7


  • Учителю
  • «Конститутция кемел – келешектің негізі» (Мерекелік шара)

«Конститутция кемел – келешектің негізі» (Мерекелік шара)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Конститутция кемел - келешектің негізі» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер.Ата Заңымыздың негізгі сонау ықылым замандағы Есім ханның «Ескі жолынан» бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Әз тәукенің «Жеті жарғысымен» жалғасады. Сол заманда - ақ ортақ заңға бас иіп, ауыздары дуалы, сөздері уәлі билердің шешімімен келіскен елдің бүгіні мен болашағы бүкіл әлемді сүйсіндіріп отыр. Қазақ елі дүниені мойындатып қана қоймай, жасампаз жарқын қуатымен көш бастап келеді. Бұл Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры - Ата Заңымыздың жемісі.

2 - жүргізуші: Конституция 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баян етті.

Содан бері 30тамыз елімізде Конституция күні болып мерекеленіп келеді. Қазақстан мемлекетін қорғау бүкіл қазақ азаматының міндеті. Олар заңды сыйлап, құрметтеп жүруі тиіс.

1 - жүргізушісі:

Қастерлемес даңқын кім

Қадірлемес салтын кім

Әнұраны елімнің

Үні, тілі халқымның

(ҚР әнұраны орындалады)

2 - жүргізуші:

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым - Отанымның түлегісің.

Іргесін туған елдің тіреп тұрған,

Қадірін Ата заңның білемісің? - дей келе сөз кезегі мектеп директоры Сатимов Исатай Темешұлына беріледі.

1 - жүргізуші: Ата заңым,

Ата заңым - ардағым.

Аялаған адамзаттың арманын,

Жол бастайды

Болашаққа жасампаз.

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.

Алтын заңда - Парасатым, пайымым,

Алтын заңда - күш қуатым, жалыным,

Сен қорғайсың,

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Ән__________________________________________________________________________________________________________________________________

2 - жүргізуші:

Ешкімде мін таға алмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де.

Би__________________________________________________________________________________________________________________________________

1 - жүргізушісі:

Шалдықпадым талмадым

Арманды алға жалғадым

Конституция қорғаным

Атасы ол бар заңның

2 - жүргізушісі:

Ғұрпымыз бар ел сенген

Дәстүрлері -ең ізгі

Әділдікпен өлшенген

Заңымыз бар негізгі

Ән__________________________________________________________________________________________________________________________________

1 - жүргізушісі:

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

2 - жүргізушісі:

Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын,

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің - Ата Заң» деп мақтанатын

Ән__________________________________________________________________________________________________________________________________

1 - жүргізушісі:

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан - саласын реттейтін,

Әрбір заң Ата заңнан туындаған.



2 - жүргізушісі:

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Конститутция кемел - келешектің негізі» атты мерекелік шарамызды жабық деп жариялаймыз.

Келесі кездескенше аман - сау болайық!









































































































































































































</<br>


Тақырыбы: «Ата заңым - ардағым»

Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Отанын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер, жүрекшелер, отан туралы, заң туралы мақал - мәтелдер буклеті.



Тәрбиеші: Оқушылар мына өлең жолдарын мұқият тыңдап отырыңдар.

«Ата заң»



Конституция 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баян етті.

Содан бері 30тамыз елімізде Конституция күні болып мерекеленіп келеді. Қазақстан мемлекетін қорғау бүкіл қазақ азаматының міндеті. Олар заңды сыйлап, құрметтеп жүруі тиіс.



Кәусәр:

Кеңес:



Ұлжан:



Қазақстан Мемлекетінің рәміздерімен таныстыру:



Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны



Әнұран

сөзі: Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов

әні: Ш. Қалдаяқов



Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, менің!

Туған жерім менің - Қазақстаным!



Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!



Қайырмасы:





































































Тақырыбы: Ата Заңым ардағым

Тәрбиеші: Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Конституция, Ата Заң

-30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға 15 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.

Ата Заңымыз туралы, қазір Дильназ, Жібек, Ислам, Алуа , Әйгерім, тақпақтарын арнасын



Әйгерім: Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле -жаладан

Ата Заң бұл ардақты

Ислам: Алтын заңым қорғайды

Бар адамның теңдігін

Әділетті қолдайды

Арқа тұтып, ел бүгін

Жүрг: Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы -президент.

- Президентіміз кім, ел басқарып отырған?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы деп аталады.

- Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 -дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт -дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату -тәтті өмір сүріп жатырмыз.

- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?



Жәнібек: Отанды біз атамекен

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені, онда бәрімізде

Туып -өмір сүреміз

Алан: Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

Қуанғанын күлгенін

Ақерке: Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен көркем, неткен сұлу

Осы менің туған өлкем!

Анель: Отан туған еліміз

Отан туған жеріміз

Тек қана, осы Отанға

Арналады әніміз

Ән: «Туған жер»

Би: «Қазақ биі»

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?



- Әнұран, елтаңба, туымыз бар.

- Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.

- Ендеше, балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік.

Бекзат: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Мирас: Көк аспанда жас қыран

Көк аспанда қызыл қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан

Аңсар: Отан -деген атамекен

Отан -деген туған жер

Отан ана, Отан пана

Қазақстан туған ел!



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.

Біз жас ұлан Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы ертеңі

Еліміздің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені -еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!

- Ендеше, қонақтарға, бір -бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.

Бекзат: Аспанымыз ашық болсын!

Жәнібек: Жеріміз гүлге толсын!

Дильназ: Елбасымыз аман болсын!

Алан: Заманымыз тыныш болсын!

Ислам: Балабақша гүлдене берсін!

Аңсар: Біз сіздерге сәттілік тілейміз!

- Өте жақсы тілектер екен, балалар! Ән: «Біз бақытты баламыз»

















Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым - Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол-дағы Ата Заңға байланысты!





Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей өсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

!

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң - Азат елдің Ар-намысы!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал