезде аз қателік жасап, еңбек жолдарың жемісті болмақ.

- Біздің сыныпта өнерлі балалар да баршылық. Кейбір балалар, суретке бейім, кейбіреулері музыка қабілеттері бар. әнші, бейші болу ол да өнер, таланд. Ол да мамандық.

- Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.























Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)









Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)













Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)













Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)













Тәрбие сағаты «Кім болам?» (5 «Ә» сынып)

/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.



Аяқ киімді ...... жөндейді.







/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.

Ұшақты ..... жүргізеді.





/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.

Өлеңді .... жазады.









/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.

Тамақты ....... дайындайды.





/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.

Ауруды ....... емдейді.









/Тапсырма: жасырын сөздерін толық табу/.





Балаларды ....... оқытады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал